ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Жарияланды: 28 желтоқсан, 2018 05:28

Ел Президентінің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласы бойынша тың жобалар қолға алынып, сала жұмысы жыл сайын жетілдірілуде. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді.

Осының негізінде ауданда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жақында С.Сейфуллин ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушевтің қатысумен «Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу» туралы жиналыс өтті.

Жиналысқа С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиналыс барысында Д.Байдушев күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануға ықпал ететін шаралар қарастырып, жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу керектігін атап өтті. Жиналыс соңында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында ауыл әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 284

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты