Бесарық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Қаюповтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:17

Бесарық ауылдық округі бойынша 435 отбасы тіркелген және 2341 халық тұрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 1047 адамды (халық санына шаққанда 43,7%) құрайды.

Бесарық ауылында 360 орындық орта мектеп, 115 орындық балабақша, күндізгі 5 төсек орындық дәрігерлік амбулатория, 210 оындық ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, қазпошта бөлімшесі және 7 сауда нүктесі халыққа қызмет көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы: Ауылдық округі бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 2491 бас ірі қара, 1458 бас уақ мал, 1267 бас жылқы, 341 бас түйе және 377 бас құс бар. Көктем, күз айларында құтыру ауруларын бодырмау мақсатында 48 қаңғыбас иттер мен 5 мысықтың қөзі жойылып арнайы орынға тасталды.

2019 жылы мүйізді ірі қара және уақ малына ветеринарлық профилактикалық және диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Сібір жарасына қарсы вакцина-2400 бас ірі қараға, 6600-бас уақ малға, 1000-жылқыға, аусылға қарсы жылына 2 рет-4700 бас ірі қара мен 13300 бас уақ малға, қарасанға қарсы 950 бас МІҚ-ға егілді. 2019 жылы 2500 бас уақ мал төлі есепке алынып, 880 бас ірі қара сырғаланды, 300 бас жылқы чипталып, барлығы дерекқор базасына енгізілді.

Білім: Ауылдағы №147 орта мектеп ғимараты 2007 жылы 360 орынға 2 қабатты типтік жобада салынған. Қазіргі кезде мектепте 492 оқушы және мектеп алды даярлық тобында 55 оқушы білім алуда. 27 сынып комплектісі, оқушылар екі ауысымда оқиды. №147 орта мектептің  оқушыларға білім беретін 77 мұғалімнің 73-ші жоғары білімді, 4-і арнауы орта білімді. Санаты бойынша: 7-і жоғарғы санатты, 35-і I-санатты, 23-і II-санатты мұғалімдер.

«Бөбек» балабақшасы: 1991 жылы типтік жобада салынған. Қазіргі кезде балабақшада 5 топта 115 бала тәрбиеленуде. Онда 13 педагогтар, 20 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Педагогтардың 7-і жоғары білімді, 6-ы аяқталмаған жоғары білімді. 2-і бірінші санатты, 4-і екінші санатты.

Денсаулық: Ауылдық емханада барлығы 13 адам жұмыс жасайды. 2019 жылы емханада 3 804 адам және шақырту бойынша 636 адам үйден қаралып, белсенді түрде ем алса, ересектердің профилактикалық байқаудан 775 адам, балалардың профилактикалық байқаудан 1 270 адам  өткізілді.    

Ауыл бойынша 2019 жылы туылған бала саны-31, қайтыс болған кісілер саны-11 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі тіркелген жоқ. Диспансерлік есепте тұратын науқастар мен 1 жасқа дейінгі балаларға тиісті көмектер көрсетілді.

Көктемгі, күзгі мерзімде әскери қызметке жалпы зерделенгені-36 адам, әскер қатарында-9 адам. 

Мәдениет: Ауылдық мәдениет үйінде 210 орындық көрермендер залы барлығы 11 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылы мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 59 мәдени шаралар өткізілді. 6 үйірме жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері жыл көлемінде 34 байқауға қатысып (оның ішінде 30 аудандық, 2 республикалық, 3-облыстық) жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 1047 экономикалық белсенді халық тіркелген. (халық санына шаққанда 43,7 %) Оның ішінде: жастары (14-29 жас аралығы)-369 (15,8 %). Жұмыссыздар саны 53 (5,1 %) адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-147 (13,8 %) (Өнімдісі-21, өнімсізі-126). 2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 53 адамның аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқаны 33 адам, 14-і ақылы қоғамдық жұмысқа, және 7 жас маман жастар практикасынан өтті. Маусымдық жұмыстарға 14 адам тартылды.

Кәсіпкерлік: Ауылдық округі бойынша салық басқармасыңда барлығы-199 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны-174. Оның ішінде: жеке кәсіпкерлер-143, шаруа қожалықтар-56, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер-2. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі-87,4 пайыз. 2019 жылы 42 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

 Құрылыс: Коровник елді мекеніндегі К. Әуезова және Т. Белгібаев көшелеріне «Абай Дәулет» ЖШС-нің директоры М. Сәрсенбаевтың демеушілігі есебінен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ғ. Мұратбаев және С. Мінайдаров көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және К. Әуезова мен Ә. Өтешов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптамасы дайындалып бюджеттік ұсыным берілді.

Қоғамдық-саяси ахуал: Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал  тұрақты. Ауылда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Олар ауылда атқарылып жатқан барлық шараларға қатысып, өз үлестерін қосуда. 80 жасқа толған 6 ауыл ардагерлерінің мерейтойы ауылдық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар 

1. Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалды және тұрақтылықты қалыпты ұстап тұруға байланысты арнайы жасалған іс-жоспарды жүзеге асыру;

2. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

3. Бесарық ауылына кіре беріс жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.     

       

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 64

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Халық | Енгізілді: 5 қаңтар 2020 21:10

Ауыл шаруашылығынан тек мал шаруашылығы айтылыпты, nЕгiн шаруашылығы жөнінде мәліметтер жоқ екен, әлде егiнмен айналыспайды ма?

Ответить

Сырдария ауданы әкімдігі | Енгізілді: 6 қаңтар 2020 12:49

2019 жылы Бесарық ауылдық округі бойынша шаруашылық құрылымдары барлығы - 1429 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде күріш – 586 гектар, ескі жоңышқа – 770 гектар, картоп – 25 гектар, көкөніс – 18 гектар, бақша -30 гектар.

Ответить

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты