«Көгілдір отын» жеткізіле бастады

Жарияланды: 05 қазан, 2019 03:57

 Алдағы жылу маусымында сырдариялықтар газ тұтынады. Қазір «көгілдір отынға» қосылуға дайындық жұмыстары кент орталығы Тереңөзекте қарқын алды. 

Тұрғындар ауданға газ құбыры жүргізілгелі бері қысқа дайындықты бастап кетті. Олар отын-көмір емес, газ пешін сатып алуда. Биыл кентте 350-дей үй газға қосылады деп жоспарланған.

Аймақта газдандыру жұ­мысы қарқынды жүргізіліп келеді. Облыс орталығы маңындағы бірнеше ауылдар, сол жағалаудағы жаңа қонысты айтпағанда, аудан тұрғындары да «көгілдір отын» игілігін көруде. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры құ­рылысы аяқталғаннан кейін аудандарға газ жеткізу мүмкін болды. Нәтижесінде 2015 жылы Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласын газдандыру жұмысы жүргізілді.

Игі іс жүйелі түрде жалғасын табуда. Биыл Сырдария ауданында автомат­тандырылған газ тарату стан­сасының құрылысы аяқталып, кентішілік газ құбырларын жүргізу жұмысы қарқын алды. Жобаның құны – 2 млрд 442 млн теңге. Биыл республикалық бюджеттен 525 млн теңге, облыстық бюджеттен 14 млн теңге бөлінген. 2020 жылға қарай республикалық бюджеттен 1 млрд 680 млн теңге, облыстық бюджеттен 188 млн теңге бөлу жоспарланған.

Сондай-ақ, Сырдария ау­дандық бюджет есе­бі­нен 30 млн 854 мың теңге қаржы бөлініп, биыл кент орталығындағы 9 әлеу­меттік нысанның бу қа­зан­дықтары «көгілдір отын­­ға» алмастырылмақ. Бү­­гін­де газ желісін тұрғын үйлерге кіргізу жұмыстары жүр­гізілуде. Бұл мақсатта «Қы­зылордаГазМонтаж» бен «ҚазЭнергоПроектСтрой» серіктестіктері халыққа қыз­мет көрсетуде. Тұрғын үйге газ кіргізу бағасы 115 мың теңге болып белгіленген. Сондай-ақ, қаражатты бөліп төлеуге де мүмкіндік бар. Өзге өңірлермен салыс­тырғанда арзан баға мен төлеу механизмінің жеңілдігі тұрғындар көңілінен шығуда.

Қазір кент тұрғындары үйлеріне газ кіргізу жұ­мыс­тарына белсене кірісті. Ерте қамданғандар газ құбырын жүргізіп те алды. Кенттегі жұмыс жайын Сырдария аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Бахтияровтан сұрадық.

– «ҚызылордаГаз­Мон­таж», «Қаз­Энерго­Проект­Строй» ЖШС уақытпен са­наспай жұмыс істеуде. Себебі, тұрғындар тарапынан өтініш өте көп. Биыл 350 отбасы газға қосылады деп жоспарлаудамыз. Бүгінде 25 үйге газ құбыры тартылған,– деді ол.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 149

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты