ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2017

Жарияланды: 14 қыркүйек, 2017 11:33

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болашақтың айқын бағдары. Денсаулықты жақсарту үшін сала мамандары түрлі шаралар атқаруда. Өткен аптаның сенбісінде аудан көлемінде Салауатты өмір салтын қалыптас­тыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық Фестивалі – 2017» акциясы ұйымдастырылды.

Акция жұмысы спорттық жүру марафонымен басталды. Аудан тұрғындары спорт кешені алдында жиналып, Аманкелді Иманов көшесімен жүріп өтті. 100-ге жуық аудан тұрғындары орталық алаңға табан тіреді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров сөз сөйлеп, жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтады. Өз кезегінде Марат Жүсіпәліұлы шара маңыздылығына тоқталып, аудан халқын «Денсаулық Фестивалі — 2017» акциясына белсенді қатысуға шақырды. Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары М.Қалыбаева акция барысында өткізілетін мәдени-спорттық шаралар легіне шолу жасады. Акция барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды. Аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, спортттық билерден флеш-моб ұйымдастырды. Сондай-ақ тұрғындардың қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтар болсақ қазақ күресінен 60 келі және 60 келіден жоғарғы салмақтағы жеңімпаздарды анықтады. Тоғызқұмалақтан қыздар мен ұлдар арасында сайыстар өткізіліп, ой жүйріктері белсенділіктерін танытты. Қол күресі, гір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен жеке дара спортшылар жеңіске жетсе, арқан тартудан командалық жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстардан жүлдегер атанған спортшыларға бағалы сыйлықтар мен «Дип­ломдар» тапсырылды.
Акцияның негізгі бөлімінде тұрғындар Амбулаториялық -емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы дәрігерлеріне қаралып, аурушаңдық белгілері бойынша нұсқаулықтар алды. Бұдан бөлек қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары да көпшеліккке гигиеналық талаптарды түсіндірді. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 85

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты