Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі Н.Қарсақбаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы есебі

Жарияланды: 31 желтоқсан, 2019 11:07

 

Ауылдық округ бойынша 211 отбасында 1118 халық тұрады (о.і экономикалық белсенді халық саны 517 адам). 2 тыл ардагері, 112 зейнеткер, 32 мүгедек, 20 «Алтын алқа» және 17 «Күміс алқа» иелері бар.

Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппаратының 2019 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 78901,9 мың теңге болып бекітіліп, бөлінген қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.

2019 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы жоспары 17894 теңге болса, орындалуы 23132 теңге 129,2 пайызға, жер салығы жоспары 43657 теңге, орындалуы 54579 теңге 125,0 пайызға, көлік құралдары салығы жоспары 788941 теңге орындалуы 889354 теңге  112,7 пайызға, жеке табыс салығы жоспары 101000 теңге, орындалуы 85440 теңге болып 85,0 пайызға және заңды тұлғалардың жер салығы жоспары 7000 теңге орындалуы 7000 теңге болып 100,0 пайызға орындалды.

2019 жылы қолма-қол бақылау шотына барлығы  943,1 мың теңге түскен.

 Ауыл шаруашылығы саласы: Ауылдық округ бойынша 2018 жылы ауыл тұрғындарының есебінде 725 бас ірі қара, 862 бас уақ мал, 397 бас жылқы және 343 бас құс бар болса, 2019 жылы ауыл тұрғындарының есебінде 785 бас ірі қара, 878 бас уақ мал, 402 бас жылқы және 343 бас құс бар.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2018 жылы «БАҚ» шаруа қожалығы 700 га күріш, 75 га жаңа жоңышқа, «Бекпенбетова» шаруа қожалығы 58 га жерге күріш, «Сүндетбай» шаруа қожалығы 93 га жерге күріш орналастырса, 2019 жылы «БАҚ» шаруа қожалығы 500 га күріш, 203 га жоңышқа, «Нұрбек» шаруа қожалығы 500 га күріш, 125 га жоңышқа, «Бекпенбетова» шаруа қожалығы 58 га жерге күріш, «Сүндетбай» шаруа қожалығы 110 га жерге күріш орналастырды.

Сонымен қатар, 2019 жылы ауылдық округ бойынша жеке қожалықтармен барлығы 28 га егін егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынды.  

Білім саласы: Ауылда 250 орындық №126 орта мектебінде оқушыларға білім беретін 48 мұғалімнің 6-ы  жоғарғы біліктілік санатты,  8-і I-біліктілік санатты,12-і II-біліктілік санатты мұғалімдер. Педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-9, педагог -модератор-18.Мектебімізде 220 оқушы білім алуда.

2019 жылғы мектеп бітіруші 13 түлектің  5-і Ұлттық бірыңғай тестке қатысып, 4-і  жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант арқылы түсті, 1 оқушы облыс әкімінің грантын иеленді. ҰБТ-ға қатыспаған 8 оқушының 3-і ақылы негізде жоғарғы оқу орнына түсті. Серпін бағдарламасымен 1 оқушы колледжге, Мемлекеттік грантпен 1 оқушы колледжге, ақылы негізде 2 оқушы колледжге түсті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, 35 оқушыға  сумка, оқу-құралдары табысталды. «Бақ» шаруа қожалығы 10 оқушыға 160,0 мың теңге аудандық «Жалын» тынығу лагеріне тегін демалып қайтуға демеушілік жасады.

 «Гүлдер» балабақшасы 2018 жылдан бастап  «Гүлдер» бөбекжай балабақшасы болып өзгерді, жаңадан 1 топ ашылып, 1 мен 3 жас аралығындағы балаларды қабылдау жүргізілді.

«Гүлдер» бөбекжай балабақшасы 2019-2020 оқу жылында 3 топпен  (1-4жас) аралығында 70 бала қабылдадық. Балабақшада 11 педогог бар оның ішінде жоғары білімдісі 8, арнаулы орта білімді 3 педагог. 3 педагог І санатты, ІІ санатты 1 педагог қызметкерлер жұмыс жасайды.  2019 жылдың қыркүйек айында  екі педагог жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша  бір жарым  айлық курс оқып  білімдерін жетілдіріп,  Ересек «Балдырған» тобы балаларымен  жаңартылған бағдарлама бойынша  оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде. 13 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

Денсаулық саласы: Қалжан ахун фельдшерлік акушерлік пунктінде 2 орта буын қызметкері халыққа қызмет көрсетеді.

Қабылданған науқас 3452, үйге барып көру – 1877. Қайтыс болу көрсеткіші 2019 жылы - 8 адам болса, туу көрсеткіші - 25 бала болып отыр.

 Диспансерлік есепте тұратын науқастар мен 1 жасқа дейінгі балаларға тиісті көмектер көрсетілді. 

Мәдениет саласы: Клубта 4 үйірме жұмыс жасайды, оған 50 өнерпаз тартылған. 2019 жылдың 12 айында 40 шара өткізіліп, 4900 көрермен тартылды.

        Ауылымыздың өнерпаздары  ұйымдастырылған түрлі жанрдағы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың  33-не қатысып, 2-бас жүлде, 3- I орын,18-алғыс хат,  5- ІІІ орын, 1 жолдамаға ие болды.

 2019 жылдың ақылы қызмет көлемі 428,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

 Кітапханада 22275 кітап қоры, 663 оқырманы  бар және 8 орындық оқу залы бар. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 28 мәдени шара өткізілді.

 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау: Ауылдық округ бойынша 2019 жылы 517 экономикалық белсенді халық тіркелген. 2019 жылы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 72 адамның 22-ы жұмысқа орналасып, 26-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 1-і жастар тәжірибесінен өтті.

2018 жылы ауылдық округ бойынша 7 отбасының 43 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, қаржылай көмектер алса, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына 36 отбасы құжат тапсырды.

  Кәсіпкерлік саласы: Қалжан ахун ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлер субъектілерінің саны 53, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер 38, шаруа қожалықтары 15.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы құны 10,5 млн. теңге құрайтын 4 жоба қаржыландырылды.

«Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-гі  арқылы 4 жоба   құны 15,5 млн. теңге құрайтын «Балық шаруашылығы», «Мал шаруашылығы» жобасы қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша құны 9,3 млн.теңгенің 1 жобасы және кепілдендіру тетігі аясында 4,7 млн.теңгенің 1 жобасы қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының субсидия тетігі бойынша құны 15,8 млн.теңгені құрайтын «Мал шаруашылығын» дамыту бойынша жобасы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қаржыландырылды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы грант бөлу тетігі бойынша 6 ауыл тұрғыны  қатысып  2,5 мың. теңгенің жеңімпазы атанды. Атап айтқанда «Шаштараз» қызметін көрсету 2 адам, «Кондитерлік цех» 2 адам, «Мал шаруашылығы» 2 адам.

Қазіргі таңда аталған жобалар бойынша  кәсіпкерлер өз кәсіптерін жүргізуде.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 8 ауыл тұрғындары оқытылып 2 азамат  мемлекеттік бағдарлаға қатысып несиелендірілді және «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша 3 ауыл тұрғыны, 3 жас кісіпкерлер оқу курсын бітіріп, мемлекеттік бағдарламамен несиелендірілді.

Құрылыс саласы бойынша: 2018 жылғы есептік кездесуде жоспарланған елді мекендегі  ескі балабақша ғимаратын жөндеуден өткізіп, Үкіметтік емес ұйымдар мен учаскелік полиция инспекторының тірек бекетін және «Қазпошта» бөлімшесін орналастыру жұмыстары жоспарлаған болатын. Қазіргі таңда бос тұрған ғимарат 2019 жылы ағымдағы жөндеуден өткізілді. Қазіргі уақытта онда қазақша күрес үйірмесі, учаскелік полиция инспекторының тірек пункті, "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымы,  ауылдық Ардагерлер кеңесі бөлмесі,  шаштараз жұмыс жасайды.

 Сырдария ауданы паспортын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары бойынша, ЖСҚ жасалып, жөндеуден өтті.

Қоғамдық-саяси ахуал туралы. Есепті кезеңде ауылда  қоғамдық-саяси ахуал  тұрақты. Ауылда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Олар ауылда атқарылып жатқан барлық шараларға қатысып, өз үлестерін қосуда. Қоғамдық кеңестің ұсынысымен 2019 жылы 6  адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні арыз-шағымдар азайды.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

1. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

2. Ауыл халқы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы Сыбаға, Құлан, Алтын асық бағдарламалары арқылы мемлекеттен несиеге мал  алып, кәсіп ашуына қолдау көрсету;

3. Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуалды және тұрақтылықты қалыпты ұстап тұруға байланысты арнайы жасалған іс-жоспарды жүзеге асыру;

4. Кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық басқармасына тіркелуін және салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету;

5.Ауыл бойынша көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту;

6. №126 орта мектепке ішкі су жүйесі мен кәріз жүйесін жүргізу, әжетхана салуға, спорт алаңын жабдықтауға жобалық сметалық құжаттарын дайындауға ұсыныс беру;

7. Н.Шідербаев, Бейбітшілік көшелерін жарықтандыру, ауылдық клуб үйінің орындықтарын ауыстыру және жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын дайындау, Қайқы батыр және Н. Шідербаев көшелерін орташа жөндеу;

8. Елді мекенге бейнебақылау жүйесін орнатуға ұсыныс беру;

9. Ескі Бостандық каналын тазарту, су өткізу қондырғыларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу.

   

 

Категория: Әкімдердің халық алдындағы есебі
Көргендер: 42

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты