БЕРЕКЕЛІ АУЫЛДЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

Жарияланды: 09 шілде, 2019 10:58

 Сырдария ауданында Қалжан ахун Бөлекбайұлының есімін иеленген берекелі ауыл бар. Ауыл аудан орталығына жақын орналасқан. Ал, Қызылорда қаласынан есептегенде  арақашықтық шамамен 60 шақырымды құрайды.

Ауыл маңындағы медрессе елді мекен үшін ғана емес, аудан, облыс үшін де киелі орын болып саналады. Оның тарихы тереңде. Бұл өлкеде Қалжан ахун ұзақ жылдар халыққа білім беріп, діни насихат жүргізіп, қажырлы еңбек еткен. Руханият саласы дамыған ауылдың қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды. Оған мысал ретінде бірқатар жақсы нәтижелерді атап өтуге болады.

– Ауыл бойынша 720 адам экономикалық тұрғыда белсенді болып саналады. Ауылда 1144 тұрғын бар,- дейді ауыл әкімі Н.Қарсақбаев.

"Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығы" ауылдың өркендеуіне жаңа леп әкелді. Ауыл тұрғындары шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрып, мемлекеттің қолдауымен өз кәсіптерін ашуда. Бүгінде ауыл бойынша 41 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 5-і биыл ашылған. Ауыл тұрғындары "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына да белсенді қатысуда.

– Осыдан бірнеше жыл бұрынғы кезең мен қазіргі күнді салыстыруға келмейді,- дейді ауылдың байырғы тұрғыны Ө.Әбілов. Оның айтуынша, ауылға ерекше көңіл бөлініп, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Ендігі кезекте көгілдір отын келсе, ауыл халқы үшін зор қуаныш болмақ. 

Ауылда күріш егумен айналысатын бірнеше ірі шаруашылықтар бар. Оның ішінде "Бақ" шаруа қожалығында ауыл тұрғындарының басым бөлігі еңбек етеді.

– Шаруашылықта 40 адам жұмыс жасайды, олардың әрбірінің отбасында 5-6 адам бар екенін ескерсек, шаруашылық арқылы 250-дей жан берекелі тіршілік кешуде,- дейді "Бақ" шаруа қожалығының төрағасы С.Әбжалиев. Төрағасы маусымдық кезеңде жұмыспен қамту көрсеткіші артатынын және жұмысшыларға қаржылай сыйақылар берілетінін де айтты.

Қазіргі таңда ауылдағы ескі балабақша ғимараты жөндеуден өтуде. Ғимарат халықтың ұсыныс-пікірлеріне сәйкес, ауыл игілігіне жұмыс жасайтын болады.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 247

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ...

17 қыркүйек 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ...

17 қыркүйек 2019

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты