Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Рахымбековтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:16

Қоғалыкөл ауылдық округінде  2520 тұрғын тұрады. Экономикалық белсенді халық саны-1142 (халық санына шаққанда (44%) оның ішінде жастары (18-29 жасаралығы)-602 (54%).

Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 33452 га.

ауыл шаруашылық жер көлемі-19102 га, егістік-2382 га, жайылымдылық-10676 га, шабындық-1259 га.

Қоғалыкөл ауылында 148 кәсіпкерлік субъекті тіркелген, жұмыс жасап тұрғаны-142, оның 88-і жеке кәсіпкер, 39-і  шаруа қожалық, 10-і  ЖШС,  7-і ауыл шаруашылығы кооперативі. Жалпы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъекті 95 пайызды, жылдық айналым қаражаты 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер 10 пайызды құрап отыр.

Салық түсімдерінен   жыл қортындысымен  мүлік  салығы  41 мың 640 теңге,  жер  салығы 163 мың  719 теңге,  көлік салығы 3 млн. 105 мың 123 теңге, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 5 млн 652 мың 348 теңге барлығы  8 млн. 961 мың  985 теңге  бюджет  түсіріп,  тапсырма   160 пайызға  орындалды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқуға аспазшы 2 адам, тігінші 2 адам, барлығы 4 азамат оқуын бітірді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік саланы  дамыту үшін 19 азамат 25 млн 092 мың 500 теңге несиеге қол жеткізді, 3 азаматтың құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, несие алу кезегінде тұр.   

«Қызылорда» Өңірлік инвеститциялық орталығы» (РИЦ) бағдарламасы бойынша 3 азамат 7 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 азамат 13 млн 800 мың теңгеге қаржыландырылды.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыру» грант тетігі бойынша 10 азамат 4 млн. 292 мың 500 теңгеге қаржыландырылды.

Үшінші бағытына сәйкес жұмыссыздыққа тіркелгені-52, жаңа ашылған жұмыс орны-34, тұрақты жұмысқа орналасқаны-16, жастар тәжірибесімен 10 адам және қоғамдық жұмысқа тартылғаны-17, әлеуметтік жұмыс орындары-4. Жұмыссыздық деңгейі- 5,0%.

«Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқығандар саны-8 азамат.

«Бизнес бастау» жобасы бойынша оқығандар саны-10 азамат.

Шаруашылықтар бойынша: «Жерсу Агро» фермерқожалығы 609 гектар күріш, «Жамбыл 2030» ЖШС-гі 358 гектар күріш дақылдарын екті. «З.Манабаева» шаруа қожалығы 100 гектар күріш екті.

Қоғалыкөл ауылдық округі ветеринариялық станса мекемесі: Елді мекен бойынша мал саны: Сиыр-4407, уақ мал-4348, жылқы-2357, түйе-228, құстар - 481. Көктем және күз айларында құтыру ауруларын болдырмау мақсатында 43 бас қаңғыбас ит және 2 мысықтың көзі жойылып арнайы орынға тасталды.

2019 жылы 1510 бас мүйізді ірі қара малына, 1571 бас уақ малға, 16 бас түйе сырға салынды. 475 бас жылқыға чип салынып, 108 басы таңбаланып компьютерлік дерекқор базасына енгізілді.

Білім: 2019-2020 оқу жылында мектеп бойынша Биылғы оқу жылында 547 оқушымен 26 сынып комплектісімен оқу жылын бастады.1 сыныпты 79 оқушы мектеп табалдырығын аттады.

Осы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін 82 мұғалім жұмыс жасайды, олардың 82 де жоғары білімді.

-Жоғары санатты 20 мұғалім

-І санатты 33 мұғалім, ІІ санатты 15, санатсыз 14, Зерттеуші – педагог-5, Сарапшы – педагог-8, Педагог-модератор – 5.

2018-2019 жылғы оқу жылында  29 оқушы мектеп бітірсе оның 16-сы ұлттық бірыңғай тестке қатысып, 16 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды, қалған оқушылар колледждерге оқуға тапсырып 100 пайыз оқумен қамтылды.

Мектеп Мұғалімдерінің барлығы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен. 2019-2020 оқу жылы бойынша 11 сыныпта 44 оқушы білім алуда, оның 32 оқушы ҰБТ қатысуға өз өтініштерін беріп отыр.

Аудандық бюджет есебінен мектебіміздің АКТ залына 150 дана орындық сахналық және терезедегі перделері заман талабына сай жабдықталды.

 «Шаттық» бөбекжай балабақшасының ғимараты 2 қабаттан тұрады. 6 топ бойынша 120 бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Балабақша жарық пен сумен және жылумен қамтылған. Балаларға қажетті құралдармен жабдықталған. Балабақша сұйық отынмен қамтамасыз етілген. Ата-аналар төлемақысын уақытылы төлеп, кәсіпкер азық-түліктерді уақытылы жеткізіліп отыр. Балабақшадағы қызметкерлер саны: пед кадр-19, техникалық қызметкерлер 28. Барлығы 47 қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар шаруашылықтың демеушілігімен қазіргі таңда балаларды тасымалдау жұмысы жолға қойылды.

Ауылдық кітапханадағы кітап қоры-25551. Оқырмандар саны-858 адам. Келушілер саны-10296 адам. Келіп түскен жаңа кітаптар саны-213 дана. Рабис бағдарламасының «Катализатор» модуліне-20087 дана кітап енгізілді.

Мәдениет: 150 орындықты көрермендер залы, кітапхана, ардагерлер, үйірме, демалыс бөлмесі орналасқан. Қазіргі таңда «Қоғалыкөл ауылдық клубы» КМҚК да 7 штаттық бірлікте 8 қызметкер жұмыс жасайды.( 3 мәдени қызметкер, 1-есепші, 4-жұмысшы). Ақылы қызмет: 428,0 мың.теңге толық игеріліп 100 пайызға орындалды. 2019 жылы жоспар бойынша 47 шара өткізіліп 5620 көреремен тартылды. Аудан көлемінде 2 іс-шара өткізілді. Қоғалыкөл ауылдық клуб үйінің жанынанан құрылған 5 үйірме жұмыс жасайды. Атап айтсақ ән үйірмесі, сурет үйірмесі, домбыра үйірмесі, ардагерлер ансамблі және көркем сөз үйірмесі.

Денсаулық: тіркелген халық саны -2300.

Оның ішінде ересектер саны-1461, 14-жасқа дейінгі бала саны-727, жасөспірімдер-112, 1-жасқа дейін 59-бала. Ауылда 2019 жылы 57 бала дүниеге келіп, 11 адам қайтыс болды.

2019 жылы емханаға келіп көрінгендер-3937 адам.

Аурушаңдық бойынша-2087. Ересектер-1487, 14 жасқа дейінгі  балалар-765.

      Оның ішінде: Тыныс алу жолдарының сырқаттары-1092, қан айналым ауруы-660, асқазан, ішек жолдары аурулары-274.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2019 жылы ауылдық округтегі көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардың тізімі жасақталып, әр отбасына әлеуметтік паспорт толтырылды.

Қаңтар айынан бастап жыл аяғына дейін 65 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжаттары өткізілді.

«Қазпочта» АҚ-ы ауылдық бөлімшесі тұрғындарға 14 түрлі қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, 88 зейнеткерге, 16 мүгедектерге, 4 баласы бар 20 аналарға, 33 «Алтын алқа» иелеріне және «Күміс алқалы» 48 аналарға, бір жасқа дейінгі жәрдем ақы алатын 7 анаға, 21 мың алатын 27 отбасыға қызмет көрсетуде.

Ардагерлер кеңесінің жұмысына тоқталсақ, есепті жылы ауылдағы 4 бастауыш ұйымдарда есеп беру сайлау жиындары өткізілді. 90 ардагердің фото суреті тұратын стенді қойылды. 1 қазан қарттар күні «Қарттарым аман – сау жүрші» атты мерекелік іс- шара өткізіліп, ауылымыздағы 70, 80, 90 жастағы ардагерлерге сый-сияпат таратылып, құрмет көрсетілді.

2019 жылы 7 рет Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жалпы отырыста негізгі қаралған мәселелер мекемелерге кадр ұсыну, «Бидайкөл» өңіріне мол су шығару үшін «Жаңарық» каналына екі көзді гидротехникалық құрылым салу, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасының аясында билер кеңесін құру туралы мәселелер қаралды.

Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша 2019 жылдың көктем және күзгі мерзімінде әскери қызметке жалпы зерделенгені-50. Көктемгі және күзгі мерзімде медициналық комиссиядан өткені-38. Оның ішінде студенттер саны-13. Жалтарып жүргендер жоқ. Әскери қызметке жолданғаны көктемгі мерзімде-7 азамат, күз мерзімде-2 азамат әскерге кетті. Денсаулығына байланысты АКТ алып жарамсыз болғандар саны-3 азамат.

Ауыз су жүйесі бойынша елді мекендегі 454 отбасының үйіне ауыз су кіргізіліп, 454 отбасыға су есептегіш құралы орнатылды, ауыз су 24 сағат беріліп отырады.

Абаттандыру: 2019 жылы елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету бағыты бойынша жеке кәсіпкер «Ертаева» арқылы 292,0 мың теңге игерілді.

Көркейту, көгалдандыру жұмыстарына 746 мың теңге қаржы бөлініп, жеке кәсіпкер «Абжекенова» жұмыстарын жүргізді. М.Әуезов көшесі бойындағы №44 орта мектеп жанындағы сайды тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин көшесін түнгі жарықтандыру орнатылып, ауылдың кірісі мен шығысына және орталық көше С.Майханова көшесі бойына барлығы 4 дана камера орнатылды.

 

 

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

 

1. Салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, кәсіпкерлікті дамыту бағытында тиісті жұмыстарды жүргізу.

2. «Шаттық» бөбекжай балабақшасын бейне бақылау орнату үшін 1 млн. 641 мың теңгеге сметалық құжат жасалып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды;

3. Елді мекендегі жобалық сметалық құжаттары дайын 3 көшені Ы.Алтынсарин, Тілеу Ұста және Қ.Сәтбаев көшелерін асфальттауға 85 млн. теңгеге қаржыландыруға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды;

4. Аудандық маңызы бар «Қызылорда-Әуежай-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолын күрделі жөндеу;

5. Аудандық маңызы бар «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолын орташа жөндеу.

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 48

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты