Ер еңбегін ел ұмытпайды

Жарияланды: 05 мамыр, 2019 06:18

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі А.Заппаров бастаған қызметкерлер тобы Ұлы Отан соғысының ардагері Бержанов Махамбет ақсақалды және қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының ата-анасын арнайылап құттықтау үшін Сырдария ауданында болды.      

94 жастағы майдангер Сырдария ауданында тұрады. Соғыс кезінде Забайкал әскери округі 36-шы армиясының  293-ші атқыштар полкінде Чита облысында әскери борышын атқарып, 1945 жылы жапон соғысына қатысқан. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында «Жапонияны жеңгені үшін» I дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес милициясына - 50 жыл» медальдарымен наградталып, «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Отставкадағы милиция полковнигі Бержанов Маханбет Бержанұлы ағамыз 1925 жылы Жалағаш ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген.

1948 жылы майданнан оралғаннан кейін, осы жылдың маусым айынан бастап, 1953 жылдың наурыз айына дейін  Жалағаш және Қармақшы аудандық милиция бөлімінің кіші жедел уәкілі лауазымынан бастаған.

Одан кейін 1954 жылдың маусым айына дейін КСРО ІІМ-нің Алматы қаласындағы мектебінің тыңдаушысы болған. 1954 жылдың маусым-тамыз айлары Арал аудандық милиция бөлімінің № 585 арнайы комендатурасының коменданты, 1963 жылдың ақпан айына дейін Арал және Жалағаш аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі, сонан соң Сырдария аудандық милиция бөлімінің аға жедел уәкілі және Сырдария аудандық милиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

1975 жылдың мамыр айынан бастап, Қармақшы АІІБ-нің бастығы лауазымында қызмет атқарып, 1983 жылдың мамыр айында шекті жасқа толуына байланысты ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шыққан. Бүгінде ардагер Бержанов Махамбет немере-шөбере сүйген ардақты ата.

Ұжымның арқа сүйер ардагерлерін сөз бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы құттықтады.

«Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардақты   ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету өскелең ұрпаққа парыз. Сіздердің майдан даласында, тылда қосқан еңбектеріңіз өлшеусіз. Болашақ ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман, ашық аспан, теңдесі жоқ ерліктеріңіз үшін  жеке құрам атынан алғысымды білдіре отырып, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болсын!» деген жылы лебіздерін білдірді Арыстанғани Расылханұлы.

Ардагерлер Кеңесінің төрағасы полиция полковнигі Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлы да құттықтау сөз сөйлеп, департамент қызметкерлері дайындаған сый – сияпаттарын табыстады.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының Полиция   департаментінде Ұлы Отан соғысының 2 ардагері, оларға теңестірілген 2 ардагер және 11 тыл еңбеккерлері қызмет атқарған.

Сонан соң, полицейлер не бары жиырма бес жасында өшпес ерлік көрсетіп, бейбіт өмірде өз өмірін қиып ел азаматын қорғап қалған, елінің каhарманы, II-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция лейтенанты Қозыбаев Талғаттың шаңырағына ат басын тіреді. Сақшылар Талғатты тәрбиелеген Есентай аға мен Шынар апа, ұлы Алматқа жылы лебіздерін, шексіз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.

Айта кетерлік жайт, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан  Талғат Қозыбаевтың есімі Сырдария ауданының Мәлібаев ауылындағы көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ, оның оқыған № 131 орта мектебінің ауласында ескерткіш орнатылып, мектеп сыныптарының біріне аты берілді.

Өткен жылдың естелігін ұмытпаған ұрпақтың болашағы жарқын болады. Қаһармандық танытып, Отан алдындағы борышына адал болған қазақ батырларының ерлігі тарих беттерінде өшпестей із қалдырып, ел жадында мәңгілік сақталады.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 147

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты