БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП

Жарияланды: 11 сәуір, 2019 05:39

Соңғы жылдар Сырдария ауданының білім саласын үшін жарқын жетістіктерге толы жемісті болды.

Аудан ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде оқушылар биік белестерді бағындырып, аудан абыройын асқақтатты.

Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітірді. Олардың 216-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылындағы ҰБТ-ға қатысқан 216 түлектің 157-і мемлекеттік білім беру грант иегері атанса, 21 оқушы облыс әкімінің және 2 оқушы ректор грантын жеңіп алды.

Сонымен қатар, өткен жылы 20 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. «Үздік директор – 2018» байқауында №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің директоры Ж.Назаров жеңімпаз атанды.

Қазіргі таңда ауданның білім саласында 1 колледж, 5 мектеп-лицей, 12 орта мектеп, 17 мемлекеттік және 5 жеке балабақша, 6 шағын орталық жұмыс жасайды. Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағытында арнайы іс-шаралар жоспары белгіленіп, оқу ордаларында тәрбиелік мәні зор жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Айту керек, биылғы оқу жылында 220 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 148

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты