А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаровтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:04

 Ауылдық округ бойынша 290 отбасында 1545 халық тұрады (о.і экономикалық белсенді халық саны 694 адам). 15 тыл ардагері, 163 зейнеткер, 53 мүгедек, 23 «Алтын алқа» және 18 «Күміс алқа» иелері бар.

 

Өткен  жылы  жеке және заңды тұлғалардан  барлығы  9 өтініш  келіп түсіп, заң талаптарына  сәйкес жауаптар берілді. Ауылдық округі  әкімі  аппаратында  жыл басынан бері 24 шешім, 90 өкім шығарылды. 2019 жыл бойынша 119 нотариаттық іс жасалып, барлығы 27093 теңге баж алымы алынып, жергілікті бюджетке түсірілді.

2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 87 346 900 теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 26141 теңге болып 120,8 пайызға, жер салығы 85 672 теңге болып 141,7 пайызға, көлік құралдары салығы 1 689 523 теңге болып 153,9 пайызға, жеке табыс салығы 553650,85 теңге болып 118,0 пайызға және заңды тұлғалардың жер салығы 5410 теңге болып 106 пайызға орындалды. Заңды тұлғалардың көлік салықтарына салынатын салығы 35350 теңге болып, 100 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, 2019 жылы қолма-қол бақылау шотына барлығы 1 673 227 теңге 87 тиын түсті (оның ішінде: 2018 жылдан қалған қалдық 10 000 теңге). Қолма-қол бақылау шотына түскен қаржы түрлі мақсаттарға заңға сәйкес жұмсалды.

 Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарында  2859 бас ірі қара, 1264 бас уақ мал, 720 бас жылқы, 102 бас түйе, және 657 бас құс тіркелді. Қырым-конго қанды безгегіне қарсы  228  мал қора, мал тоғыту ваннасында 1002 бас уақ мал,  2560 бас ірі қара, 104 бас түйе малдарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 44 бас қаңғыбас ит мысықтар жойылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы ауылдық округ бойынша 6 шаруашылық,  барлығы 1070 га күріш, 485 га жоңышқа, 45 га бидай, 7,5 га қауын-қарбыз, 20 га картоп және 20 га көкөніс егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынды.  

Білім саласы: Ауылымызда орналасқан №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп 624 орынды қамтиды, онда 2019-2020 оқу жылында оқитын 257 оқушыға 49 мұғалім сабақ беруде. Мектеп бойынша 34 мұғалім жаңартылған оқу мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2018-2019 оқу жылында 255 оқушы аяқтады, Олардың 15-і ҰБТ-ға қатысып, түгелімен мемлекеттік грант иегері атанды. 3 оқушы  «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы Солтүстік облыстардың арнаулы оқу орындарына түссе, 2 оқушы ақылы         жоғарғы оқу орнынана 1-і Сырдария агроколледжге орналасты. Алтын белгі иегерлері 2. Орташа балл – 91 балл.                            

Мектеп бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 80 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. 

90 орындық «Балауса» бөбекжайында 75 бала тәрбиеленуде. Онда 10 педагог кадрлар, 19 техникалық қызметші жұмыс істейді.

Денсаулық саласы: Ауылдық емханада барлығы 10 адам жұмыс жасайды.

2019 жылы емханада адам шақырту бойынша, 221 адам үйден қаралып, белсенді түрде ем алса, профилактикалық байқаудан 1451 ауыл тұрғыны өткізілді.    

Ауыл бойынша өткен жылы туылған бала саны 33, қайтыс болғандар саны 7 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі тіркелген жоқ. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті көмектер уақытылы көрсетілді.               

Мәдениет саласы: Ауылдық клубта барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылы клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 54 мәдени шаралар өткізілді. Үйірме өнерпаздары  2019 жылы аудандық 29 байқауға қатысып, 4 бас жүлде, 3 бірінші, 3 екінші, 6 үшінші орын иемденіп, 3 облыстық байқауға жолдама алды.

2019 жылдың ақылы қызмет көлемі 428,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдағы №5 филиал кітапханасында 26265 кітап қоры және 8 орындық оқу залы бар. Берілген кітап саны: 15 740, келуші саны 9615, жаңа түскен кітап саны 233. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 29  мәдени шара өткізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша Жұмыссыздар саны 35 (5,0%), өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтығандар 86. Жұмыспен қамтылғандар 603, әскер қатарындағылар 6, студенттер 98, зейнеткерлер 163, мүгедектер 53, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандар саны 31. Тұрақты жұмысқа орналасқандар 27. Жастар практикасына 6 адам тартылды.

2019 жылы 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алатын 52 отбасына есептеліп, қазіргі күні 33 отбасы алуда.

2019 жылы кәсіпкерлер мен ауыл мекемелері ұжымдарының демеушілігімен 157 адамға 5 224 500 теңгенің киім-кешегі мен азық-түлігі берілді.

Кәсіпкерлік саласы: тіркелген кәсіпкерлер саны 182. Жұмыс жасап тұрғаны 171 болып, ал тоқтап тұрғаны 11. Жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 93,9 пайызды құрады. Олар: жеке кәсіпкер 54, шаруа қожалығы 128. Олардың мал шаруашылығымен 105, егін шаруашылығымен 23, басқалары түрлі кәсіппен айналысады. Айналымы 2,0 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5. ЖШС 6. Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының аудандағы өкілі тарапынан ауыл кәсіпкерлеріне 33 көмек 13 кеңес жасалды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының екінші  бағытына сәйкес «Cтартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында қысқа мерзімді техникалық білім алу және қайта даярлау мақсатында 9 адам оқудан өтіп, нәтижесінде  6  жас   505,0 мың теңге және 29 жастан асқан 3 ауыл тұрғыны  252,5 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасы  грант бөлу тетігі  шеңберінде 18-29 жас аралығындағы жастар арасында 1 жастың «Көлік жөндеу шеберханасы» жобасы мақұлданып 667,0 мың теңге грант алып, жұмыс жасауда.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауыл шаруашылығын қолдау қоры   арқылы мал бордақылау, мал басын көбейтуге байланысты құны 11,1 млн. теңгенің 5 жобасы қаржыландырылды.

Микробизнес-Қызылорда бағдарламасы арқылы 2019 жылы шағын несиелеуге 2 жоба ұсынылып, құны 8,9 млн. теңге несие алды.

«Агробизнес» бағдарламасы арқылы «Асыл тұқымды мал басын көбейту» мақсатында «Әліп» шаруа қожалығы 5,0 млн. теңге несие алып, оған 1 асыл тұқымды айғыр мен 15 бас аналық жылқы алып, жұмыс жасауда. «Іскер» бағдарламасы арқылы «Асыл тұқымды мал басын көбейту» мақсатында «Бесқасқа» шаруа қожалығы 6,0 млн. теңге несие алып, оған 2 асыл тұқымды айғыр мен 17 бас аналық жылқы алып жұмыс жасауда.

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыған адамдар саны: 19 адам. «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыған адам саны 6.

Қоғамдық-саяси ахуал туралы. Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.

Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2019 жылы  27 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

2019 жылы «Ауыл мешіті» жанынан асхана салынды және ауыл әкімшілігі жанынан «Ардагерлер» бөлмесі  ашылды.

Сонымен қатар, А.Құнанбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтталса,  Қызылорақ,  Бидайкөл көшелеріне тас төселді.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар.

1. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

2. Ауыл халқы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы, мемлекеттік бағдарламалары арқылы мемлекеттен несиеге мал  алып, кәсіп ашуына қолдау көрсету; Кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық басқармасына тіркелуін және салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету;

3. Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалды және тұрақтылықты қалыпты ұстап тұруға байланысты арнайы жасалған жоспарды жүзеге асыру;

4. Ауылішілік 2 көшені (С.Ысқақов, Ш.Ташимов) жарықтандыру жұмыстарын  жүргізу.

5. Ауыл бойынша көркейту-көгалдандыру және абаттандыру, көшелерді  жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

6. Балалар ойын алаңына сметалық құжат дайындап, салу.

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 37

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты