«САМҒА» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды: 12 ақпан, 2019 05:00

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жобаны табысты жүзеге асыру аясында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар жылының қарсаңында «Самға» жобасын бастады.
Жобаның негізгі мақсаты жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету және оқушыларды, студенттерді, жастарды кәсіпкерлікке жан-жақты бейімдеу. Нарық талабын үйрете отырып, кәсіптің жаңа қырларын меңгерту.
Жобаның басым бағыттарына тоқталатын болсақ:
- Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жастарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Қоғамның әсіресе жастар арасында әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;
- Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту;
- Жастарға цифрлық және интернет бизнесінің қыр-сырларын үйрету;
- Кәсіпкерлік саласында кеңес беру, оның ішінде көшпелі кеңестер беру;
- Жастар жобаларын іске асыруға жан-жақты көмек көрсету;
- Жобаларды және бизнес идеяларды патенттеуге көмек көрсету;
- Жобаларды қаржы институттарымен интеграциялау;
- Кәсіпкерлік саласында жастарды үйлестіру, әртүрлі іс-шаралар мен консультациялық қызметтер өткізу;
-Кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен бизнес тренингтерге қатысу үшін жастарды қамтамасыз ету.
Аталған қызметтер жастарға ақысыз негізде көрсетіледі.
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қолдауымен 2017 жылдың 30 қаңтарында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады.
Орталықта кәсіпкерлерге жер мәселесі, сәулет және құрылыс, мемлекеттік кірістер, қаржыландыру институттарын қаржыландыру шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетудің 70 түрін «бір өтінім» қағидатымен ақысыз негізде көрсетеді.
Кездесу барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес: «Жұмыссыздықтан құтылудың даңғыл жолы, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту. Жобаның басты мақсаты да осыны көздейді. Жоба аясында түрлі бағытта жұмыстар жүргізілетін болады», - деді.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 28

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 ақпан 2019

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ...

20 ақпан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...

19 ақпан 2019

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР...

19 ақпан 2019

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ...

19 ақпан 2019

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік)

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік) ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты