АЙМАҚТА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ 100% БОЛДЫ

Жарияланды: 08 ақпан, 2018 02:31

Қызылорда облысында  60597 бала саны бар 659 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі жаңа құрылыс, балабақша ғимараттарының кері қайтару және жекеменшік балабақшалардың ашылуы есебінен артуда. 2012-2017 жылдар  аралығында  республикалық бюджеттен 2520 орындық 9 балабақша, облыстық  бюджеттен 1270 орындық 13 балабақша салынып, пайдалануға берілді.

Балабақшалар ғимараттарын кері қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаңақорған ауданының Байкенже және Жаңарық ауылдарындағы 50 орындық,  Қызылорда қаласының Талсуат кентіндегі 90 орындық, Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық, барлығы 470 орындық 5 балабақша ғимараты қайтарылып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында, аудан орталықтарында және елді мекендерде  жекеменшік балабақшалар  ашылуда.  Қызылорда қаласында – 204, Жаңақорған ауданында – 76, Шиелі ауданында – 64, Жалағаш ауданында – 14, Арал ауданында – 13, Қазалы ауданында – 11, Қармақшы ауданында – 8, Сырдария ауданында – 4 жекеменшік балабақша жұмыс жасауда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Жалағаш ауданының Таң ауылында 90 орындық жеке балабақша ашылып, жұмыс жасауда.

2017 жылы 9 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі 180 орындық 2 балабақша («Айгөлек» және «Ертөстік») пайдалануға берілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 62,4%-ды құрады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% болды.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 61

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 ақпан 2018

Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!...

19 ақпан 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолда...

17 ақпан 2018

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ МЕН ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Бақытжан Сағынтаев инвестициялар тарту мен экспортты қолдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді...

17 ақпан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Облыс орталығындағы "Евразия" спорт кешенінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар ме...

16 ақпан 2018

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №14-1-1-3)

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №1...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты