Айдарлы ауылдық округінің әкімі А.Ержановтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:23

Айдарлы ауылдық округінде 307 отбасында 1734 халық бар. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 782 адамды құрайды. Ауыл орталығында 1 орта мектеп, балабақша, емхана, ауылдық клуб, кітапхана, телефон байланысы халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте 12 тыл ардагері, 171 зейнеткер, 47 мүгедек және 35 «Алтын алқа», 40 «Күміс алқа» алқаның иегерлері бар.                            

Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға қаралған қаржысы 69 598,0 мың теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 17 610,0 теңге болып, 103,1 пайызға, жер салығы 70 678,0 теңге болып, 103,7 пайызға, көлік құралдары салығы 965 000,0 теңге болып, 205,8 пайызға, жеке табыс салығы 603 000,0 теңге болып 114,1 пайызға орындалды. Жыл аяғына жалпы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына салықтық және салықтық емес түсімдер 1 887,600,0 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы: Айдарлы ауылдық округ бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына ауыл тұрғындарының есебінде, шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда 2  678 бас ірі қара, 1 224 бас уақ мал, 578 бас жылқы, 14 бас түйе және 5 287 бас құс бар. Өткен жылмен салыстырғанда уақ мал басы көбейген, ал мүйізді ірі қара малы басы 10 пайызға өсті. 2019 жылы ауылдық округ бойынша бақша 54 гектар, картоп 17 гектар, көкөніс 4 гектар барлығы 75 гектарға егін егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынды.

Білім: ауылдық округте 624 орындық №139 орта мектебінде шәкірттерге білім беретін 55 мұғалімнің 11-і жоғарғы біліктілік санатты, 17-і I біліктілік санатты, 12-і II біліктілік санатты. Жаңа ережеге сәйкес, 7 педагог-зерттеуші, 6 педагог-сарапшы, 12 педагог-модератор жұмыс жасайды.

2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші 6 түлектің 2-і ҰБТ-ға қатысты. Олардың орташа балы 95 балл болды. ҰБТ тапсырған 2 оқушы грант иегері атанып, қалған 4 оқушы колледжге оқуға түсіп студент атанды.

Қазіргі таңда 52 мұғалімнің 48-і жаңартылған мазмұн бойынша оқып, сертификаттарын алып, жұмыс жасауда. Оқу жылының басынан бері 2 мұғалім үштілділік бағдарламасы бойынша курстан өтті.

 Оқушылардың жетістіктеріне тоқталатын болсақ: Республикалық «Ақбота» марафонына 12 оқушы, 3-10 сыныптар арасында өтетін дәстүрлі «Britsh Buiidog» Халықаралық ойын конкурсына 8 оқушы, «Русский медвежонок» ойын конкурсына 16 оқушы, «I Qanat» Республикалық пән олимпиадасының Нұр-сұлтан қаласында откен ақтық сайысына 1 оқушы, «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына 2 оқушы, Шеберлер қаласы  «Ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты көрменің облыстық кезеңіне 3 оқушы, Республикалық кезеңіне 1 оқушы, «Зерде» ғылыми байқауына 7 оқушы, Юниорлық олимпиаданың аудандық кезеңіне 2 оқушы, «Кенгуру лингвистика» сайысына 14 оқушы  қатысып жүлделі орындарды иеленді. 10 – сынып оқушысы Тұрсынбай Аякөз «Жас өркен» номинациясы бойынша Халық қалаулысы атағын Республика бойынша жеңіп алды.

«Нұр-сәби» балабақшасында 25 бала тәрбиеленуде. Онда 5 тәрбиеші, 14 техникалық қызметші жұмыс істейді.

 Педагог қызметкерлер – 5, бірінші санатты-3,екінші санатты – 2.

Бүлдіршіндердің, ата-аналардың және ұстаздардың қатысуымен мерекелік шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келеді.

    Балабақша тәрбиешілері: әдіскер Г.Паттеева  «Педагог мәртебесі туралы» республикалық байқауда материалы жарияланып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Әдіскер Г.Паттеева, психолог Ж.Жиренова, тәрбиеші  К.Нурпеисованың мақалалары «Білім - Нұр» халықаралық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журналында жарияланды және сертификатпен марапатталды.

Денсаулық: Ауылдық дәрігерлік емханада 1 дәрігер, 5 аяжан, 2 кіші медициналық қызметкер жұмыс атқарады.

2019 жылы емханаға келіп қаралған адам саны-2959, оның ішінде аурушаңдықпен қаралғаны-1259 адам. Шақырту бойынша 660 науқас үйден қаралып, оның ішінде 344 науқас белсенді түрде ем алды.

2019 жылға 20 әйел жүктілікпен тіркеліп, 2018 жылдан қалған әйелдерді қосқанда 24 әйел босанды. Перинатальді өлімі болған  жоқ.

Диспансерлік есепте тұратын науқастар мен 1 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмекпен балалар тамағы берілді.

Мәдениет: ауыл клубында қызметкерлер саны: 10 адам. 2019 жылы ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен 47 мәдени–көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Оның ішінде ауыл тұрғындарының қатысуымен 12 мерекелік концерт, аудандық деңгейде 2 іс-шара, 7 байқау, 6 тақырыптық кеш, 17 би кеші өткізілсе, ауыл тұрғындарына Халық театрының 3 театрландырылған қойылымы, 1 кино, көрсетілді. Клуб үйінде 6 үйірме жұмыс жасайды.

Клуб үйінде ән, би, көркемсөз, қолөнер үйірмелері, «Сұлуай» әжелер ансамблі және Айдарлы халық театры жұмыс жасайды. ХХІ «Бозторғай» байқауынан көркемсөз жанры бойынша Амантай Гүлім ІІ орынды, ХV жастар дельфи ойындарынан бейнелеу өнері жаныры бойынша Төлеген Жансая ІІ орынды, халықаралық «Үкілі үміт» фестивалінан ән жаныры бойынша Сүлейбеков Бақытбек және көркемсөз жаныры бойынша Амантай Гүлім бас жүлде, «Кино – тарих» атты аудандық кинопародия байқауында клуб ұжымы Алғыс хатпен, Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық фестивалінен «Бас жүлде» иеленді.

2019 жылдың ақылы қызмет жоспары 642,0 мың теңге болып бекітіліп, осы жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдық округтегі №11 филиал кітапханасының пайдалы алаңы 82,0 шаршы метр. Онда 18 189 кітап қоры, 12 орындық оқу залы бар.

2019 жылғы оқырман саны-800 адам, берілген кітап саны-15 266, келуші саны-9 617, жаңа түскен кітап саны-186.

Жыл көлемінде көркем әдебиеттерді, балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 35 мәдени шара өткізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылдың 1-ші қаңтарына 1734 адам, оның ішінде 782 экономикалық белсенді халық, 412 адам жалдамалы жұмыс атқарады, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке негізде жұмыс істейтіндері 298 адамды құрады. 2019 жылы жұмыссыз ретінде хабарласып, тіркеуге алынған 40 адамның жолдамамен жұмысқа орналасқаны 15, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 14 адам, әлеуметтік жұмысқа тартылғаны 1 адам.

2019 жылы ауылдық округ бойынша 58 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік қаржылай көмек алды.

Кәсіпкерлік: Қазіргі таңда тіркелген кәсіпкерлер субьектілері - 104. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны-97. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 93,1 пайызды құрады. 2019 жылы 18 кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп 25 жұмыс орны ашылды.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып кәсіптерін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер: «Іскер» бағдарламасы бойынша 2 кәсіпкер 8,8 млн. теңге несие алды. «Микро бизнес» бағдарламасы бойынша 3 кәсіпкер 9,2 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін бастады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 1 жоба мақұлданып, 20 млн теңгеге қаржыландырылды.

 «Стартап» жаңа бизнес идеяларды қолдау бойынша 2 жоба жеңімпаз атанып 505 мың теңге және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының грант тетігі бойынша 1 жас кәсіпкер 450 мың теңге көлемінде грант қаражатын алды.

«Бизнес бастау» жобасы бойынша оқытылуға тиісті 7 адамның 7-де оқытылды. Мамандық саласы бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау курсын 2 адам оқып шықты.

Айналым қаражаты 2 млн. теңгені құрайтын шағын және орта бизнес субьектілерінің саны әзірге 5. 

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар: 

1. Елді мекендегі қоғамдық саяси ахуалды, тұрақтылықты қалыпты ұстап тұру;

2. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы, ауыл тұрғындарын жаңа жұмыс  орындарымен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету;

3. Ауыл халқына түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекеттен жеңілдетілген несиеге мал алып, егін егіп, тағы да басқа кәсіп түрлерін ашуға, кәсіптерін әрі қарай кеңейтуге қолдау жасау;

4. Ауылдың ішкі су жолдары Тораңғылды және Уалихан каналдарын тазарту жұмыстарын жүргізу;

5. Ескі емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартып «Нұр сәби» балабақшасына 2-ші топ ашу;

6. Кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық басқармасына тіркелуіне, салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету;

7. Қ. Еспенбетұлы, І. Шамах және М. Нұртаза көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көшенің түнгі жарық шамдарын орнатуға ықпал жасау.

8. Ауылға келген инвесторлармен бірігіп, елді мекеннің әлеуметтік – экономикалық деңгейін көтеру;

9. Ауыл ішіндегі тозығы жеткен электр желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау;

     

 

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 43

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты