ДЕПУТАТТАР ЖАҢА РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жарияланды: 03 қазан, 2017 03:19

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың партиялық депутаттық фракциясының отырысында Елбасы Жолдауын және Конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы өзекті мәселе кеңінен талқыланды. Еліміз бойынша маңызды мәселені талқылауға аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, педагогтар, жастар, БАҚ өкілдері және аудандық мәслихат аппараты қатысты.

Алқалы жиынды аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов ашып, күн тәртібінде тұрған мәселе туралы жан-жақты баяндады.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті,-деді Ержан Ертарғынұлы.
Бүгін өзекті мәселе қаралып отыр,-деді талқылау барысында кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев. — Аға ұрпақ өкілдері латын әліпбиін өткен ғасырдың 20-30 жылдары пайдаланған. Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романының бірінші томы осы әліпбиде жазылғаны оған айғақ бола алады. Қазіргі таңда түрік алфавитінің аясы кең, жетекші орын алады. Ол алфавит тілді шұбарландырудан сақтайды. Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында көрініс тапқан латын әліпбиіне көшу бұл заман талабы,-деді ол.

-«Мәңгілік ел» болу үшін латын әліпбиіне көшу қажет. Қазақ текті халық. Бұл алфавитті де игеріп алып кетеді. Жастарымыз білімді, білікті, көрші Өзбекстан, Әзербайжан елдері латын әліпбиіне бұдан 15-20 жыл бұрын көшті. Олардың кемшіліктерін қайталамауымыз керек. Өркениет тілі болып саналатын ағылшын тілінің өзі латын әліпбиіне негізделген. Біздің жастар өздерінің білім, біліктерінің арқасында қандай асуды болмасын бағындыра алады. Рухани және технократиялық бағыттарды игере алатынына еш шек келтірмейміз,-деді талқылау барысында аудандық мәслихат депутаты Б.Есназар.
— 2006 жылдың өзінде Елбасы өркениет алфавиті латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшеміз деген болатын. Өйткені оны әлемде алдыңғы қатарлы 149 ел қолданады екен,-деді басқосуда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Есназар.
-Жастарымыз талантты, сондықтан латын әліпбиін үйренуде алғырлық, зеректік танытады деп сенемін. Сондай-ақ, талқылау барысында аудандық мүгедектер қоғамы төрағасының орынбасары Б.Жантүгелов, аудандық мәслихат депутаты Е.Жақып латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екендігін айтты.
Талқылауды аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов қорытындылай келіп: -Біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан басталады. Себебі: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру — біздің әлемдік өр­­ке­ниетке жетуі­міздің басты кепілі. Сонымен бірге жа­ңа әліпби бүкіл әл­ем қазақтарын бі­рік­­ті­ретін, түркі әле­­­мі халықтарын жақын­дастыратын өте маң­ыз­ды фактор.
Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің қабырғасында халық қалаулыларының «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» тыңдауы өтті. Онда арнайы құрылған жұмыс тобымен жаңа қазақ әліпбиінің жобасы таныстырылды. Әрине, бұл жоба болғандықтан қаріптің бір нұсқасын бекіту үшін бұл халықтық талқылауға салынып, еліміздің әрбір азаматы ойларын білдіріп, жетілдіруге өз үлестерін қосулары тиіс.
Нақты кезеңде реформаны көпшілікке ақпараттық түсіндіру мен насихаттау үшін белгілі қоғам қайраткерлері мен тіл мамандарынан және БАҚ өкілдерінен құралған аймақтық спикерлер пулы мен блогерлер тобы құрылып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.
Ендеше тілімізді түлетіп, елдігімізді ерекшелейміз десек, ұлттық санамызды оятып, болар іске баршамыз белсенділік танытуымыз керек. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 144

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

15 желтоқсан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне ора...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Сырдария аудандық балалар кітапханасының және «Жыр...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты