КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды: 26 қаңтар, 2019 06:21

Көпір салу – сауапты іс, халыққа берері мол игілікті жұмыс. Бұл бағытта Сырдария ауданында үлгілі үрдіс қалыптасқан. Соңғы жылдары ауданда көпір құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бәрімізге белгілі,«Ғасыр жобасы» аталып кеткен Сырдария өзенінің көпір құрылысы 2014 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінде аталған көпір аудан орталығы мен шалғай ауылдарды байланыстырып, сауда-экономикалық жұмыстардың артуына ықпалын тигізуде. Сонымен бірге, 2015 жылы аудандық бюджет есебінен 150,0 млн.теңгеге Тереңөзек кенті И.Тоқтыбаев көшесіне «Әйтек» каналына көпір салынды. Тереңөзек кентінде «Майжарма» деген канал бар. Аталған каналдың тұсындағы Б.Момышұлы көшесінде 130-ға жуық отбасы тұрады. Көше тұрғындарының көпірге қатысты мәселесі бюджет қаражатынсыз-ақ шешілді. Құны 25,0 млн.теңге болатын жаңа көпір салынып, бірлікпен, ынтымақпен, ел азаматтарының ауызбіршілігімен тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды. Көпір асарлатып салынды. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолындағы «Жаңадария» каналына көпір салуға 124 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар 2018 жылы аяқталады. 2018 жылға «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолындағы екі көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді.


ЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ХАТТАР

Сырдария ауданындағы Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолдағы «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 239,43 млн.теңге бөлінген болатын. Бүгінде тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. Соған сәйкес, аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне ауыл тұрғындарының атынан алғыс арқалаған хаттар келіп түсуде. Сол хаттардың бірқатарын әлеуметтік желіде жариялауды жөн көрдік.

АТҚАРУШЫ БИЛІККЕ АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

Ауылымызға кіреберіс маңға көпір салу ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе еді. Сол мәселе биыл өз шешімін тапты. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені, сапалы көпір арқылы көлік қатынасы кеңейді.
Бұрын ауыл тұрғындары көпір мәселесінен көп қиындық көрді. Ауылға қыстың күндері отын, көмір тиелген ауыр жүк көліктерінің келуі халықты әбігерге салатын. Міне, осы мәселені аудан басшысы 2017 жылы қолға алып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал етті. Сондықтан атқарушы билік өкілдеріне ерекше алғыс айтамыз.

Ермек Әлжіков,
ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛДЫ

Көпір – салу сауапты іс. Оның ішінде ауыл мен ауылдың байланыстыратын үлкен көпір салудың маңызы зор. Сондықтан сауапты іс жасап, елге қажетті жұмысты сапалы үйлестірген барша азаматтарға айтар алғысымыз шексіз.
Көпір салу жұмысына жергілікті азаматтар көптеп тартылды. Мердігер мекеме жоспарлы жұмыстарды уақытылы, сапалы аяқтады. Ел тілегі қабыл болып, аудан басшылығының арқасында құрылыс ел игілігіне қызмет етуде. Ауылымыз дами берсін!

Сабыр Сүлейменов,
ауыл тұрғыны.

КӨПІР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР

Ауылға кіреберіс маңдағы «Жаңадария» каналына жаңадан көпір салу қажеттілігі ұзақ жылдардан бері айтылып келе жатқан болатын. Аудан әкімі 2017 жылы ауыл халқының бұл өтініші орындалатынын айтып, сүйіншілеген еді. Міне, сол күнге де жеттік, яғни көпір салынып, ел игілігіне жарап тұр.
Ұзындығы 60 метрден асатын көпірден қазіргі таңда күніне жүздеген көлік өтуде. Автокөлік жүргізушілері өз ризашылықтарын білдуруде. Жалпы, ауылымыздың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Лайым, «берекелі Бесарық» атанған туған жеріміз гүлденіп, көркейі берсін!

Акбар Ақжігітов,
ауыл тұрғыны.


БІРЛІКТІҢ НЫҒАЮЫНА, БЕРЕКЕНІҢ ТАСУЫНА ДӘНЕКЕР БОЛҒАН АЛТЫН КӨПІР

2014 жылдың 20 қыркүйегі аудан тарихында алтын әріппен жазылды. Неге десеңіздер, дәл осы күні Сырдария өзеніне салынған көпір салтанатты түрде ел игілігіне қолданысқа берілді. Ғасыр жобасы саналатын маңызды нысанның құрылысына 2 млрд. 511,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Осылайша, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Іңкәрдария, Ақжарма, Шаған, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Қоғалыкөл, Айдарлы, Жетікөл, Бесарық, Аманкелді елді-мекендерінің тұрғындарына аудан орталығына іркіліссіз қатынауға жол ашылды. Бірліктің нығаюына, берекенің тасуына дәнекер болған алтын көпір Сырдария ауданының әлеуетін арттырып, тыныс-тіршілігін кеңейтуде.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 325

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты