Жетікөл ауылдық округі әкімі Ж.Қожахметовтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:42

Ауылдық округ бойынша 133 отбасында 715 халық тұрады (о.і экономикалық белсенді халық саны 317 адам). 6 тыл ардагері, 79 зейнеткер, 21 мүгедек, 16 «Алтын алқа» және 9 «Күміс алқа» иелері бар.

Өткен  жылы  жеке және заңды тұлғалардан  барлығы  10 өтініш  келіп түсіп, заң талаптарына  сәйкес жауаптар берілді. Ауылдық округі  әкімі  аппаратында  жыл басынан бері 16 шешім, 127 өкім шығарылды. 2019 жыл бойынша 37 нотариаттық іс жасалып, барлығы 7335 теңге баж алымы алынып, жергілікті бюджетке түсірілді.

2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 37 775 100 теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 20 083 теңге болып 131 пайызға, жер салығы 60 000 теңге болып 100 пайызға, көлік құралдары салығы 942 957 теңге болып 163 пайызға, жеке табыс салығы 82 445,02 теңге болып 133 пайызға және заңды тұлғалардың жер салығы 2213 теңге болып 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, 2019 жылы қолма - қол бақылау шотына барлығы  теңге 872 949, 27 тиын түсті (оның ішінде: 2018 жылдан қалған қалдық 150 700 теңге). Қолма-қол бақылау шотына түскен қаржы түрлі мақсаттарға заңға сәйкес жұмсалды.

Көктем, күз мезгілідеріне ауыл бойынша көркейту-көгалдандыру, тазалық айлықтары ұйымдастырылды. Ауылдың екі бөлігіне аяқ су беретін екі негізгі жаптар қазылып, тазаланды. Тағзым алаңы, орталық    алаң,  Қожан ата және Абай көшелерінің бойынан гүлзарлар жасалынып, гүл көшеттері егілді. 1300 дана қаламшалар және 100 дана жеміс көшеттері отырғызылды. Мекемелер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен көктем және күз айларында сенбіліктер өткізіліп, ауыл тазалығы сақталынды.

Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарында  1173 бас ірі қара, 790 бас уақ мал, 333 бас жылқы және 610 бас құс тіркелді. Қырым-конго қанды безгегіне қарсы  134  мал қора, мал тоғыту ваннасында 720 бас уақ мал,  950 бас ірі қара малдарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 36 бас қаңғыбас ит мысықтар жойылды.

Білім саласы: №174 орта мектебі 320 орындық типтік жобада салынған. 2019-2020  оқу жылында 1-11 сыныптарда  123  оқушы білім алуда.  1 мектеп алды даярлық тобы  және мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепте 33 мұғалім бар болса, оның  29 жоғары білімді, 4-і арнаулы орта білімді. Жоғары санатты-3,  І  біліктілік санатты – 7 мұғалім және  ІІ біліктілік санатты – 5 мұғалім бар. Педагог зерттеуші-2, педагог сарапшы-5, педагог модератор-3 мұғалім. Ал, мектеп жанындағы шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде. Шағын орталықта 4 тәрбиеші, 1 әдіскер, 2 техникалық қызметші жұмыс жасайды.

Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 49 оқушының мектепішілік комиссияның қорытындысымен 37-сі «Жалпыға бірдей міндетті оқу» қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы қордан әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының 20 баласына қыркүйек айында 61 800 теңгенің қыстық курткасы алып берілді. 

Денсаулық саласы: Жетікөл медициналық бекетінде бір медицина қызметкері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.  Ауруханаларға  жоспарлы -29, ал жедел түрде - 27 науқас жатып ем алды. Жыл басынан бері 9 бала дүниеге келді. Жалпы   қабылдауда болғаны - 1554, ауырып келгендер - 609 адам. Үйге шақыртып қаралған науқастар - 647,  флюраграфияға түскен  - 361.  79 бала манту сынағымен қамтылды. Қатерлі ісіктің  алдын алу мақсатында тексеруден 37 азаматша өткізілді.  Тұмауға қарсы 50 адамға екпе егілді. 20-29 жас аралығындағы 60 жастарға КПК  егілді.  Жүрек қан тамыры ауруларымен диспансерлік есепте тұратын науқастар -71,  9 ана мен бала қобдишасы берілді.  

Мәдениет саласы: Ауылдық клубта барлығы 9 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылы клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 56 мәдени шаралар өткізілді. Қамтылған көрермендер саны – 5902. Үйірме өнерпаздары  2019 жылы аудандық 28 байқауға қатысып, 2 бірінші, 2 екінші орын иемденді.

2019 жылдың ақылы қызмет көлемі 267,5 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдық кітапхананың кітап қоры – 15390 кітап. Оның ішінде қазақ тілінде – 10985 кітап.  Оқырмандар саны – 480, кітап берілімі – 9366, келушілер саны – 5862 адам. Оның ішінде бараларға кітап берілімі – 2862.  Жыл бойында 38 мәдени көпшілік шаралар өткізілді.

2019 жыл - «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курсын төрт жас маман оқыды. Ауылдық кітапхана жанынан жастарға COWORKING орталығы ашылды. Осы орталықта жастардың бос уақытында әлуметтік желіге қосылуына, түрлі музыкалық аспаптармен және спорт түрлерімен шұғылдануына жағдай жасалынды. Аудан жастарын «Ақтөбе» белгісі, «Асанас» және «Қожан қожа» баба жайлы тарихи мұралармен таныстыруға байланысты «Рухани жаңғыру, ұлттық өрлеудің ұлы көші» атты семинар-саяхат ұйымдастырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша Жұмыссыздар саны - 16 (5,0%), өзін – өзі өнімді жұмыспен қамтығандар - 33. Жұмыспен қамтылғандар - 52, әскер қатарындағылар 2, студенттер 27, зейнеткерлер 79, мүгедектер 21, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандар саны - 11. Тұрақты жұмысқа орналасқандар 13. Жастар практикасына 6 адам тартылды.

2019 жылы 23 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алатын 25 отбасына есептеліп, оның 24 отбасына тағайындалды. Жыл соңында отбасы табыстары қайта есептеліп, нәтижесімен қазіргі таңда 17 отбасы атаулы әлеуметтік көмек сомасын алуда.

2019 жылы кәсіпкерлер мен ауыл мекемелері ұжымдарының демеушілігімен 39 адамға, 340 мың теңгенің киім-кешегі мен азық–түлігі берілді.

Кәсіпкерлік саласы: Кәсіпкерлікті дамыту бағытында елді мекенде бірқатар жобалар іске асты. Жыл басынан  бастап жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны – 10. Жалпы тіркелген кәсіпкерлер саны-59, оның 54-і жұмыс жасап тұр. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлеік субьектілері барлығының -91,5% пайызын құрап тұр. Ашылған жұмыс орны – 15. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау курсын оқыған екі жас кәсіпкер және бір көпбалалы ана 505 мың теңгеден қайтарымсыз граттар алып, кәсіптерін бастады. Бастау бизнес курсын үш ауыл тұрғыны оқып сертификаттарын алды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал басын көбейту мақсатында өңірлік инвестициялық орталығынан  және ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан төрт кәсіпкер 11,5 млн.теңге алты пайызбен несие алды. Екі кәсіпкер «Сырдария-1» несие серіктестігінен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша төмен пайызбен 11,8 млн. теңге  несие алып жылқы және қой басын көбейтуді бастады.

Қоғамдық-саяси ахуал туралы. Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.

Ағымдағы жылға  және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

·        Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын арттыру

·        Кәсіпкерлерді қолдау, оларған төмен пайызбен несиелер алуына жағдай жасау.

·        Ауыз су жүйесін күрделі жөндеу жүргізуге ықпал жасау.

·        Аяқ судың елді мекенге, шабындықтарға берілуіне жұмыс жасау.

·        «Еңбек» бағдарламасына ауыл тұрғандарын қатыстыру, шағын несиелер мен грантар алуына, қайта даярлау курстарын оқытуды ұйымдастыру.

 

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 71

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты