Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағанбетовтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:13

Нағи Ілиясов ауылдық округі бойынша 450 отбасында 2247 халық тұрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 1008 адамды құрайды. Н.Ілиясов ауылында орта мектеп, балабақша, емхана, мәдениет үйі, кітапхана, спорт кешені және қазпошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылда 16-тыл ардагері, 187-зейнеткер, 62-мүгедек, 26-«Алтын алқа» және 46-«Күміс алқа» иегерлері бар.

Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 109,532  мың теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

Ауыл әкімдігі бойынша 2019 жылы 203 өкім және 46 шешім шығарылып, барлығы 249 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

2019 жылы жеке тұлғалардан 9, заңды тұлғадан 1 арыз-шағым түскен. Олардың барлығы заңдылықтарға сәйкес зерделеніп, тиісті жауаптары берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жер учаскесіне құқық алуға 31 өтініш түсіп, жеке қосалқы шаруашылығы туралы 119 анықтама берілді.

2019 жылы көктем және күзде 49 адам әскер қатарына шақырылып, одан 6 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанса, 2 азамат ақылы әскери техникалық оқу орнын оқыды.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 35 000 теңге болып 100 пайызға, жер салығы 103 865 теңге болып 103,8 пайызға, көлік құралдары салығы 2 607 069 теңге болып 113,3 пайызға, жеке табыс салығы 310 554 теңге болып 103,5 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 2201 бас ірі қара,  766 бас уақ мал, 622 бас жылқы және 161 бас құс бар.

2019 жылы ауылдық округ бойынша 5200 гектар жерге күріш егіліп, оның әр гектарынан 62,8 центнерден өнім жиналды.

Облыс және аудан орталығында егін жинаудың қорытындысы бойынша өткен салтанатты жиында «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2247 гектар күріштің әр гектарынан 80 центнерден өнім жинағаны үшін «Озат шаруашылық» номинациясының І-дәрежелі  дипломымен марапатталды.

Білім саласы: №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында оқушы саны 475-ге жетті. Оларға 79 мұғалім дәріс береді. Барлығы жоғары білімді. Жоғары санатты-9, бірінші санатты-25, екінші санатты-25.

2019 жылғы ҰБТ-дің  орташа көрсеткіші-91,75.  ҰБТ-ге қатысқан 8 түлектің 8-де грант жеңіп алып, жоғарғы оқу орындарының студенттері атанды. Мектеп түлегі Наурыз Ақниет «Алтын белгі» иегері атанды. Облыс әкімінің грантына Махмутова Аружан иегер болды.

 «Балдырған» бөбекжай балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде. Ауылдық округ бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны жетіспеуіне орай, балабақшаның 1 тобын 2-3 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнап бөбекжай тобы болып ашылды.

Балабақшаның үнемделгені қаражаты есебінен 562 400 теңгеге балаларға арналған ойыншықтар сатып алынды.

Спорт саласы. 2015 жылы мемлекет пен жеке меншік арасындағы әріптестік негізінде салынған 1000 орындық спорт кешенінде футбол, үстел теннисі, дзюдо, бокс спорт түрлерінен 4 үйірме жұмыс жасайды.

Жыл сайын дзюдодан және үстел теннисінен «Абзал и К» жүлдесі үшін республикалық және облыстық жарыстар өткізіліп, жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Спорт кешеніне демеушілік есебінен «Абзал и К» толық серіктестігі 2,5 млн. теңгеге 8 дана үстел теннисін және футбол, дзюдо, таэквондо күрестеріне қажетті құрал жабдықтарын сатып алып берді.

Денсаулық саласы: 2019 жылы емханада 4773 адам және шақырту бойынша 351 адам үйден қаралып, белсенді түрде ем алса, профилактикалық байқаудан 1067 адам өткізілді.

Ауыл бойынша 2019 жылы туылған бала саны-36, қайтыс болғандар саны-10 адам. 1 жасқа дейінгі  бала өлімі тіркелген жоқ. Диспансерлік есепте тұратын науқастар мен 1 жасқа дейінгі балаларға тиісті көмектер көрсетілді.

Мәдениет саласы: 2019 жылы мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 68-мәдени шара өткізіліп, 10 865 көрермен қатыстырылды.

Ауылдық мәдениет үйінде 6 үйірме жұмыс жасайды. Олар: ән, би, көркем сөз, драма, Ақ әжелер ансамблі, Виа үйірмелері. Қатысушылар саны-85.

2019 жылдың ақылы қызмет көлемі 460100 теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдық мәдениет үйі халықаралық -1, республикалық-1, облыстық-4, аудандық-33 байқауға қатысып, жүлделі орындар алып жүр.

Ауылдық кітапхананың кітап қоры-21579 дана. Оқырман  саны-820. Жаңа үлгідегі модельді кітапхана «Рабис» бағдарламасының 1,2,3-ші модулімен жұмыс жасайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: 2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 30 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасынан өтуге 6 адам жіберілді, 3 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылды және 21 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5,0 пайыз. 

2019 жылы кәсіпкерлер мен ауыл мекемелері ұжымдарының демеушілігімен 179 адамға 1 330,0 мың теңгеге киім-кешек, қаржылай және азық-түлік көмек ретінде берілді.

Кәсіпкерлік саласы: Н.Ілиясов ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлер субъектілерінің саны-64. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны-  59 (92,1%).

 2019 жылы 21 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал шаруашылығы бағытымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ынан 3 жоба және «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі арқылы 2 жоба қаржыландырылды.

 «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі арқылы 2 жоба қаржыландырылды.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша грант бөлу тетігімен 15 жоба қаражат ұтып алды.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша жеке кәсіпкер «Нариман» Ысқақ Ерланның құны 150,0 мың теңгені құрайтын «Қой өсіру» жобасы жеңімпаз атанды.

«Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 6 адам оқытылды.

«Бизнес Бастау» жобасы бойынша 10 адам оқытылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының І-бағытына сәйкес, қысқа мерзімді техникалық білім алу және қайта даярлау мақсатында 8 адам оқытылды.

Құрылыс саласы: Өздеріңізге белгілі кеңес үкіметі кезінде ауылымызда төрт жерде елді мекендегі ыза суларды соратын насостар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі таңда осы су сорғыш насостарды қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізілуде. Елді мекеннің ұлғаюына байланысты сегіз жерден су сорғыш насостары орнатылды.

Қоғамдық-саяси ахуал туралы. Есепті кезеңде ауылда  қоғамдық-саяси ахуал  тұрақты.

 Ауылда ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Олар ауылда атқарылып жатқан барлық шараларға қатысып, өз үлестерін қосуда. 80 жасқа толған 5 ауыл қартының мерейтойы ауылдық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2019 жылы 15  адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні арыз-шағымдар азайды.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

 

1. Ауыл паспортын жаңадан салу; (Жобалық сметалық құжаты 2019 жылы дайындалған, құны 7 105,0 теңге)

2.   Ауылдың кіре беріс жолын (2 км) күрделі жөндеу.

3. Елді мекеннің 9 кірме, қуыс жолдарына тас төсеу. (Жобалық сметалық құжаты 2019 жылы дайындалған, құны 14 651,0 теңге)

4. Мемлекет пен  жекеменшік арасындағы әріптестік аясындағы  жұмыстарды одан әрі дамыту.

5. Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру;

6. Салық базасын кеңейту жұмыстарын жүргізу;

7. Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстау бағытында жұмыстарды жалғастыру.

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 36

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты