АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

Жарияланды: 24 маусым, 2019 12:42

 Сырдария ауданында қазақ сатирасының сардары Асқар Тоқмағамбетовтің есімін иеленген ауыл бар. Ауыл аудан орталығына жақын орналасқан. Соңғы жылдары елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып, ажарлана түсті.

– Бірнеше жыл бұрынғы ауылмен қазіргі ауылды салыстыруға мүлдем келмейді. Мемлекеттің қолдауымен көп жұмыстар атқарылды. Ең бастысы, халықтың ертеңгі күнге деген сенімі артты,- дейді ауыл әкімі Ғ.Алданазаров.

Ауылдағы шаруашылықта жүздеген тұрғын еңбек етеді. Шаруашылықты білікті басшы Меңдіғали Есжанов басқарады. Іскер азамат ауылдың тыныс-тіршілігіне етене араласып келеді.

Елді мекенде 850-ден астам экономикалық белсенді халық бар. Орта мектеп, балабақша, ауылдық клуб үйі, емхана, пошта, кітапхана қызмет көрсетеді. Нысандардың барлығы ақиық ақынның 100 жылдық мерейтойында жаңғыртылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 111

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты