Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Т.Куламкадировтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:15

  Шіркейлі ауылдық округі бойынша 512 отбасында 2754 халық тұрады. Оның ішінде: 275 зейнеткер, 107 мүгедек, «Алтын алқа» иегері-72, «Күміс алқа» иегері-63, 10 батыр ана бар. Тұрғындардың 1234-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады.

 

Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппаратының 2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 114558,7 теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен  игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 51200 теңге болып 139,2 пайызға, жер салығы 193 000 теңге болып 100 пайызға, көлік құралдары салығы 2 млн 668 369  теңге болып 120,8 пайызға, жеке табыс салығы 512,700 теңге болып 102,5 пайызға орындалды.

1. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 2  477 бас ірі қара,   570 бас уақ мал, 1441 бас жылқы,  және 1165 бас құс бар.

    «Мәді Қажы» ЖШС үстіміздегі жылы  2200 гектар жерге күріш  егіп,  1 гектарға 60 ц өнім алып, барлығы 132000 ц өнім жиналды. Жаңа жоңышқа 450 гектар. 1150 ц жоңышқа жиналды. Тұқым жоңышқа 60 гектар. 20 ц тұқым алды. Бидай 150 гектар. 3000 ц гектарына  өнім алынды.                                                   

 2. Білім саласы: Ауылда 600 орындық «№129  Ә.Жәмішев  атындағы мектеп  лицейі»  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінде   88  мұғалім  жұмыс  жасайды, оның ішінде 6- педагог-зерттеуші, 18 - педагог-сарапшы, 13-педагог-модератор. Мектебімізде оқушылар саны-611.

 2018-2019  ҰБТ көрсеткіші бойынша тестке қатысушы 12 оқушы 100% грант иегері атанып, алдыңғы орыннан көрінді. Үш «Алтын белгі» иегері мен бес «Үздік куәлік» иегерлері қорғап шықты.  

 Жаңа оқу жылы қарсаңында отбасы төмен оқушыларға мектеп құралдарын алу үшін «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы барысында жеке кәсіпкерлер ақшалай, заттай көмек берді. Акцияға бизнес өкілдері шаруашылық төрағасы С Сұлтанов, жеке кәсіпкерлер Ж.Нұрымбетов, Ж.Майлықожаев, Р Абдіқадыров және, қайырымдылық акциясына мекеме басшылары демеушілік жасады. Осы акция кезінде барлығы 7 оқушыға 90 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкер Н Ахметов үш оқушыға оқу құралдарын алып берді. Обылыстық депутат жеке кәсіпкер Ж.Нұрымбетов 5 оқушыға  35 мың ақшалай көмек берді. Мектебіміздің 1986 жылғы түлектері 12 оқушыға 140 000 мыңға спорттық киім, аяқ киім, оқу құралдарын алып берді.

 3. «Нұр бақыт» балабақшасы  2011 жылы 11 қарашада 5 топ 90 орындық болып ашылған. Балабақшада 30,5 штат бірлігінде қазіргі уақытта 35 қызметкер жұмыс жасауда. Оның ішінде педагог қызметкерлер саны-14. Оның 12-жоғары, 2-арнаулы орта білімді.

4. Шіркейлі ауылдық әуез мектебі  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:  Мектепте   1- мектеп  директоры, 11- мұғалім, 1- есепші, 1-іс жүргізуші, барлығы 14  қызметкер    жұмыс жасайды. Мамандықтар  бойынша:  домбыра сыныбында-25, қобыз -27, фортепиано – 9, баян -11, вокал  -9, хореография  -34  оқушы білім алуда.

5. №12 Шаған спорт мектебінің Шіркейлі ауылындағы филиалы 2017 жылдың қазан айында ашылды. Спорт мектебінде дзюдо, таэквондо, еркін күрес, казақша күрес, тоғыз құмалақ, шахмат үйірмелері жұмыс жасап келеді. Спорт мектебінде 259 бала спорттың әр түрімен айналысып, спорт мектебі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді.

6. Денсаулық сақтау саласы бойынша: Емханада дәрігер -1, медбикелер саны-9, акушерка-1, қарауыл-1, санитарка-1, шофер-1. 2019 жылы туылғандар саны-61, қайтыс болғандар саны-15, туу жасындағы әйелдер-498, 14 жасқа дейінгі бала саны-845, 1 жасқа дейінгі бала саны-68. Емханаға  12 айда қабылданған науқастар саны-4130, оның ішінде балалар саны-680. Ауырып келген ересектер саны-1150, балалар-643, профилактикалық байқаудан өткен ересектер-842,балалар-1601.

7. Мәдениет үйі бойынша: Қалтай Мұхамеджанов атындағы мәдениет  үйі 1983 жылы типтік жобада салынып, пайдалануға берілген. Мәдениет үйінде жыл басынан бері 70  шара өткізіліп, 9000 көрермен тартылды. Ақылы  қызметтің жоспары: 460,1.

8. №9 филиал кітапханасында: Кітап қоры -21012, жаңа әдебиеттер- 241,оқырман саны- 922, келушілер саны -11066, кітап берілімі-17585. Рабис бағдарламасына кітап қоры 100% жазылды. Мерзімді баспасөз материалдары «Каталогизатор» модуліне енгізіліп оқырмандар электронды түрде тіркелуде.

9. Пошта байланыс бөлімшесі: Шіркейлі ауылдық пошта байланыс бөлімшесінде екі штат бойынша 2 қызметкер жұмыс жасайды. 1 штат пошта байланыс бөлімшесінің бастығы. 2 штат хат таратушы.

10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 1234 экономикалық белсенді халық тіркелген. Оның ішінде: 875 адам жалдамалы жұмыс  жасайтындар  мен  өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандар  және  209 адам жеке негізде жұмыс істейтіндер.  2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 63 адамның 16-ы жұмысқа орналасып,  33-і ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5,1 пайызға түсті.  2019 жылы ауылдық округі бойынша мемлекеттік атаулы көмекке құжат тапсырғандар 79 отбасы құжат тапсырды. 3 отбасына тұрғын үй көмегі берілді. 25 отбасының тоқсан сайынғы табысы асып кетіп атаулы әлеуметтік көмектері тоқтатылды. 2019 жылы ауыл кәсіпкерлері «Ысамаддин» шаруа қожалығының төрағасы Ж.Нұрымбетов ауыл тұрғыны Тұрғанов Манарбектің отбасына ақшалай 150 мың теңге берді. Ауыл кәсіпкерлері 5 адамға 16 желтоқсанға 50 мың қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпкер Нурадинов Хамараддин 13 отбасына 260000 мың теңге көлемінде азық-түлік таратты.

11. Кәсіпкерлік саласы: Ауылдық округі бойынша Тіркелген кәсіпкерлер субъектілерінің саны – 96. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны – 85.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 16 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның ішінде бағыты бойынша мал шаруашылығы-7, кондитерлік цех-2, шаштараз-1, әртүрлі қызмет түрлері-6.

2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша оқу курстарын оқығандар саны -12.

2019 жылдың  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша: «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 4 жоба ұсынылып мақұлданды.        

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша 3 жоба ұсынылып мақұлданды.

 «Агро бизнес-2020» бағдарламасы бойынша 1 жоба «Ысамаддин» шаруа қожалығы 10 млн. теңгемен егін шаруашылығы мақсатында қаржыландырылды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысуға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа ауылдық округі бойынша 505 мың теңге көлемінде 15 адам мемлекеттік грантқа ие болды.      

      «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 12 адам оқытылды.

      «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқығандар саны -12.

12. Қоғамдық-саяси ахуал туралы: Есепті кезеңде ауылда  қоғамдық-саяси ахуал  тұрақты. Ауылда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Олар ауылда атқарылып жатқан барлық шараларға қатысып, өз үлестерін қосуда. Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2019 жылы 16  адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

13. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

1) Аудандық маңызы бар «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолын орташа жөндеу (41-47 км)

2) Ауыл ішілік 4 көшенің жарық орнатуына сметалық құжаты дайындалып  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне құжаттары жолданды.

 3) №15 «Нұр бақыт» бала бақшасына бейне бақылау орнату үшін 1 млн. 646 мың теңгеге құжат жасалып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды.

4) Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

5) Ауыл халқы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттен несиеге мал  алып, кәсіп ашуына қолдау көрсету;

6) Ауыл бойынша көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту.

 

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 33

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты