С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі М.Қаратаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:08

Ауылдық округ бойынша 305 отбасында 1604 халық тұрады (о.і экономикалық белсенді халық саны 721адам). 152 зейнеткер, 52 мүгедек, 21 «Алтын алқа» және 27 «Күміс алқа» иелері бар.

Өткен  жылы  жеке және заңды тұлғалардан  барлығы  23 өтініш  келіп түсіп, заң талаптарына  сәйкес жауаптар берілді. Ауылдық округі әкімі аппаратында  жыл басынан бері 34 шешім, 70 өкім шығарылды. 2019 жыл бойынша 43 нотариаттық іс жасалып, барлығы 9090 теңге баж алымы алынып, жергілікті бюджетке түсірілді.

2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 91691,8 теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 18999,0 теңге болып 100 пайызға, жер салығы 74594,0 теңге болып 103 пайызға, көлік құралдары салығы 2,500 968 теңге болып 185,8 пайызға, жеке табыс салығы 1,769 062 теңге болып 209,1 пайызға және заңды тұлғалардың көлік салығы 29942 теңге болып 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, 2019 жылы қолма-қол бақылау шотына барлығы 2592,4 мың теңге түсіп, 2477,0 мың теңгесі түрлі мақсаттарға жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 1414 бас ірі қара, 877 бас уақ мал, 531 бас жылқы, 79 бас түйе және 339 бас құс тіркелді. 81 бас қаңғыбас ит мысықтар жойылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы ауылдық округ бойынша ЖШС-і мен жеке қожалықтар барлығы 2013 га күріш егіп жоғары өнім жинады. Жеке тұрғындар 3 га қауын-қарбыз, 7 га картоп және 3 га көкөніс егіп, өнімін алды.

Білім саласы: Ауылда 460 орындық №137 орта мектебінде оқушыларға білім беретін мұғалім саны 52. Жоғары білімді 48, арнаулы орта білімді 4. Оның ішінде жоғары санаттысы 10, І санаттысы 18, ІІ санаттысы 15, санаты жоғы 9. Ұлттық біліктілік санаттары бойынша педагог-зерттеуші 7, педагог-сарапшы 14, Педагог-модератор 10.

№137 орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 8 оқушы бітірді. ҰБТ сынағына 3 оқушы  қатысып, жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанды, 2 бітіруші жоғарғы оқу орындарының ақылы  бөліміне, 3 бітіруші колледжге қабылданып білім алуда.

Мектеп жанынан ашылған «Өркен» тынығу лагері 3 ауысымда  жұмыс жасап, онда барлығы 140 бала демалды.

№137 орта мектеп бойныша міндетті оқу қорынан аудандық «Жалын» тынығу лагерінде демалуға 22 балаға 323 000 теңге бөлінді. Аталған қаржыға  әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасының балалары демалды.

90 орындық «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасында 85 бала тәрбиеленуде. «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасы 28,05 штаттық кестемен жұмыс жасауда. Жалпы қызметкерлер саны 30, оның ішінде педагог кадрлар саны 11,  І санатты 5,  медбике 1, есепші 1, 15 жұмысшы қызметкерлер жұмыс жасайды.

Денсаулық саласы: 2019 жылдың 30 қазанынан бастап, ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті дәрігерлік амбулатория болып өзгертілді, барлығы 6 адам жұмыс жасайды. 

2019 жылы емханада 2467 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны 283 адам, балалар саны 387.  Ауыл бойынша 2019 жылы туылған бала саны 32, үйге шақырушылар саны 1248 адам. Диспансерлік есепте тұратын науқастар саны 230 оларға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп келеді. 

Мәдениет саласы: Ауылдық клубта барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды. 2018 жылы клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 45 мәдени шаралар өткізілді.

2019 жылдың ақылы қызмет көлемі 428,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

№4 модельді ауылдық кітапханада 26484 кітап қоры бар. 2019 жылғы оқырман саны 750 адам, берілген кітап саны 14236 дана, келуші саны 9114 адам, жаңа түскен кітап саны 192 дана.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 721 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жұмыссыздар саны 36, тұрақты жұмысқа орналасқандар 30, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар 14,  6 жас маман мекемелерде жастар практикасынан өтті. Жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5,0 пайызды құрады.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алатын 50 отбасына есептеліп, қазіргі күні 17 отбасы алуда.

Ауыл бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мүгедектерге қайырымдылық акцияларында көмектер көрсетілді. Қарттар күніне орай «С.Сейфуллин-Жер» ЖШС-і, «Құндызды-Май» шаруа қожалығы, «Жандос», «Олжас» шаруа қожалықтары тарапынан көмектер көрсетілді. Аталған шаруашылықтар елді-мекендегі тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге қайырымдылық көмектер көрсетумен қатар мектеп, балабақша, клуб мекемелерінің іс-шараларына, балалардың жазғы демалысына тұрақты түрде демеушілік жасап келеді. Жеке кәсіпкер «Жел-Кент-Вент» ЖШС-і төрағасы М.Әбілдаев тыс жерде тұрып жатқандығына қарамастан елді мекендегі мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындарға, тұрмысы төмен отбасыларға  демеушілік көмектер көрсетуде.

Қасиетті Сыр өңірінің, оның ішінде Сырдария ауданының намысын қорғап, қазақтың төл өнері – айтыстың тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан дарынды ақын С.Сейфуллин елді мекенінің тумасы Нұрмат Мансұров 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының қоры мен кітапханасы бірлесе ұйымдастырған халықаралық байқаудан жүлделі І орынды иеленді.

Кәсіпкерлік саласы: Ауылдық округі бойынша 82 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны 71 оның ішінде: жеке кәсіпкерлер 61, шаруа қожалықтары 8 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1, ауылшаруашылығы кооперативі 1. 

2019 жылдың басынан 23 кәсіпкерлік субъектілері тіркелді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша 400,0 мың теңгеге 2 жоба қаржыландырылды. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың басынан бері  4,5 млн. теңге құрайтын 2 жоба ұсынылып кеңестің оң шешімін алып қаржыландырылды.

Сондай-ақ, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 8 адам, «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша 12 адам оқып бітірді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 14,0 млн теңгенің 7 жобасы несиелендірілді. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу жобаларын қамтиды. Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 13 адамға 5,0 млн теңгенің көлемінде мемлекеттік грант берілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы ауылшаруашылығы техникаларын алуға «Сейфуллин Жер» ЖШС-і 457,0 млн. теңгенің 2 трактор соқасымен, 2 «Джондер»  комбайын, 1 «Джондер» жаткасын алды.

Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал  тұрақты.

Ауылда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Олар ауылда атқарылып жатқан барлық шараларға қатысып, өз үлестерін қосуда. Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2019 жылы 4 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

       Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар     

1. Жобалық сметалық құжаттары дайын жобаларды қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес орындалуына жұмыс жасау.

2. Салық базасын ұлғайту бағытында шараларды қамтамасыз ету.

3. Ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүргізу, түрлі бағдарламалар арқылы қаржылық мүмкіндіктерге қолдау көрсету.

 

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 29

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты