Аманкелді ауылдық округінің әкімі Қ.Құлымбетовтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:22

         Қазіргі таңда, Аманкелді ауылдық округі бойынша 537 отбасында 2712 халық тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 1234 адамды құрайды. Аманкелді ауылында мектеп-лицей, балабақша, аурухана, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, қазпошта бөлімшесі, ветеринариялық станция, ауылдық әуез мектебі, спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылда 12 тыл ардагері, 280 зейнеткер, 80 мүгедек, 34 «Алтын алқа» және 62 «Күміс алқа» иегерлері бар.

Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға қаралған қаржы -206 641,1 мың теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 77,6 мың теңге болып 149,4 пайызға, жер салығы 46,2 мың теңге болып 110,2 пайызға, көлік құралдары салығы 5 816,1 мың теңге болып 257,8 пайызға, жеке табыс салығы 560,2 мың теңге болып 186,8 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 2815 бас ірі қара, 3016 бас уақ мал, 1894 бас жылқы, 310 бас түйе және 1036 бас құс бар. Өткен жылмен салыстырғанда барлық мал басында өсім бар екендігі байқалады.

Сонымен қатар, 2019 жылы ауылдық округ бойынша жеке қожалықтармен барлығы 224 га егін, атап айтқанда: 10 га картоп, 7 га бақша, 3 га көкөніс, 4 га жүгері, 200 га ескі жоңышқа егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынды.

Білім саласы: №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп лицей ғимараты 1986 жылы 624 орындық, екі қабатты типтік жобада салынған.

Қазіргі таңда мектеп-лицейде 522 оқушы және мектеп алды даярлық тобында 34 оқушы білім алуда. 71 педагог кадрлар жұмыс жасауда.

Жаңа форматта 3 зерттеуші, 15 сарапшы, 3 модератор мұғалім бар.

2018-2019 оқу жылының ҰБТ көрсеткіштері де жақсы деңгейде болды. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп-лицейдің орташа балы 86,1 балл болды. 12 түлектің 9-ы ҰБТ-ға қатысып, 7 оқушы мемлекеттік грант иегерлері атанды. Бітірген оқушылар 100% жоғары оқу орындарына және колледждерде білім алуда.

№8 «Айгүл» балабақшасы 1980 жылы типтік жобада салынған. Қазіргі таңда 6 топта 125 бала тәрбиеленуде.

6 топта 16 педагог еңбек етеді. Оның ішінде жоғары білімдісі-10, арнаулы орта білімдісі-6.

Облыстық бюджеттен бөлінген 78 456,8 мың теңге қаржыға мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен  ПК «Ерзат» жеңімпаз атанып, 70 611,2 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға барлық топтарға және ғимарат сыртына бейнебақылау камерасы орнатылды. Балабақша алдындағы балалар ойын алаңы жөндеуден өткізіліп, абаттандырылды.

Денсаулық: Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Аманкелді ауылдық ауруханасы екі қабатты ғимаратта қызмет көрсетіп келеді.

         Барлығы 32 қызметкер жұмыс жасайды. 15 төсек орындық аурухана жұмыс жасайды. 2019 жылы 4056 адам жалпы қабылдауда болған.

          Мәдениет: Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды. 2019 жылы мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен 56 мәдени іс-шара өткізіліп, 9120 көрермен қатысты.

Жыл көлемінде өнерпаздар барлығы 36 түрлі байқауларға қатысып, (24 - аудандық, 9-облыстық, 3 – республикалық) жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Кәсіпорынның жылдық ақылы қызмет жоспары 788,0 мың теңге болса, ол 788,0 мың теңге 100% орындалды.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 780,0 мың теңгеге лэд экран, 750,0 мың теңгеге музыкалық аппараттың негізгі құралдары және түрлі-түсті жарықтық құралдар, микрофондар, 1 компьютер жиынтығы, ноутбук сатып алынып, пайдалануға берілді.

Ауылда 2014 жылдан бастап Аманкелді ауылдық әуез мектебі жұмыс жасап келеді. Домбыра, қобыз, баян, хор, би, дәстүрлі ән сыныптарында барлығы 120 оқушы оқиды, 14 мұғалім қызмет атқарады.      

Мектеп оқушылары 14 аудандық, 1 облыстық, 13 республикалық, 1 халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Елді мекенімізде ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Кітап қоры 18398 дана. Жыл сайын кітапхана жаңа кітаптармен толығып отырады. Оқырмандар арасында кездесулер, дөңгелек үстел шаралары өткізіліп тұрады.

Жастар жылында ауылдық округте көптеген іс-шаралар (мәдени, спорттық, қоғамдық) ұйымдастырылды. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту барысында түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп, 18-29 жас аралығындағы 19 (он тоғыз) азамат аталған бағытта несиелер, гранттар алуға қолдау тапты. Ауыл жастары Мейрамбекқызы Құралай, Шәпи Ғасырбек, Науан Жанерке, Оразова Гүлзат аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары. «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Төлеген Піржан облыстық, республикалық және ТМД бойынша үздік студент атанды. Ауылдық кітапханадан ауыл тұрғындары мен жастары арнайы уақытын тиімді өткізу мақсатында коворкинг орталығы ашылды.

Аманкелді ауылдық ветеринариялық станцияда 4 қызметкер жұмыс атқарады. Жыл көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларына 14 түрлі ауру түрі бойынша екпе жұмыстары жүргізілді.

2815 бас мүйізді ірі қара, 3016 бас уақ мал, 1894 бас жылқы, 310 бас түйе бірдейлендірілді.

Бей-берекет, иесіз жүрген 49 ит және 3 мысық жойылды.

Ауылды көркейту-көгалдандыру мақсатында 500 метр жер қоршалып, «Жастардың жасыл белдеуі» орналастырылып ағаш егілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау:  Ауылдық округ бойынша тіркелген жұмыссыздар  саны 63 (5,1 %), 2019 жылы ауыл бойынша аз қамтамасыз етілген 87 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

«Нәтижелі  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының бағытына сәйкес қысқа мезімді кәсіптік оқу  бойынша 9 азамат оқыды.

Бағдарламаның 2-бағыты бойынша кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында 16 азамат несие алуға құжаттарын өткізіп, 14 азамат несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 8 адам, жастар тәжірибесіне 4 адам, қоғамдық жұмысқа 24 адам қамтылды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандар саны-18. 

«Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқығандар саны-5.

«Бизнес Бастау» жобасы бойынша 9 адам оқытылды.

Жыл басынан бері жоспар бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылуға тиіс болса, 53 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады.

Кәсіпкерлік саласы: Аманкелді ауылдық округі бойынша салық басқармасына барлығы 169 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

 Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 158 жалпы кәсіпкерлерге үлесі 93,2 пайызды құрайды.

2019 жылдың басынан бері 40 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.

Жылдық айналым қаражаты 2,0 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер саны-8.

 2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 34,5 млн. теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылды.

«Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі арқылы 1 жоба Р.Абдинабиев (2 млн) .

 «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі арқылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында ЖК «Ғалымжан» Ғ.Байжанов (Монша қызметін кеңейту жобасы) 2 млн. теңге қаржыландырылды.

Б.Сейдалиев «ҚазАгро» мекемесіне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында құны 3,3 млн. теңге болатын «Мал басын көбейту» жобасы бойынша құжаттар өткізілді, қаржыландыру күтілуде.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Жаңа бизнес идеяларға грант беру» тетігі бойынша Аманкелді ауылдық округі бойынша 3 жоба 252 мың теңгеден қайтарымсыз қаржымен қаржыландырылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытымен Аманкелді ауылы бойынша 9 азамат визажист, тігінші, кондитер, газ операторы мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың» 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 5 азамат әр қайсысы 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржымен қаржыландырылды.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының грант бөлу тетігі бойынша конкурсқа 2 жобасы ұсынылып, жеке кәсіпкер Дәурішхан Айгерим ЖК «Дәурішхан» «Кондитер өнімдерін өндіру» жобасы (құны 250,0 мың теңге) қайтарымсыз қаржымен қаржыландырылды.

Есепті кезеңде ауылда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Ауылдық округтегі 13 көшенің 2-і ғана жарықтандырылған. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында қосымша 4 көшені жарықтандырудың, 2 көшеге тратуар яғни жаяу жүргіншілер жолын орналастырудың жоба сметалық құжаттары дайын, қаржы бөлу күтілуде.

2014-2015 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында әрбір үйге таза ауыз су кіргізіліп, бүгінде ауыл халқы 24 сағат бойы таза ауыз сумен қамтылған.Тұрғындардың есік алдындағы бау-бақшалығы жаз бойы аяқ сумен уақытылы қамтамасыз етілді. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Қызыл-Ту», «Қосапан» каналдарын тазалаудың жоба сметалық құжаты әзірленіп, «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қаржы бөліп, тазарту жұмыстарын жүргізуге ұсынылды.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

 

1. «Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстау бағытында жұмыстарды жалғастыру.

2. А.Ағайдаров, Қ.Баймағанбетов көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын орта жөндеуден өткізу, қосымша 4 көшені жарықтандыру;

3. Т.Тышқанбаев көшесінің шығысындағы жаңадан салынып жатқан 2 (екі) көшеге тас төсеу жұмыстарының жоба сметалық құжаты дайын, жұмысына қаржы қарастыру;

4. Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау, үгіт- насихат жұмыстарын жандандыру;

5. Елді-мекенде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жұмыс жасау.

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 81

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты