Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисембаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:09

2020 жылдың 1 қаңтарына Тереңөзек кенті халқының саны 2391 отбасында 11278 адамды құрады. Оның ішінде, 5109 адам немесе  45,3 пайызы экономикалық тұрғыдан белсенді.

Әлеуметтік қамсыздандыру.

Есепті кезеңде 312 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 245 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесіне 118 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 13 азамат жолданды. 

280 отбасындағы 1 540 адамға 150,05 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмектер берілді.

Ұлы Отан соғысы, тыл, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге коммуналдық шығындарын өтеуге 8,5 млн. теңге көлемінде біржолғы көмектер көрсетілді.

Білім саласы.

2018-2019 оқу жылын кент бойынша 4 мектепті 75 оқушы бітірді. Олардың 63-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, бұл мектеп бітірушілердің 84 пайызын құрайды.

№36 мектеп-лицейден 2, №35 мектеп-лицейден 2, №131 орта мектептен 1, №210 орта мектептен 4 оқушы Алтын белгі иегері болса, №131 мектептен 1 оқушы Үздік аттестат иегері атанды. 54 түлек грант иегері болды. Пайыздық мөлшері – 87,5.

Қосымша білім беру ұйымдарынан әуез мектебі және оқушылар үйі жұмыс жасауда, олардағы үйірмелерге 775 оқушы тартылған.

Бүгінде кентте 5 мемлекеттік және 4 жеке балабақша жұмыс жасап, барлығы 580 бала тәрбиеленуде.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша есепті жылы 155 маманға 27,3 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленіп, 59 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 200,7 млн. теңге бюджеттік несие берілді.

Денсаулық сақтау саласы.

Кентте тұрғындар үшін қызмет көрсететін 135 төсек орындық аудандық орталық аурухана, 40 төсек орындық туберкулезге қарсы диспансерінің бөлімшесі және 105 төсек орындық күндізгі стационар бар.

Есепті жыл ішінде 3909 адам ем алып шығып, күндізгі стационарда барлығы 2280 науқас болған. Кент бойынша 79 дәрігер, 369 орта буын медицина қызметкері жұмыс жасауда.

Мәдениет саласы.

Кентте тұрғындарға 200 орындық кент мәдениет үйі және 120 орындық кент клубы мәдени қызмет көрсетеді. Атаулы мерекелер бекітілген жоспарға сәйкес атқарылды және барлығы 119 мәдени шара өткізіліп, 23995 көрермен қамтылды.

Есепті мерзімде кент мәдениет үйі мен кент клубы 1 млн. 21 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетіп, белгіленген жоспар 100 пайызға орындалды.

Спорт саласы.

Кенттегі спорт мектебінде 13 спорт түрінен 779 оқушы тәрбие алуда. Өткен жылы спортшылар 97 мәрте сырт жерге жарыстарға шыққан.

Кентте 3 спорт нысандары мен мектептердегі спорт залдары тұрақты жұмыс жасайды. Жалпы спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны жыл сайын артып келеді.

Салық түсімдері.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 102 пайызға, мүлік салығы 133 пайызға, жер салығы 110 пайызға, заңды тұлғаның көлік салығы  101 пайызға, жеке тұлғаның көлік салығы 109 пайызға, сыртқы жарнама 103 пайызға,  мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 108 пайызға орындалды.

Кәсіпкерлікті дамыту.

Тереңөзек кентінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 844 (о.і жұмыс жасап тұрғаны – 785 немесе 93.0%).

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 138 кәсіпкерлік субьектілері тіркелді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 16 жоба қайтарымсыз 252,5 мың теңгеден қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 25 жоба 59,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 11 жоба 47,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 2019 жылы 5 жоба «Іскер» бағдарламасымен 17,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша 4 жоба 187,1 млн. теңгеге жүзеге асырылып, 2019 жылғы жоспар толығымен орындалды. Олар: ЖК «Айша» 13,8 млн. теңгеге Кондитерлік цех құрылысы мен оның іске асырылуы жобасы, «Кумколь барлау сервис» ЖШС 166,3 млн. теңгеге Негізгі қорларын толықтыру, ЖК «Айтбаев И.» 7,0 млн. теңгеге Дүкен ғимаратын кеңейту жобасы, барлығы 187,1 млн. теңге.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қазіргі таңда Тереңөзек кентіндегі «Бақ-Нұр бөбек» балабақшасын реконструкциялап, жөндеу өткізу жобасы (жоба құны - 15.0 млн. теңге) бойынша «Евразия банкі» АҚ-ң Қызылорда қаласындағы филиалынан қажетті құжаттар тізімдемесі алынып, қазіргі уақытта балабақша басшылығы тарапынан (Абдуова А.) жобалық құжаттары (ПСД) әзірленіп, кепіл мүліктеріне бағалау жүргізу жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта несие комитетінің шешімі күтулуде.

2019 жылы «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша конкурсына 15 жоба ұсынылып, олардың 4-уі жеңімпаз атанып, толық 1,1 млн. теңгеге  қаржыландырылды.

«Бизнес Кеңесші» жобасымен 52 және «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 101 адам оқудан өтті.

Кәсіпкерлік саласы бойынша жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге 186 кеңестер берілді.

Кентішілік жолдарды жөндеу, жарықтандыру жұмыстары.

2019 жылы Қ.Бөдеев көшесіне жаяу жүргіншілерін жолын салуға аудандық бюджеттен 2 млн. 932 мың теңге қаржы бөлініп, жұмысы жасалып, халықтың игілігіне пайдалануға берілді.

Кентішілік 7 көше  (Жәрекеев тұйығы, Аманкелді Иманов-Айтек каналының бойы мен №35 мектеп арты, Желтоқсан, Б.Момышұлы, А.Тоқмағамбетов, К.Байсейтова көшелері) автожолдарын ағымдағы жөндеуге (тас төсеу) аудандық бюджет есебінен 14 млн. 976 мың теңгеге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды.

Аудандық бюджет есебінен 5 млн. 179 мың теңгеге көшелерді ағымдағы жөндеу (шұңқыр жұмыстары) жүргізілді.

Тереңөзек кентінің Н.Ергешбаев көшесіне 3 млн. 710 мың теңгеге және Қ.Қазантаев көшесінің аяқ жағына 3 млн. 406 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, кенттің 1 мамыр көшесіне аудандық бюджеттен 900,0 мың теңгеге көше жарығы жүргізіліп, көше тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.

Ауылшаруашылығы саласы.

Тереңөзек кентіндегі ірі шаруашылықтар «Қызылдихан», «Жарбол» шаруа қожалықтары 940 гектарға күріш егіп, әр гектарынан орташа 45,0 центнерден өнім алынды (жалпы өнім 64,0 мың цн.). Егілген 200 га  жоңышқадан 320 тонна өнім жиналды.

Тұрғындар мен жеке қожалықтар 64 га картоп, 48 га көкөніс, 32 га бақша дақылдарын орналастырып, қажетті өнімдерін алды.

Мал шаруашылығы.

Кент тұрғындарының жеке қожалығындағы мал мен құс есебі есепті кезеңге 2980 бас мүйізді ірі қара, 1146 бас қой, 683 бас ешкі, 1203 бас жылқы, 3 бас түйе, 695 құс болып отыр.

Ветеринариялық іс - шаралар  жоспарға  сәйкес  жүргізіліп, 12 түрлі індетке қарсы тегін егу жұмыстары атқарылды.

73 бас мүйізді ірі қара қолдан ұрықтандырылды. 1090 бас мүйізді ірі қара, 1098 бас уақ мал, 368 бас жылқы, 48 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді. Құтыру ауруының  алдын алу мақсатында 368 бас ит, 45 бас мысық жойылды.

«Конго Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруына байланысты Тереңөзек кенті бойынша (О.Мәлібаевта) күзгі залалсыздандыру жұмыстарының І кезеңі 12 қыркүйек және ІІ кезеңі 22 қыркүйек күндері жүргізілді. 652 бас мүйізді ірі қара, 483 бас уақ мал, 169  қора  залалсыздандырылды. 3615 бас уақ мал тоғытылады.

Қоғамдық тәртіп.

Кентте құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 19 бейнебақылау камералары жұмыс жасап тұр.

Түнгі мезгілдерде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін түнгі жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге кенттегі 35 көшеде барлығы 756 шам бар болса, 53 әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандарда түнгі жарықтандыру үшін прожекторлар орнатылған.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

- Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне билбордтарды қаптау және жарықтандыру;

- Кентішілік автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу (Жамбыл тұйығы №1, Жамбыл тұйығы №2, Тоғанас батыр, Құндызбаев, Жастар, Д.Қонаев, Қазақ қиыршық тас төсеу (О.Мәлібаев, Қ.Бөдеев, Ғ.Мұратбаев, Д.Қонаев, С.Жакеев, Қазақ , И.Тоқтыбаев көшелерінің шұңқыр жұмыстары)), Б.Өтепов көшесіндегі кентішілік жолдарды орташа жөндеу, А.Иманов және И. Тоқтыбаев көшесіндегі тротуарларды ағымдағы жөндеу;

- Ә.Оразбаев, Н. Бердіқұлов, К.Байсейітова, Қ.Асанов, О.Абдулпаттаев көшесін және тұйығын, Тереңөзек-Шаған автожолының бойындағы ("TS" ЖҚС-дан Сырдария өзенінің көпіріне дейін) көшелерін жарықтандыру;

- И.Тоқтыбаев көшесінің бойында ағаш қоршауын орнату;

- А.Иманов және Д.Қонаев көшесіндегі бордюрлерді ағымдағы жөндеу;

- Қоғамдық дәретханаларды ағымдағы жөндеу;

- Балалар ойын алаңдарын ағымдағы жөндеу;

- Тұрғын үй құрылысына арналған жаңа учаскелердің өртке қарсы белдеуін құру;

- Тереңөзек - А.Тоқмағамбетов автожолының бойындағы зиратты қоршау;

- «Тағзым» алаңын және «Парасат» алаңын ағымдағы жөндеу;

- Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан әлеуметтік дүкенді ағымдағы жөндеу;

- Б.Момышұлы көшесіндегі және Айтек каналы бойындағы қоқыс шұнқырларын көму;

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 42

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты