«KEREMET» ҚОҒАМДЫҚ МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды: 06 ақпан, 2019 05:45

АПТАНЫҢ АЯҒЫ ЖАҚЫНДАҒАНДА АДАМ ЖҰМЫСТАН ШАРШАП, БІР СЕРГІП АЛҒАНДЫ ҚАЛАЙДЫ. АЛ СОЛ ШАРШАҒАНДЫ БАСУДЫҢ БІР ЖОЛЫ МОНША ЕКЕНІ АНЫҚ. МОНША ТЕК СЕРГУГЕ ЕМЕС, БАСТЫСЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҚАЖЕТ. ӘСІРЕСЕ, ҚАЗІРГІДЕЙ ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ МОНШАНЫҢ ПАЙДАСЫН ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. СОЛ ҮШІН МОНШАНЫҢ ЖАҚСЫСЫН ІЗДЕЙТІНІ ДЕ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. БҰЛ ОРАЙДА, ТЕРЕҢӨЗЕКТІКТЕР ТАҢДАУ ЖАСАЙТЫН «KEREMET» ҚОҒАМДЫҚ МОНШАСЫ СОЛ ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫНА САЙ.

Кент орталығында жақында ғана ашылған моншаға бүгінде келушілер қатары көп. Заманауи құрылғылармен жабдықталып, бүгіннің талабына сай болғандықтан адамдардың үздіксіз келетіні түсінікті. Негізі, бұл бизнес көзін жеке кәсіпкер Мейрамбек Бахторазов жүзеге асырды. Ол мұны отбасылық бизнес ретінде іске қосып, қос ұлымен халыққа қызмет көрсетуде. Оның құрылыс жұмыстарын өздері жүргізіп, барлығын талапқа сай салған.
Монша 35 адамға арналған. Ішінде барлық санитарлық тазалық сақталған. Кіре берісте киім ілгіш шкаф, орындықтар арнайы қолдан жасалған. Одан кейін ыстық бу бөлмесі де жан рахатын сезіндіреді.
– Бұл бөлмеге қатты ағаштарды арнайы тапсырыспен алдырдық. Іші ылғалданғанда тоқ соқ­пауы үшін 36 кВт жарықты қауіпсіздік үшін орнаттық, – дейді кәсіпкер. Будан шыққан соң орыс моншасындағыдай мұздай суы бар шелек қойылған. Монша ішінде арнайы бары да бар. Бір сөзбен айтқанда, монша атына заты сай болып тұр.
Тұрғындар көңілінен шыққан соң кәсіпкер адамдардың көп келетінін айтады. Тіпті, жақында ғана ашылса да көршілес Жалағаш ауданынан келушілер бар екен. Біздің мақаламыздың тақырыбын «Моншаға тегін түсіреді» дегеніміздің де мәні бар. Себебі, М.Бахторазов мүмкіндігі шектеулі жандардың моншаға тегін түсуіне жағдай жасауда.
Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 241

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты