Ақжарма ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұратовтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:10

 

Ақжарма ауылдық округі бойынша 519 отбасы тұрады, халық саны 2774;

Экономикалық белсенді халық саны – 1254 (халық санына шаққанда (45%) оның ішінде жастары (14-29 жас аралығы) – 512 (40%).

Ауылдық округте зейнеткерлер саны -273, алтын алқа иегерлері – 45, күміс алқа иегерлері- 47, тыл ардагерлер саны – 10.

Ақжарма ауылдық округі бойынша жер көлемі 21174га, ауыл шаруашылық жарамды жер көлемі 11 814га, егістік 5 410га, жайылымдылық 5 417га, шабындық                                  342га

Қазіргі таңда Ақжарма ауылдық округі бойынша 151 кәсіпкерлік субъекті тіркелген, оның   103-ы жеке кәсіпкер, 48 шаруа қожалық. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны – 142. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі- 94% құрап отыр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау; Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 1254 экономикалық белсенді халық тіркелген. Оның ішінде: 775 адам жалдамалы  жұмыс жасайтындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 165 және 314 адам жеке негізде жұмыс істейтіндер. 2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 63, тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 69,  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны -24. Жұмыссыздық деңгейі жыл аяғында 5 % құрап отыр. 2019 жылы ауылдық округі бойынша 1 отбасына тұрғын үй көмегі берілсе,  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек – 78 отбасына мемлекеттік  жәрдемақы тағайындалды.  

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқығандар саны 12, кәсіпкерлік саланы  дамыту үшін 7 азамат 20,5 млн теңге несие алып мал шаруашылығын дамытуда. 

 «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша ауылдық округ бойынша 3 жоба, мал шаруашылығы- 2, фото, видео студиясы-1, құны-11,0 млн қаржыландырып жұмыс жасауда.

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасының екінші бағыты аясында Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру  мақсатында ауылдық округ бойынша 16 жоба ұсынылып 14 жоба бойынша 6,5 млн теңгеден қайтарымсыз грантка ие болды. 14 жаңа жұмыс орны ашылды, жобалардың атауы: Құс шаруашылығы, сән салон, қой шаруашылығы, дәнекерлеу, фото,видео студиясы, кондитерлік өнім шығару цехы, жиҺаз цехы, тігін цехы, мал шаруашылығын ашып жұмыс жасауда.

  Шағын және орта бизнес: ауылдық округ бойынша  2019 жылы  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 азамат Саметов Шырынхан 1,5 млн , Сейдалина Ажар 1,5 млн, Құрманбеков Дәурен 4,0 млн несие алып  МІҚ малдарын алып мал бордақылаумен және көбейтумен  айналысуда және Микробизнес Қызылорда «Өңірлік инвестициялық орталығы»  арқылы елді мекен бойынша 3 адам  Асқаров Нүркен 4,0 млн, Оразбаев Жеңіс 5,0 млн, Көреген Қайрат 2,0 млн несие алып МІҚ және жылқы малдарын алып ет бағытында мал бордақылаумен айналысуда және «Сырдария -1» несие серіктестігі арқылы 2 азамат 8,0 млн несие алып мал шаруашылығын дамытуда.

Құрылыс саласы: «Ақжарма и К» ш/қ төрағасы Қ.Нұрсейтовтың бастамасымен ауыл тұрғындары және кәсіпкерлердің демеушілігімен ауыл орталығынан жаңа мешіт құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2019 жыл «Жастар жылы» аясында «Ақжарма и К» ш/қ демеушілігімен ауыл жастарын тұрақтандыру мақсатында шаруашылықта жұмыс жасайтын жас мамандар үшін  үш тұрғын үйдің ірге тасы қаланып, бір тұрғын үй ауыл тұрғыны көп отбасылы азамат Тимур Шайымовқа пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы одан әрі жұмысы жалғасуда.

Ақжарма ауылдық ветеринариялық станса мекемесі арқылы 2019 жылы көктем және күз айларында, сібір жарасы, аусыл, күл, қарасан, құтыру, эктима, пастереллез ауруларына қарсы  алдын-ала егу іс-шаралары жұмыстары жүргізілді. Елді мекен бойынша мал саны: МІҚ –2770, Қой - Ешкі – 2138, Жылқы – 1066, Көктем және күз айларында құтыру ауруларын болдырмау мақсатында 43 бас қаңғыбас ит және  5 мысықтың көзі жойылып арнайы орынға тасталды.

№130 Абай атындағы орта мектебі бойынша: оқушылар саны - 549 , мектеп алды даярлық-59. Оқушылар 2 ауысымда оқиды. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен мектеп жанындағы «Балдаурен»  күндізгі тынығу лагерінде 75 бала демалса, «Жалын» тынығу лагерінде 40 бала,

«Ақжарма и К» ш/қ төрағасы Қ.Нұрсейтовтың демеушілігімен Жаңақорған ауданы «Талды су» тынығу лагеріне 10 оқушының демалуына жолдама берсе, «Ақжарма-2» ш/қ төрағасы М.Бисеновтың демеушілігімен Көкшетау қаласындағы «Лесная сказка» тынығу лагеріне 15 оқушыға жолдама берілді.  

Оқушылардың барлығына сапалы білім мен саналы тәрбие беретін 94 мұғалім сабақ береді. Олардың  ішінде: жоғары санатты-3, бірінші санатты-44, екінші санатты-37, 2018-2019 оқу жылы бойынша 11-ші сыныпты 32 оқушы бітірді. Оның 23 Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, нәтижесінде 21 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.  Ұлттық біріңғай тестілеудегі орташа ұпайы-74,5.  

2019-2020 оқу жылы бойынша 11 сынып бітірушілер саны -21. Оның 16-і Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға дайындалуда. Қазіргі уақытта  қыркүйек-желтоқсан айларында бітіруші сыныптардан 12 рет сынама тест алынып, орташа ұпай 81 пайызды құрап отыр.   

«Бүлдіршін» балабақшасында: 5 топ бойынша 120 бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Балабақша қажетті құралдармен, жарық пен сумен және  жылумен  қамтылған. Ата – аналар төлемақысын уақытылы төлеп, кәсіпкер азық–түлікті уақытылы жеткізіп отыр. Балабақшадағы  қызметкерлер саны: педагог кадр 14, техникалық  қызметкерлер 23. Барлығы 37 қызметкер жұмыс жасайды.

Ауылдық кітапхана:  Кітап қоры – 22 269. Оқырмандар  саны: 1004. Келушілер  саны: 12051.  Келіп  түскен жаңа  кітаптар  саны: 200 дана. Рабис  бағдарламасының  «Катализатор»  модуліне      22263    дана  кітап  енгізілді.

Ақжарма ауылдық мәдениет бойынша: Ақжарма ауылдық мәдениет үйі 1976 жылы салынған, 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. 350 орындықты көрермендер залы, сахна, фойе,  кітапхана, ардагерлер, үйірме,каворкинг  екі әрлеу бөлмелері  орналасқан. Жыл басынан бері  мекеме 60 мәдени іс-шаралар өткізді. Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық барлығы 26 байқауға қатысып 10 рет жүлделі орындармен және 13 алғыс хаттар мен марапатталды. Ақылы қызмет  жоспары 788,0 мың, жоспар бойынша 100% ға орындалып мақсатты түрде жұмсалуда.

  Ақжарма ауылдық дәрігерлік емханасы: Ақжарма ауыл халқына емханалық көмек көрсетеді. Емханада 1 дәрігер (1 бірінші санатты),    1 акушер, 1- әлеуметтік қызметкер, 14 орта буын, (12 маман сертификатты) 4 кіші буын қызметкерлер жұмыс істейді. 2019 жылы дәрігерлік қабылдауда болған науқастар саны 3470 диспансерлік есептегі науқастардың саны-444. Туылған бала саны-40, Қайтыс болған адамдар саны-12.  

 «Қазпочта» АҚ-ы бөлімшесі: Ақжарма ауылдық округі Қазпочта байланыс бөлімшесі арқылы ауыл  зейнеткерлеріне, ауыл тұрғындарына берілетін  жәрдемақыларды және басылымдарды таратады . Қазіргі таңда «Қазпочта» халыққа 20 түрлі қызмет көрсетуде.

Салық түсімдері: Ақжарма ауылдық округі бойынша салық түсімдері  жыл қортындысымен мүлік  салығы бойынша 50 мың теңге 125,5 пайыз, жер  салығы 188,8 мың  теңге 108  пайыз, көлік салығы 4 642,1 мың  теңге 115,6 пайыз, 2 673,7 мың теңге 164 пайызға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы орындалып, бюджет  қорына  түсіріп,  жоспар   100% - ға  орындалды.

  Ауыл әкімінің аппараты бойынша:  2019 жылы  ауыл әкімінің 50 – шешімі, 134 – өкімі қабылданып,  30 өтініш жеке тұлғадан келіп түсті. Өтініштер ҚР заңнамасына сәйкес өз уақытында қанғаттандырылды, 2019 жылы 1682 кіріс, 682 шығыс құжаттары қабылданды.

Әскери қызмет бойынша: Ақжарма  ауылдық округі бойынша  әскери міндеттілер саны 583, әскерге шақырушылар саны 127 оның ішінде  49 азамат әскерге  шақырылып, 8 азамат  Отан алдындағы борышын өтеуде. Медициналық  сараптамадан  өтпей жалтарып жүргендер жоқ.  

Абаттандыру бойынша: Ақжарма ауылдық округі бойынша  400 мың теңгеге орталық алаңға әр түрлі гүлдер отырғызылып, 730,0 теңгеге көгалдандыруға темір шарбақ орнатылды, 950,0 теңгеге елдімекеннің екі жақ бетінде кіре берісінде орналасқан аркаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ескі трасса бойындағы жарық шамдар толығымен 50 ваттық шамдарға ауыстырылды. Сонымен қатар елді мекенде 25 рет сенбілік ұйымдастырылып онда 2000 түп ағаш егілді, 645 м3 күл-қоқыс шығарылып тиісті орынға тасталып, елді мекен бойынша санитарлық тазалық жұмыстары алға қойылған.

 2019 жыл «Жастар жылы» аясында «Ақжарма-2» шаруа қожалығында арнайы жастар бригадасы құрылып «Ақжарма-2» ш/қ демеушілігімен ауыл орталығынан «Жастар аллеясы» құрылысы салынып, гүлзарлар мен жарық шамдар орнатылып пайдалануға берілді. «Ақжарма-2» ш/қ төрағасы М.Бисеновтың демеушілігімен 15 млн теңгеге елді мекенге кіре беріс екі аркаға дейін барлығы 140 дана баған қойылып жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Елді мекенде аяқ су мәселесін шешу мақсатында «Ақжарма и К» шаруа қожалығы демеушілігімен ауыл ішілік «Дәулет арық», «Ақжарма» каналдары қазылып, тазартылып, аяқ су жүретін трубалар салынды және «Ақжарма-2» шаруа қожалығы демеушілігімен ауыл ішілік арықтар тазартылып, қазылды. Бұл жұмыстар осы жылы көктемгі уақытта жалғасын табатын болады.  

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

2020 жылға Садық ахун, А.Есентұров, Т.Балапанов, М.Әукенов көшелерін жарықтандыру жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттары жасалынып, қаржысы бөлінуде.

2020 жылы ауылішілік (М.Томпалақов, Ж.Домбаев, Садық Ахун, М.Әукенов, Е.Омаров, А.Есентұров, Т.Балапанов, Б.Арыстанов) көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары жасалынып, қаржысы бөлінуде.

А.Есентұров, Е.Омаров, Садық Ахун көшелеріне темір-бетон лотоктар орнату жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары жасалынып, қаржысы бөлінуде.

Елді мекенге кіре беріс ескі трасса бойында орналасқан жасыл белдеулерді жаңалау, көгалдандыру;

Елді мекен кіре беріс аркаларға және ауыл орталығына камера орнатуға жоба сметалық құжатын дайындап, жыл аяғына дейін орнатуға жұмыс жасау;

Елді-мекенде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жұмыс жасау; Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстау бағытында жұмыстарды жалғастыру;

2020 жыл волонтерлер жылы болып жариялануына байланысты жастармен жұмысты жандандыру;

Кәсіпкерлікті дамыту  арқылы, ауыл тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету;

«Бизнестің жол картасы 2020», ««Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған» бағдарламалары арқылы мемлекеттен несиеге мал алып, егін егіп, тағы да басқа кәсіп түрлерін ашуға, әрі қарай кеңейтуге қолдау жасау.

 

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 35

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты