Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі С.Есдәулетовтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:11

Іңкәрдария ауылдық округі бойынша 175 отбасында, 1020 халық тұрады. Экономикалық белсенді халық саны – 404, жалпы халықтың 39/6% құрайды. Ауылда мектеп, шағын орталық, емхана, ауылдық клуб үйі,  кітапхана, ветеринарлық станция,  каз-пошта байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылда 8 тыл ардагері, 82 зейнеткер, 38 мүгедек, 17- «Алтын алқа» және 12-«Күміс алқа» иегерлері бар.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін ауылдық округте 22 жаңа жұмыс орны ашылды. 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 17 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 8 жас жастар тәжірибесінен өтті, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданды. Жұмыссыздар саны – 20 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,0% .

Ауыл әкімінің аппаратына:  2019 жылы ауылдың тұрғындарынан   барлығы 3 өтініш түсті. Өтініштер заңға сәйкес барлығы қанағаттандырылды. Ауыл әкімінің аппаратынан 8 шешім, 93 өкім шығарылды. Ауыл әкімінен сыртқа 525 қатынастар  жіберіліп, 1499 сырттан қатынастар мен хаттар келіп есепке алынып орындалды.

Мәдениет саласы бойынша: Іңкәрдария ауылдық клуб үйінде 7,5 штаттық бірлікпен 8 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылдың 12  айында мәдени шаралар саны - 49, оған тартылған көрермен саны – 4870.  Клуб үйінде ақылы қызмет табу жоспары бойынша  2019 жылға – 428,0 орындалғаны -428,0. Клуб үйінде 4 үйірме жұмыс жасайды.

 Білім беру саласы бойынша: Елді мекенде орналасқан №191 орта мектебі 620 орындық типтік жобада салынған. 187 оқушыға 38 мұғалім білім беруде. 2018-2019 оқу жылында мектепті 12 оқушы бітіріп, 6-уы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл – 85,3. Бір оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. 6 бала грантпен Жоғары оқу орындарына түсті.  4 оқушы 9 сыныпты «Үздік аттестатпен» бітірді.

Мектеп жанынан ашылған «Еркетай» шағын орталығында 2 топта 40 бала тәрбиеленуде. 1 әдіскер, 7 тәрбиеші жұмыс жасайды.        

Ауылдық фельдшерлік акушерлік бекеті  бойынша: Ауылдық фельдшерлік акушерлік бекетінде  8 адам штат бойынша жұмыс істейді. Емханада  жыл басынан 1650 адам дәрігерлік қабылдауда болды және шақырту бойынша 176 адам үйден қаралып белсенді түрде ем алса, профилактикалық байқаудан 123 ересек адамдар мен 268 бала өткізілді. 2019 жылы 14 нәресте дүниеге келді. Флюрографиялық байқаудан 442 адам өтті.

Пошта қызметі бойынша: Ауылдық пошта  арқылы 2019 жылы зейнетақы, айлық және балалар жәрдемақысы барлығы 26 млн 936 мың 475 теңге халыққа таратылып берілді.

Ауылдық кітапханасы бойынша: Іңкәрдария ауылдық модульдық кітапханасының кітап қоры–17904. 2019 жыл бойынша кітапханаға 694 тұрақты оқырман тартылған. 203 жаңа әдебиетпен толықтырылды.  

Ауыл тұрғындарының мал басы бойынша: Ауылдық округтегі төрт түлік мал саны бойынша бүгінгі таңда ірі қара – 1284 бас, жылқы – 688 бас, қой-ешкі-805 бас, түйе – 187 бас, 325 құс бар. Төрт түлік малға ауылдық ветеринарлық пункт мамандары уақытылы емдеу, профилактикалық егу жұмыстарын жүргізіп келеді.        

Қаржының игерілуі бойынша: Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 39 млн 662 мың 500 теңге болып бекітіліп,  жылдық көрсеткіш бойынша 39 млн 661 мың теңгеге орындалып, 100 пайызға игерілді. 

Жылдық салықтың орындалуы бойынша: 2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын   барлық салық түрі бойынша 1млн 149 мың 577 теңгеге  жоспарланып, барлығы 1млн 538 мың 076 теңгеге орындалды. Пайыздық көрсеткіші 133,7%.

Шағын және орта кәсіпті дамыту бойынша: Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ауылдық округі бойынша 68 кәсіпкерлік субьекті тіркелген, жұмыс жасап тұрғаны -64, жалпы кәсіпкерлерге үлесі 94,1% құрайды. 2019 жылы 10 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп жұмыс жасауда.  Жылдық айналым қаражаты 2,0 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер саны– 3. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны "Мал бордақылау" (жылқы) бағытында 3,0 млн теңгені  құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.

Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 3 азаматқа 1 млн 200 мың теңге көлемінде грант берілді.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша 7 млн теңге тұратын 2 жоба қаржыландырылды. Аудандық кәсіпкерлік  палатасы  арқылы «Бизнес-Кеңесші» курсын оқығандар саны 3 адам. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқығандар саны 5 адам. Қысқа мерзімді курстық оқуды 3 адам оқыды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша: Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 42 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжаттары өткізіліп,   отбасындағы 161 адамға  27млн 807 мың 942теңге қаралып, оның осы уақытқа дейін 11млн 632мың700 теңгесі төленді.

Аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларына қаржылай, заттай қайырымдылық көмектер ұйымдастырылып отырады.

Елді мекен бойынша  жастар саны-182. 2019 жыл  «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты   ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Коворкинг» орталығы ашылып,  қарқынды жұмыс атқаруда. Іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округте 7 көше бар. Барлығы тегіс жарықтандырылған. Ауыз су әрбір отбасының үйлеріне тегіс жеткізіліп, 24 сағат бойы пайдалануға берілген.     

Алдағы жылы атқарылатын жұмыстар

1. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

2. Кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық басқармасына тіркелуін және салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету.

3.Ауыл жастарын қысқа мерзімді оқуларда оқытып, өз кәсіптерін ашуға қолдау көрсету жұмыстары жалғасатын болады.   

4.Ақтам каналын 3 км қазу

5. Аудандық маңызы бар «М-32 Cамара-Шымкент-Жаңадария» автомобиль жолын орташа жөндеу (0-5 км)  

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 37

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты