ЕЛБАСЫ БАСТАМАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Жарияланды: 07 наурыз, 2018 02:28

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Жиынға «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев және «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес қатысып, бес әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы жұмыс істейтін әрбір қазақстандық тиімді жолмен несиеге пәтер алуы үшін «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынды. Банктер бұрын бастапқы жарнаға  пәтер құнының 30 кейде 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарламада бастапқы жарна 20 проценттен аспайды. Ал өңірдегі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» директоры  Әділжан Рақымжанұлы бастаманы қолдауға дайын екенін айтты.

- Бағдарлама арқылы әрбір ел тұрғыны 7 проценттен аспайтын несие өсімінің мөлшерлемесімен, алғашқы жарна 20 пайыз көлеміндегі, несиелендіру мерзімі 25 жылға дейінгі баспанаға қол жеткізеді. Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен ҚР Ұлттық банк бірлесіп, бағдарламаның механизмі мен жүзеге асыру талаптарын дайындауы қажет. Бастаманы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қолдауға әзір. Себебі, банк осыдан 15 жыл бұрын Елбасы тапсырмасына орай құрылып, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін сәтті орындап келеді. Бүгінгі таңда 1 млн 68 мың қазақстандық «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» депозит ашқан. 173 мың 519 қазақстандық үйлі болды, − деді ол.

Елді елең еткізген бес әлеуметтік бастама ең алдымен жастарды қуантты. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес Елбасының әрбір Жолдауда жастарды назардан тыс қалдырмайтынын, «7 – 20 – 25» бағдарламасы, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту», 2018-2019 жылы қосымша 20 мың грант бөліп, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру бастамалары жастарды қолдау мақсатында жүзеге асатынын жеткізді. «Жастар әркез Елбасымыздың қамқорлығын сезініп келеді. Ендігі кезекте сенім артар жастар үмітті ақтауы тиіс",-дейді Талғат Оспанұлы.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 176

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 маусым 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛ...

22 маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты