Сырдария ауданының 2019 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:25

2019 жылғы аудан  дамуының негізгі ба­ғыттары Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  атты Қазақстан халқына Жолдауларына, мемлекеттік және үкіметтік бағ­дарламаларға, Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес белгіленді.

Бюджет

Бюджеттің кіріс бөлігі

2019 жылы  мемлекеттік бюджетке 8 млрд.147 млн теңге түсім жоспарланып,   8 млрд.780 млн теңге түсті. Бұл есепті жылғы болжамға 107,8 %-ды құрайды немесе 632 млн. теңге жоспардан артық түсті. Аудандық бюджет бойынша болжам 100,9%-ға орындалды. Бұл ретте 2018 жылдың есепті кезеңімен  салыстырғанда түсім көлемі  476 млн. теңгеге ұлғайған.

Бюджеттің шығыс бөлігі

2019 жылдың 1 желтоқсанына  аудан бюджеті  11 млрд. 40 млн. теңгені құрады, бұл 2018  жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда 2 млрд. 694 млн теңгеге артық.

Құрылыс

2019 жылдың 1 желтоқсанына құрылыс жұмыстарының көлемі 29,7 млрд. теңгені құрап, 5,2 есеге ұлғайды.  Ал, қаржылан­дырудың барлық көздерінен 14,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымды дамыту

Соңғы жылдары жеке тұрғын үй секторында 337 жер учаскелері  инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді  Бүгінгі таңда Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданды (135 га)  электрмен жабдықтауға республикалық және облыстық бюджет есебінен 465 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Көлік

2019 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 712 млн. теңге қаржы бөлініп, 11,6 шақырым аудандық маңыздағы және елді мекендердің ішкі көшелері жөнделіп, 1 жаңа көше салынды. Оның ішінде «Қызылорда – Әуежай- Қоғалыкөл – Шіркейлі» жергілікті маңызы бар автомобиль жолы (12,5 шақырымның 6,250 шақырымы) мен Бесарық ауылына кіреберіс автожолын (5,8 шақырымның 2,9 шақырымы)  жөндеуді бастауға 601,7 млн.теңге   және жергілікті бюджеттен Тереңөзек кентіндегі Нағи Ілиясов көшесінен Қасым Бөдеев көшесіне дейінгі жол құрылысына 63,8 млн. теңге қаржы игеріліп, жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, 38,1 млн.теңге қаржыға Асқар Тоқмағанбетов елді мекеніндегі 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға 8,4 млн.теңге игеріліп, жұмыстар толық атқарылды.

Газдандыру

Ауданды көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталды. Жалпы құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Газ құбырлары желісінің құрылысын «Әлия-Сервис» серіктестігі жүргізуде.

Сумен қамтамасыз ету

 Бүгінгі таңда Жетікөл елді мекенінен басқа аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған көзден таза ауыз су ішіп отыр. Аудандық бюджет есебінен Бесарық және Жетікөл ауылдық округтерінің тұрғын үйлеріне дейінгі ауыз су жүйелерін жүргізуге  жоба-сметалық құжаттамаларын  дайындауға 10 млн.теңге қаржы бөлінді. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы

Агроөнеркәсіп кешенінде негізгі ба­сым­дық ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және оның экспортын ұлғайту, жоғары рентабельді және суды аз пай­даланатын ауыл шаруашылығы дақыл­дарының үлесін арттыру болып табылады.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  14.1 млрд.теңгені құрап, 5,1 %-ға ұлғайды.

Шаруашылық құрылымдары  «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 929,7 млн. теңгеге 27 дана, өз қаражатары есебінен 74,8 млн. теңгеге 10 дана  ауылшаруашылығы техникаларын  сатып алды. Соңғы жылдары (2016 - 2019 жж.) ауданның  ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 97,1%-ға өсті.

Егін шаруашылығы

2019 жылы ауданда 32597 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.  Оның ішінде, 22778 гектар дәнді дақылдар, 300 га майлы дақылдар, 8679 га мал азықтық дақылдар, 840 га бақша, көкөніс, картоп. Негізгі дақыл күріш алқабы  21050 га құрады.

Егілген күріштен 133755 тонна,  бидайдан 2061 тонна, сұлыдан 41 тонна, мақсарыдан 250 тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 6647 тонна картоп, 4343 тонна көкөніс, 9048 тонна бақша дақылдары жиналып, 16879 тонна шөп дайындалды.  2019 жылы егін шаруашылығы 955,8 миллион теңге  көлемінде субсидияланды. Сонымен қатар Ресей, Украина, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттеріне  20,3 мың тонна ақ күріш экспортталды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың 1 желтоқсанында ауданда 31690 бас  ірі қара мал, 27696 бас қой мен ешкі, 13672 бас жылқы, 1311 бас түйе және 11971 құс тіркелген.Ірі қара мал басы 2018 жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға, қой мен ешкі басы 4,7%-ға жылқы 6,1%-ға, түйе 7,1%-ға артты.

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісінің деңгейі сақталып,  сүт 0,8%-ға, жұмыртқа 1,9%-ға артық өндірілген. Мал өнімділігін арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында шет елден 544 бас асыл тұқымды сиыр және 2611 бас қой, «Игілік» бағдарламасымен 58 бас жылқы сатып алу қаржыландырылды. Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту аясында  «Шаған-жер» ЖШС-де  303 бас ірі қара бордақылануда.

Сондай-ақ, Иран мемлекетіне 217 бас қозы экспортталды.

Азық-түлік қауіпсіздігі

Аудан бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру, азық-түлік тауарлар бағаларының өсуін болдырмау жөніндегі  жұмыстар тұрақты жүргізілді. Бағаны негізсіз өсірмеу мақсатында 2019 жылы 82  сауда нүктелерімен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, өткен жылы аудан және облыс орталықтарында  4 рет жәрмеңке өткізіліп, базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен 65 млн. теңге көлемінде 545 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Ветеринария

2019 жылы эпизоотияға және энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларға 78,1 млн.теңге қаржы бөлініп, жоспарланған ветеринариялық - профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар 100 пайызға орындалды.

Жер ресурстары

2019 жылы жалпы көлемі  78963 гектарды құрайтын 429  жайылымдық жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 10 жер пайдаланушының иелігінде мал басы нормасынан аз қамтылғаны, 213 жер пайдаланушының иелігінде мал басы тіркелмегендігі анықталды.  Бүгінгі таңда 11  жер пайдаланушы мал басын тіркеп жер учсакесін пайдалануға кіріссе, 1 жер пайдаланушы мемлекет меншігіне жер телімін қайтарды. Ал, мал басы тіркелмеген жалпы көлемі 28 224,7 гектарды құрайтын 201 жер учаскелері  бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 10500 гектар жер учаскесін айналымға қосу жоспарланып, есепті мерзімде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 13544 гектар жер учаскесі айналымға қосылып, жоспар 128 пайызға орындалды.

Кәсіпкерлікті дамыту

Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат­тардың санын қысқартуға ықпал жасау, өңірдің жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту мақсатында 2018-2020 жылдар өңірде Жаппай кәсіп­керлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды.

2019 жылы ауданда  алғашқы басымдылықта жаппай кәсіпкерлікті дамыту жалғасты.

2019 жылдың 1 желтоқсанына кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары бойынша 808,5 млн.теңгенің 372 жобасы қаржыландырылып, 384 жұмыс орны құрылды.

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 359,0 млн.теңгенің 117 жобасы несилендірілді. Олардың  басым  бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті  техникаларды  алу  секілді  жобаларды  қамтиды.

Осы бағдарламаның екінші  бағыты аясында Стартап жаңа  бизнес  идеяларды  іске  асыру  мақсатында 200 адамға 86,8 млн.теңге  көлемінде мемлекеттік  грант берілді.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың басынан бері құны 262,0 млн. теңге құрайтын 105 жоба ұсынылып, құны 134,7 млн. теңгенің 37 жобасы қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті  қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілдендіру тетігі аясында құны 209,1 млн.теңгенің 7 жобасы екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландырылды.

Осы бағдарламаның грант бөлу тетігі бойынша құны 3,1 млн.теңгенің 10 жобасы грант ұтты.

Сырдария ауданы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының субсидиялау тетігі щеңберінде қаржы ұйымдарынан несие  алатын шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің  құны 154,8 млн. теңгені құрайтын 12 жобаның тізімі жасақталды Оның ішінде  «Аграрлық  несие  корпорациясы» АҚ-ы  арқылы  1 жоба қаржыландырылса, 2 жоба оң қорытынды  алды. 6 жобаның (81,0 млн.теңге) құжаттары екінші деңгейлі банктермен «Аграрлық несие  корпорациясы» АҚ-на өткізіліп, құжаттары  қаралу деңгейінде тұр. 3 жобаның (33,0 млн.теңге) құжаттары жинақталуда.

Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұ­мыстар нәтижесінде 2019 жылдың 1 желтоқсанына  ауданда тіркелген шағын және орта кә­сіп­керлік субъек­тілерінің саны  202 бірлікке ұлғайып, 2338 субъек­тіні, ал жұ­мыс жасайтын субъек­тілердің саны   286 бір­лікке ұлғайып, 2107 бірлікті құрады.

Осы ретте, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасайтындардың үлесі 2019 жылдың 11 айының қорытындысымен  90,1 пайызды құрап отыр.

2019 жылғы рейтинг нәтижесімен «Мағжан және К» ЖШС Республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаз атанды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Ауданның экономикалық белсенді халық саны 17459 адамды құрап отыр. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына хабарласқандар саны 2068 адам,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 1915, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандар 689 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады.

Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қайта даярлау курстарына 2019 жылы «Визажист», «Маникюр», «Шаштараз», «Тігінші», «Кондитер», «Көгілдір отын операторы» мамандықтары бойынша 113 адам жолданып,  68 адам курстарды аяқтады. Оқуды бітірген 68 адамның 33-і  бағдарламаның екінші бағыты бойынша грант алды, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 2019 жылдың  1 желтоқсанына  156 адамға  332,3 млн.теңге қаржы берілді. Оның ішінде 19 жастар несие алған.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыру» тетігіне 2019 жылдың 1 желтоқсанына 200 адам конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылды. Оның ішінде 117 жас кәсіпкер, 7 жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі азамат және 11 аз қамтамасыз етілген көп балалы ана грант иегерлері атанды.

 «Бастау бизнес» жобасы бойынша жыл басынан бері 218 адам оқып,  сертификаттарын алды.

Бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес 2019 жыл 1 желтоқсанына 44 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,  225 адам жастар тәжірибесіне,  540 адам қоғамдық жұмыс орындарына  жіберіліп, 124,3 млн. теңге игерілді.

Жыл басынан бос жұмыс орындарына 121 жұмыс берушілерден 278 сұраныстар келіп, 9 рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 416 жұмыссыз азамат қатысып, 266 адам және Электронды еңбек биржасы арқылы 55 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Аудан бойынша 2019 жылы 605 млн. теңге көлемінде 1134 отбасына ( 6516 адам) атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 175 адам тартылған. Атап айтқанда, 20 адам тұрақты жұмысқа, 153 адам қоғамдық жұмысқа, 9 адам жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді курсқа 1 адам жіберілді.

1999 жылдың 26 шілдесінде «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы» атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдауға, үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 60,1 млн.теңге және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсынуға 59,9 млн.теңге қаржы бөлінді

Жыл басынан бері аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органмен 5 рет «Ашық есік» күндері өткізіліп, әлеуметтік оңалту шараларын жүргізу мақсатында 10 рет спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.            

2015 жылы аудан орталығында ашылған «Әлеуметтік дүкен» бүгінгі күні 92 әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасындағы 423 адамды азық-түліктің 5 түрімен нарықтық бағадан 30 пайыз жеңілдікпен қамтамасыз етті. Биыл бұл жоба «Қазақстандағы үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысып, облыс бойынша жүлделі 3-орынды иеленді. Жалпы жыл басынан бері аз қамтылған 2347 отбасына 27,3 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал Айдарлы ауылының жастары аз қамтылған 1 отбасына тұрғын үй сатып алып берді. 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ТузкольМұнайГаз Операитинг» ЖШС «әлеуметтік  дүкенде» тіркеуде тұрған отбасыларына 5 тонна азық түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымдылық акциясын өткізді.

Білім саласы

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Ауданда 1 санаторлы, 16 мемлекеттік, 5 жеке балабақшаларда және 6  шағын орталықтарда 1953 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 жастағы балалардың қамтылуы 100%.

Жалпы орта білім

Аудан бойынша 17 мектептің 16-сы типтік, 1-уі ыңғайластырылған мектеп (№210 мектеп). Мектеп ғимараттарының жобалық қуаты 9754 оқушы орны. Аудан мектептерінде апатты жағдайда және  3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ. 17 мектептің 5-і инновациялық мектеп-лицейлер. Мектеп лицейлер жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды, 5 тірек мектептерге магниттік мектептер жүктелген.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша   республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін Сырдария ауданы командасы ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда -2019» дипломымен марапатталды. Ал, №36, №210, №37   мектептің оқушылары  республикалық пән олимпиадасынан жүлделі орындарды және  №210 мектептің «Жас жол инспекторлар» командасы Ресей мемлекетінде өткен ТМД елдері арасындағы сайыста 2 орынды иеленді.

Аудан бойынша 17 мектептің 16-да типтік асхана, 1-де ыңғайластырылған асхана бар. Мектеп асханаларында аз қамтылған отбасының 1441 баласына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып берілуде. Сондай-ақ, 90 оқушыны мектептен 3 шақырымнан астам қашықтықтан тасымалдау шаралары ұйымдастырылды.

Аудан мектептерін 2018-2019 оқу жылында  307 оқушы бітірді.  Олардың  204-і (66,4 пайыз) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді, 3 оқушы ҰБТ-ға қатыспады (1-і Ресей университетінің грантын алған, 2-і денсаулығына байланысты).  2019 жылғы  ҰБТ-дің қорытындысы орташа балл 88-ді құрады. Бұл былтырғы жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2,98 балға  жоғары.

2019  жылы 21 оқушы «Алтын белгі» және  18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.  45 оқушы 100 және 100-ден жоғары балл жинады. Аудан бойынша ең жоғары 139 балды №147 орта мектептің оқушысы, Үздік аттестат иегері  Өтеген Ақерке иеленді.

Аудан  бойынша  2018-2019 оқу жылында 307 оқушының  190 грант иегері болып, (мемлекеттік грант конкурсына қатысқандардың  95 пайызы)  жоғары оқу орындарының студенті атанып отыр.

Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде міндетті оқу қорынан бөлінген 2,2 млн. теңге қаржыға  1021 оқушы , ата-аналардың және демеушілердің есебінен1979 оқушы, барлығы  3000 оқушы және «Жалын» тынығу лагерінде 7 ауысымда (әр ауысымда 130 баладан)  910 оқушы демалды.  Міндетті оқу қоры арқылы «Жалын» тынығу лагерінде 550 бала және демеушілер есебінен «Жалын» тынығу лагерінде, облыс көлемінде және облыстан тыс лагерлерде 235 бала демалды. «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілер есебінен тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасынан шыққан 1000 балаға 10,7 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.  Аудан бойынша мектептердің барлығы 100% интернет желісіне қосылған.

«Ата-ана - мұғалім – оқушы». Бүгінде осы  үш жақты байланыс  электронды "Күнделік" жобасы арқылы нығайтылуда. «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне 17 мектеп  қосылған.  BilimLand цифрлы білім беру порталына аудандағы 17 мектептің 17-і онлайн режимінде қосылған.

Аудан бойынша инклюзивті білім берумен қамту бойынша 17 білім беру ұйымының 11-і арнайы маманмен қамтылып,   қамтылу деңгейі 65%-ды құрап отыр. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында кедергісіз орта құру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы пандус, сары жолақ,  ескертпе қоңыраулар орнатылды.

Ауданда 5 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, олардың 4-і әуез мектебі, 1-і Оқушылар Үйі. Оларға  1169 оқушы  қатысады, ол барлық оқушылардың 13,4 пайызын құрайды.   6 елді мекенде  әуез мектептерінің  филиалдары  жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау

Сырдария аудандық денсаулық сақтау саласында тәуліктік стационар 135 төсек орын, 105  төсек орын күндізгі стационарлар, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулаториялар, 2 фельдшерлік-акушерлік бекеттер, 1 медициналық бекет қызмет көрсетеді.  2019 жылдың  11 айында тәуліктік стационарда 3679 науқас, тәуліктік стационарға қарасты күндізгі стационарда 764 науқас және емханаға қарасты күндізгі стационарда 1335 науқас емделді. 

 Бүгінгі таңда аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы                    695  қызметкер, оның ішінде 80 дәрігер, 360 орта буынды қызметкерлері қызмет атқаруда.              

Аудан бойынша тұрғындар арасында туберкулез ауруын анықтау  мақсатында  2019 жылдың 11  айында 22800 адам тексеріліп,  14 адамда туберкулез ауруы анықталып, есепке алынды. Қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бойынша Жол картасын жұзеге асыру барысында профилактикалық кабинеттер жұмыс жасауда.  Аудан бойынша әйелдерді қарау бөлмесінен 9343 адам және ерлерді   қарау бөлмесінен  7186 адам тексеруден өтіп, зерттеулер жүргізілді.

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет саласы

Аудандық мәдениет үйлері мен клубтарында 2019 жылдың 11 айында 780 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 106 мың 235 көрермен қамтылды. Аудан өнерпаздары 42 халықаралық,  республикалық және облыстық байқауларға қатысып, 29 бас жүлде және 68  жүлделі орындарды иеленді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қоры 422527 дана кітапты құрайды. 17350 оқырманы бар.  2019 жылдың 11 айында 496 шара өткізілді.  Ағымдағы жылы барлық санаттағы оқырмандар, кітапханаға келушілер үшін ауданда 12 «Білім орталықтары» (коворкинг)  ашылып, жұмыс жасауда.

Аудандық тарихи-өлкетану музейі қоры жыл көлемінде 287 экспонатпен толықтырылып, барлығы 9937 экспонатты құрап отыр.Сырдария ауданы бойынша 57 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынды. Облыстық бюджет есебінен  2019 жылдың мамыр–қыркүйек айларында  Қоғалыкөл ауылындағы Қышқала қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді және 2020 жылы жалғасатын болады.   

«Қызылорда облысының тарихи – мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасына» 2020-2021 жылдарға Мүлкалан кесенесіне ғылыми–реставрациялау жұмыстары, Қышқала қалашығына, Шіркейлі ауылындағы Қос асар, Айдарлы ауылындағы Асанас қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары және  Шіркейлі ауылындағы Қос асар қалашығының туристік инфрақұрлымын дамыту жұмыстары енгізіліп отыр.

Рухани жаңғыру 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында  Республикаға белгілі айтыскер ақын Замаддин Ибадуллаевтың 80 жылдығына орай ауданда «Заңғар ақын – Замаддин» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді. Айтыстың ашылу салтанатында ақынға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Ардагер ақынды келер ұрпаққа насихаттау, жастарды айтыс өнеріне баулу және тәрбиелеу мақсатында аудандық мәдениет үйі жанынан Замаддин Ибадуллаев атындағы «Дәстүрлі жыршы-термешілер мен жас ақындар» клубы  ашылып, клубқа айтыскер, ақын, «Алтын домбыраның»  2 мәрте иегері  Мұхтар Ниязов  жетекшілік жасауда.Сондай-ақ, аудан орталығында кәсіпкерлердің демеушілігімен «Парасат» аллеясына мемлекеттік рәміздер орналастырылды, сауда нысандарының алдына 150 метр жерге жаяу жүргіншілер жолы, кенттің Майжарма каналына Әлиакбаров пен Усабаев көшелерін қосатын  көпір салынды.

Спорт

Жалпы аудан бойынша оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 11528 спортшы спортпен жүйелі айналысуда. Аудан бойынша спортпен жүйелі айналысушылар 30,01 пайызды көрсетті.  Аудан бойынша 2019  жылы 147 дене шынықтыру және спорттық іс-шаралары өткізіліп, оған 15340 қатысушы тартылды. Аудандық деңгейде 128 жарыс, облыстық  деңгейде 16 жарыс, Республикалық 2 жарыс, Халықаралық 1 жарыс өткізілді.

Бұқаралық спортты дамыту үшін 2019 жылға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 11,1 млн.теңге бөлініп, 26 спорт нұсқаушысы 13 елді-мекенде 4000-ға жуық аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тартып отыр, олардың 2000-ға жуығы жасөспірімдер мен жастар болып табылады. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында қызығушылықтары бойынша дене шынықтыру клубы, көгалдағы хоккейден «Қайсар» кәсіпқой спорт клубы, балалар-жеткіншектер спорт клубы, 2 балалар жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Спорт мекемелерінде 22 спорт түрімен 3 305 оқушы шұғылданады.

Жалпы ауданның барлық спортшылары осы уақытқа дейін облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарынан 40 медаль, Азия чемпионаттарынан 8 медаль және Әлем чемпионатынан 1 медаль жеңіп алды. Спорт саласында І разряд – 16 спортшы ,СШҮ (спорт шеберіне үміткер) – 102 спортшы, СШ (спорт шебері) – 36 спортшы, ХДСШ (халықаралық дәрежедегі спорт шебері) – 9 спортшы бар.Сондай-ақ. Б.Елеусінов және М.Әбжапбаров (тоғызқұмалақ)  «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы жаттықтырушы» атағын алды. Жыл қорытындысымен жүргізілген рейтинг бойынша қала және аудандар  арасында Сырдария ауданы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Есепті кезеңде аудан көлемінде барлық сала бойынша 201 қылмыс тіркеліп, (2018 жылы 252) өткен жылмен салыстырғанда 20,2%-ға қысқарды.

Жастар саясаты

Аудан бойынша  14 пен 29 жас аралығында 10490  жас бар, ол аудан халқының 26,2% құрайды. Оның ішінде жұмыссыз жастар саны - 231, маргинал жастар (яғни NEET) саны - 51, студенттер - 2823, өзін-өзі қамтыған жастар - 262, мүмкіндігі шектеулі жастар - 64, 14 жастан жоғары оқушылар - 3514, жас кәсіпкерлер - 641, жас мамандар - 2528, мемлекеттік қызметшілер - 21, пробациялық есептегі жастар - 18, жас отбасылар - 337.

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру мақсатында Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы жастарды жан-жақты қолдауға мүмкіндік берді. Жастар орталығы 2019 жылы жастар арасында түрлі бағыттағы 112  іс-шара өткізіп, 4496 жасты қамтыды.         Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, олардың кәсіппен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында "Тереңөзек жастары" қоғамдық қоры құрылды. Есепті мерзімде аталған қор арқылы өз кәсібін бастағысы келген  22 жасқа мемлекеттік грантқа қатысу үшін 3,6 млн.теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жаңа ғимаратқа көшіріліп, орталықта жастардың демалыс орны, конференция залы, жастарға кеңес беру орталығы жұмыс жасауда. Айдарлы, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов, Ақжарма ауылдық округтерінде "Жастар бригадалары" құрылып, 47 жас жұмыспен қамтылды.      Жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін «Жастар театры», кент және ауылдық округтерінде  коворкинг орталықтары  ашылды.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында өткізілген аудандық жастар форумында «Жастар жылы» қорытындыланып, әр саладағы белсенді жастар аудан әкімінің «Өрлеу» сыйлығымен марапатталды. 

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Ауданда азаматтық сектор тұрақты дамып, үкіметтік емес ұйымдар қатары артуда. Есепті мерзімде  ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ті құрап отыр. 2019 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 9 әлеуметтік жобаға қаржы бөлініп, жобалар  аясында 130 іс шаралар ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам аудан тұрғындары қамтылды.

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 79

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты