Басты бағыт – серіктестік жұмысын әртараптандыру

Жарияланды: 07 ақпан, 2020 11:04

«Қымбат және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылып, жұмыс жасап келе жатқанына бүгінде 15 жыл болды. алғашында бес-алты адам қызмет атқаратын серіктестікте қазіргі таңда 40-қа жуық қызметкер еңбек етеді. Аудан әкімі Руслан Рүстемов жеке кәсіпкер Қаржау Жұмахметов басқаратын серіктестіктің тыныс-тіршілігімен, атқарып жатқан жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен танысты.

Серіктестік басшысы Қ.Жұмахметов меке­менің негізгі қызметі электр энергиясы сала­сындағы құрылғыларды жөндеу, транс­форматорлардың сыртқы қалыбын дайындау, мекемелерге қызмет көрсету және көшелерді жарықтандыруға бағытталғанын айтты. Шеберханадағы құрыл­­­ғылармен та­ныс­тырып, барлық жұм­ыс­­­тардың техни­калық шарттарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Бүгінде қоршаған ортаны, жалпы адам­заттың тыныс-тіршілігін электр энергия­сынсыз елестету мүмкін емес. Бізге қажетті құндылықтардың басым бөлігі жарыққа тәуелді. Біздің мекеменің мамандары бесаспап десем де болады, бір маман бірнеше қызметті атқара береді. Бұл – нарықтың, бүгінгі күннің талабы. Соған сәйкес, басты бағытымыз – серіктестік жұмысын әртараптандыру, – дейді серіктестік басшысы.

Аудан әкіміне мекеменің шеберханасы, қой-малары, техникалары жөнінде мағлұмат берілді. Мұнан бөлек қызметтік бөлмелер таныстырылып, мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды.

– Мекеме құрылған уақыттан бері еңбек етіп келемін. Жалақымызды уақытылы аламыз. Жұмысымыз аса қиын емес. Қазіргі жастар еңбек етуден қашады. Көбісі мемлекеттік мекемеде жұмыс істегісі келеді. Техниканың тілін меңгеруді құп көрмейді. Мысалы, біздің серіктестікте 16 тонналық кран бар. Техниканы тек ұзақ жылдық еңбек өтілі бар жүргізуші ғана айдайды. Осыны жастар меңгеріп алса, тұрақты жұмыстан нәпақа табар еді. Бірақ оған құлшынбайды. Сондықтан мектеп пен үйде жастарға техникалық бағытта бағыт-бағдар берілуі керек. Өйткені жұмыссыз жүргеннен гөрі техника тізгіндеп, пайда тапқан артығырақ дейді, – «Қымбат және К» серіктестігінің бас инженері Ж.Кәрібаев.

Жұмысы сан алуан бағытты қамтитын мекеме қызметкерлері мал шаруашылығын дамытуға да ден қойған. Мұнда жылқы, сиыр, қой мен ешкі бағылады.

– Нарық талабы қатаң. Бір ғана саланы меңгер­сеңіз, ұтылып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан бірнеше саланы қатар алып жүру керек. Меніңше Үкіметтің кәсіп­керлікті әртараптандыру дегені осы. Біз тек жарықтандырумен ғана айналысатын болсақ, қосым­ша кіріс көздері азаяды. Сол себепті сұранысқа сәйкес облыстың барлық ауданында жұмыс жасаудамыз. Арал, Қармақшы, Жаңақорғанда көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргіздік. Аталған аудандар көшеге жарықшамдардың шығыны аз кететінін ауыстыру арқылы көп қар­жыны үнемдеді. Осы жұмыс Тереңөзек кентінде бастал­ғанымен, аяқсыз қалды. Тек бір-екі көшеге ғана үнемді жарықшамдар орнатылды. Егер осы бағытта ұсыныстар түсетін болса, біздің серіктестік жұмыс жасауғы ынталы, – деді серіктестік басшысы.

Өз кезегінде аудан әкімі Р.Рүстемов кәсіпкерлік нысанының әлеуеті кең екенін айтып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне серіктестік мамандарының ұсыныстарын талдап, нақты шара­лар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ жеке кәсіп­керлікпен айналысып, жергілікті азаматтарды жұмыс­­­пен қамтып отырған серіктестік жұмысына сәт­тілік тіледі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 10

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты