ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды: 01 ақпан, 2018 04:59

Құрметті кәсіпкерлер!

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауға қолдау көрсетуге бағытталған «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» құралына қатысуға шақырады. Жоба екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде еліміздің аумағында оқыту жүргізіледі. Қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз кәсіпорындарының дамуының бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті дағдылар мен білім алатын бизнес-тренингтер өтеді. Екінші кезең қатысушылар үшін шетелде ақысыз тақырыптық бизнес-тәжірибе жинақтаушылықтан өтуді көздейді, бұл сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мақсатында да жүзеге асырылады.
«Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
– Кәсіпорынның шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі болуы тиіс (табыстарының орташа жылдық көлемі 3 000 000 АЕК-тен және қызметкерлер саны 250 адманан аспайтын кәсіпорын);
– Кәсіпорынның ағымдағы қызметі экономиканың басым секторларының Тізіміне сай болуы тиіс;
– Қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан немесе кәсіпорынның жоғарғы және орта буыны басшыларынан төмен болмауы тиіс. Бағдарламаға кәсіпорыннан 1 адамнан артық қатыса алмайды.
Қатысуға асығыңыздар!
Анықтама телефондары: 8/7242/ 400202, 8/7242/ 400874, 8/72436/ 79179. Сall-орталық:1432
Қатысуға өтінімдер мен басқа да құжаттар Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Қонаев көшесі №12А-да орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалында қабылданады.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 282

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 тамыз 2018

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ...

16 тамыз 2018

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚА...

15 тамыз 2018

ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ...

14 тамыз 2018

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты