АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды: 17 қыркүйек, 2019 12:44

 Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлының қатысуымен облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісі өтті. Онда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы, міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыруды енгізудің дайындық барысы және 2019 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен оперативтік мәселелер бойынша мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалуы қаралды.

2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын.
«Аталған бағдарлама тарихымызды тану ғана емес құндылықтарымызды қадірлеу арқылы қоғамды, жастарды алдағы кезең талаптарына сай тәрбиелеудің қайнар көзі болып саналады»,-деді аймақ басшысы.

Осы бағдарлама аясында облыста атқарылып жатқан мәселелер туралы облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов баяндады.

«Бағдарламаны жүзеге асыруда тікелей және ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізу үшін типтік ережеде мақсаттар, міндеттер және индикаторлар айқындалған, арнайы жобалар белгіленген. Олар - «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі», «Ауыл – ел бесігі». Облыста 6 басты бағыттан, 7 арнайы жобадан тұратын бағдарламаны және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобаны жүзеге асыруды бағыттау, бақылау, сараптау үшін «Рухани жаңғыру» орталығы құрылды, «Жол картасы» жасалып, облыс әкімімен «іс-шаралар жоспары» бекітілді»,-деді Н.Байқадамов.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер - міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыруды енгізу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов, жаңа оқу жылындағы мектептердегі оқу барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, егін жинау бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Мүбараков, жылу маусымына дайындық жұмыстары жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин баяндады.

Аймақ басшысы аппараттық мәжілістің қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
#Сырелі
#ҚызылордаОблысы
#Қызылорда

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 69

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты