«Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді

Жарияланды: 11 ақпан, 2020 11:10

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімді арттыру мақсатында, қоғамдағыөзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.

Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон KZ» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18  мыңнан аса азаматтарды қамтып, 2500-ден аса мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етті.
Осыған сәйкес, Сырдария ауданында бүгін  Тереңөзек кенті мәдениет үйінде, аудан әкімдігінің қолдауымен құрылған топ мүшелері азаматтардың өзекті мәселелерін қысқа мерзімде шешу, олардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялығын қамтамасыз ету мақсатында «Халық заңгері» азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді.
Қабылдау барысында жеке және заңды тұлғалар өз мәселелері бойынша сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Кейбір мәселелердің заң аясында шешілуі бақылауға алынды.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 15

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты