Шаған ауылдық округінің әкімі Ұ.Абдраманованың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:14

Шаған ауылдық округінде 829 отбасында 4404 халық тұрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 1931 адамды құрайды. Ауылдық округте мектеп-лицей, әуез мектебі, спорт мектебі, 3 бала-бақша, ауылдық аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, қазпошта бөлімшесі, телефон байланысы, ветеринариялық станса мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округте 21 тыл ардагері, 391 зейнеткер, 140 мүгедек, 93  «Алтын алқа», 94 «Күміс алқа» иегерлері  бар.

Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 174081,5 мың теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді. Оның ішінде 950,0 мың теңгеге аяқ су айдайтын насос, 2 млн 081,2 мың теңгеге әкімшілік теңгеріміндегі 13 нысан құжаттандырылды.    

2019 жылғы жоспар қорытындысымен ауылдық округ бойынша жеке және заңды  тұлғалардан алынатын міндетті төлемдеріне сәйкес 323 408 теңге жер салығы, 70 000 теңге  мүлік салығы, 2 млн 048 мың 636 теңге төлем көзінен алынбайтын табыс салығы, 4 млн 880 мың 265  теңге жеке тұлғалардың  көлік құралдарының  салығы және 242 706 теңге заңды тұлғалардың көлік салықтары жиналып бюджетке түсірілді. Заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға салынатын салықтардың әр түрі бойынша жоспар 100 пайыз  болып  орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы: 2020 жылдың 1-ші қаңтарына ауылдық округ бойынша 2847 бас мүйізді ірі қара, 1392 бас қой, 1138 бас ешкі, 1308 бас жылқы, 55 бас түйе, 13 бас шошқа және 857 бас құс тіркелді. Ауылдық округ бойынша «Шаған-Жер» ЖШС-гі 2800 га жерге күріш, 350 га бидай, 1882 га жоңышқа егіп, өнімдерін жинап алды.

Сонымен қатар «Шаған», «Шаған Агро», «Оспанов», «Самал», «Жазира», «Маханбетжан» және «Тоқшылық» шаруа қожалықтары барлығы 238 га жерге күріш егіп, тиісті өнімдерін жинаса, ауыл тұрғындары 46 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырып, өнімдерін жинап алды.

Білім саласы: Биылғы оқу жылында   білім беруді дамыту аясындағы 900 орындық №37 мектеп – лицейде 136 мұғалім 1001 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Мұғалімдердің 11- і жоғары санатты, 54 – і І біліктілік санатты, 57 – сі ІІ біліктілік санатты мұғалімдер. 2019 жылы білім мазмұнын жаңарту аясында 20 мұғалім курстан өткен. 2019 жылы мектеп бітірген 46 түлектің 34 – і ҰБТ – ға қатысып, орташа көрсеткіш 83 балл болды. 3 оқушы мектепті «Алтын белгімен», 2 оқушы «Үздік аттестатпен» бітірді. Мектеп бітірген түлектердің 31 – і жоғарғы оқу орындарының грант иегері, 1 – еуі Ресей мемлекетінің грант иегері, 9 оқушы арнаулы оқу орындарының грант иегерлері атанып, қазіргі таңда сол оқу орындарында білім алуда. Мектепте 193 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларының 120 баласына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры арқылы киім – кешек берілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген «Мектепке жол» акциясы барысында 54 оқушыға киімдер мен оқу құралдары таратылды. «Балаларға қуаныш сыйла!» атты қайырымдылық акциясы шеңберінде 30 оқушыға заттай көмек көрсетілді.

Шаған әуез мектебінде: барлығы 20 адам жұмыс атқарады, оның ішінде 16 жоғары білімді мұғалім және 3 техникалық  қызметкер бар. Әуез мектебінде домбыра, қобыз, баян, шертер, терме, қазақ музыка әдебиеті, би және теория-сольфеджио пәндері бойынша 132 оқушы дәріс алуда. Мектеп оқушылары түрлі деңгейде ұйымдастырылып өткізілетін байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

«Шаған» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде: спорттың 10 түрі бойынша 875 бала, 70 топ дәріс алады. Оның ішінде Шаған ауылында 9 жаттықтырушы-оқытушы 306 бала, 6 топпен спортпен шұғылданады. Мектеп басшылығы мен техникалық қызметкерлерді қоса алғанда 34 адам қызмет атқарады. Осы бөлімдерде арнайы жоғары және арнаулы орта білімді 28 оқытушы-жаттықтырушы оқушыларды спортқа бейімдеп, дәріс беруде.

2019 жылдың 18-20 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай бокстан жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Асылбек Матиковты еске алуға арналған облыстық ашық турнирде мектеп спортшылары 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальдармен марапатталды

Мектепке дейінгі тәрбие беретін №14 «Алтын сақа - Шаған» балабақшасында: 5 топта 110 бала тәрбиеленуде. Мекемеде барлығы 48 адам жұмыс жасайды, олардың 19-ы педагог қызметкерлер. 2018 - 2019 оқу жылында 60808,0 мың теңге қаржы бөлініп, бюджеттік өтінімдегі ерекшеліктер бойынша бар бағыттағы қаржы толық игерілді. 2020 оқу жылына 64 465,0 мың теңге қаржы бөлінді.

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасында: бүгінгі таңда үш топта 65 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақшада барлығы 30 адам жұмыс атқаруда, оның 11-ы  педагог-мамандар, 19-ы техникалық қызметкер. Балабақшаға жылу маусымына әзірлік паспортын алуға 130 мың теңге, 2019 жылы барлығы 40 млн 162 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.   

«НұрАйСая» жеке балабақшасы: 50 балаға арналған орынмен қамтылған. Балабақшада 8 педагог қызметкерлер және 9 техникалық қызметкер жұмыс жасауда. Балабақшада әлеуметтік жағдайларына байланысты, 5 балаға – 100%; 11 балаға - 50%; 6 балаға - 20% жеңілдіктер жасалған. Алдағы жылда балабақшаны кеңейту мақсатында тағы бір топ ашу жоспарда бар.

Денсаулық сақтау саласы: Халыққа медициналық қызмет көрсететін ауылдық ауруханада науқастарға арналған 20 күндізгі және 5 тәулік бойы ем алатын төсек орын бар. Барлығы 62 адам жұмыс жасайды 2019 жылы дәрігерлердің қабылдауында 6168 адам болған, флюрографиялық байқаудан өткендер – 2140 адам. Есепті мерзімде ауруханаға портал арқылы 175, күндізгі стационарға 251 адам жатып, ем алған. Жалпы аурушаңдық деңгейі – 2730. 2019 жылы дүниеге келген сәбилер саны – 97, қайтыс болғандар-21 адам.

Мәдениет саласы: Халыққа мәдени қызмет көрсететін ауылдық мәдениет үйінде барлығы 11 адам жұмыс жасайды. 2019 жыл көлемінде 60 мәдени-көпшілік шара өткізілді. 2019 жылдың барлық ақылы қызмет жоспары 695 мың теңге болып жүз пайызға орындалды. Ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелер мүшелері Халықаралық, Республикалық, Облыстық, Аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындармен оралуда. 

Шаған ауылдық модульдық кітапханасында: 25 503 дана кітап қоры және 12 орындық оқу залы бар. 2019 жылғы оқырман саны 1007 адам, берілген кітап саны - 20 029 дана, келуші саны - 12 194 адам. Жаңадан келген әдебиеттер саны - 218 дана. Жаңа үлгідегі модельді кітапхана «Рабис» бағдарламасының 3 модулімен жұмыс жасайды. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 34 мәдени шара өткізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 1928 экономикалық белсенді халық тіркелген. 2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 100 адамның 57-сі жұмысқа орналасып, 20-ы ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданған. Жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5,0 пайызға түсті.  143 отбасы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдіріп, оның 126 отбасы қаржылай көмектер алды.

Кәсіпкерлік саласы: Ауылдық округ бойынша 161 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде: жеке кәсіпкерлер - 127, шаруа қожалықтары - 22, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 7, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер - 5. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрғаны - 143. 2019 жылы 23 кәсіпкерлік субьектілері, жұмыс жасап тұрғандардың кәсіпкерлердің үлесі - 88,8 пайызды құрайды. Ауылдық округ бойынша 15 кәсіпкердің жылдық айналым қаражаты  2,0 млн. теңгеден асады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының І-ші бағытына сәйкес: қысқа мерзімді техникалық білім алу және қайта даярлау мақсатында тігінші, электргаз операторы, кондитер, сән салоны мамандықтары бойынша 6 адам білім алды.

Бағдарламаның ІІ-ші бағытына сәйкес: «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  арқылы құны 15,2 млн. теңге болатын 6 жоба «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі арқылы  құны 3,0 млн теңге болатын 1 жоба «Сырдария-1» ЖШС-гі арқылы құны 12,9 млн. теңге болатын 4 жоба қаржыландырылды /барлығы – 31,1 млн теңге/.

Бағдарламаның ІІІ-ші бағытына сәйкес: аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 57 адам тұрақты жұмысқа орналасып 10 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды, 9 адам «Жастар тәжірибесімен» жұмысқа тартылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша түрлі 11 жоба қатысты.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының жаңа бизнес идеяларға  грант беру тетігі бойынша құны 6,7  млн. теңгеге 16 жоба қаржыландырды.

Сонымен қатар «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 6 адам,  «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 17 адам оқытылды.

«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны 5,0 млн теңге болатын 2 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес «Шаған» ШҚ  құны 10,0 теңге болатын «Мал басын көбейту» (МІҚ) жобасы бойынша Аграрлық несие корпорациясы АҚ-на құжаттарын ұсынып оң шешімін алып қазіргі таңда қаржыландыруды күтуде.

«Шаған Жер» ЖШС-гі техникалық базасын толықтыру мақсатында «ТехноЛизинг» ЖШС-гі арқылы құны 33,3 млн. теңге тұратын  экскаваторы (маркасы «JCB 3CX Site Master») және «КазАгроФинанс» АҚ-мы арқылы құны 70,0 млн. теңгеге жатка (самоходная косилка) келісім-шарт жасалып алынды. Сонымен қатар қосымша өз қаражаты есебінен құны 12,0 млн. теңгеге 2 дана тракторлары (Т-150К-09) алынды.

Қоғамдық-саяси ахуал туралы. Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауылдық округте қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдар, мекеме басшылары бірлесіп, ауылда атқарылатын барлық іс-шараларға қатысып, ел бірлігін сақтауда, экономикалық әл-ауқатын жақсарту барысында тиісті жұмыстар атқаруда.

Алдағы уақытта атқарылуы жоспарланған жұмыстар

1. Қ.Мыханова (1700 метр), Аябек (1700 метр), Тұйғынов, Әлжанов көшелерін және Бекпанов тұйығын асфальттау, Ж. Омаров (1100 метр), Ә. Омаров (3725 метр) тас төсеу). Атақаев көшесін абаттандыру және жарықтандыру (1000 метр), тротуар салу, А.Иманов, Наурыз көшелерін жарықтандыру, Р.Оразғалиев көшесінің аяғындағы тас төселмеген бөлігіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

2. Ауыл ішінде орналасқан қашыртқыны иесіз деп танып, әкімшілік теңгеріміне алу.

3. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық базасына тіркелуін, салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету.

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 31

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты