ЕЛБАСЫ «АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ БОЛДЫ

Жарияланды: 04 сәуір, 2018 04:00

Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жоспарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа сәулет және логистика ғамараттарын салу кезінде қала құрылысы саласындағы әлемдік жетістіктерді зерттеп, оларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті қаладағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мәселесіне баса назар аударды.

– Біз 20 жыл ішінде Ұлы Даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала халқымыздың мақтанышына айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құрылысшылардың, сәулетшілер мен осы үдеріске атсалысқан көптеген адамның маңдай терінің жемісі. Біз биыл елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қонақтарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тартымдылығын, әсемдігін және тыныс-тіршілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетуіміз қажет, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі елорданы одан әрі дамыту және қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 264

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты