БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 14 желтоқсан, 2018 06:59

"16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні" мерекесі қарсаңында әлеуметтік желі арқылы аудан жаңалықтарын насихаттауға үлес қосқаны үшін бірқатар мамандар аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.

Аудан әкімі аппаратында өткен салтанатты шараға әлеуметтік желімен жұмыс жүргізуге бекітілген жауапты мамандар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Марапаттау салтанатында сөз алған аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова мен аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы шараға қатысушыларды аудан әкімінің атынан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Марапат биігінен көрінген мамандар арасында Аманкелді ауылы әкімі аппаратының әдіскері Нұрман Мүсілімұлы, аудандық қаржы бөлімінің әдіскері Сандуғаш Тұрлыбаева, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Айман Абдрасилова, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің статисті Ұлбосын Мұхамбетқалиқызы және бірқатар ауылдық округтердің мамандары бар.

Айта кету керек, аудан әкімінің баспасөз қызметі аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында 2018 жылдың есепті мерзімінде қазақ және орыс тілдерінде барлығы 553 жаңалық жарияланды. Жаңалықтардың басым бөлігі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар, іс-шаралар, аудан әкімінің құттықтаулары және облыс жаңалықтары.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

#Қызылордаоблысы
#Сырдарияауданы
#16желтоқсан


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 288

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты