АЯҚ КИІМ ЖӨНДЕУ ШЕБЕРІ

Жарияланды: 11 қаңтар, 2019 03:51

Аяқ киім тігу және жөндеу жұмыстарының тарихы тереңде. Кәсіптің бұл түрі үлкен қалалардың барлығында бар. Осы ретте, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы аяқ киім жөндеу шеберханасы ауыл халқына ғана емес, аудан тұрғындарына да қызмет көрсетуде.

Расында да қала орталығында "Тез арада аяқ киім жөндеу" деген хабарландырулар көп. Ал, аудан, ауылдарда мұндай жұмыс түрімен санаулы азаматтар ғана айналысады. Кейде тіпті ауылдағы жұртшылық аяқ киімдерін жөндету үшін қалаға сабылады.

Берекелі Бесарық ауылының тұрғыны Дәулет Жақыпов аяқ киім тігу, жөндеу және ретке келтіру жұмыстарына икемді. Ол бірнеше жылдан беру осы жұмысты кәсіп көзіне айналдырған. Кәсіпкер "Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы" аясында өз жұмысын кеңейтті. Ол "Атамекен" ҰКП Өңірлік филиалы арқылы қайтарымсыз несие ұтып алды.

Д.Жақыповтың әкесі де етікші болған. Яғни, ол бұл жұмыстарды сапалы атқаруды өз әкесінен үйренген. Өз кәсібі туралы ой қозғаған жас ауыл тұрғындары тарапынан сұраныс жоғары екенін айтты. Сонымен қатар, жаңа құрал-саймандар алғанын атап өтті.

Жақында ол сұраныс көлемінің артуына байланысты ауылдасы Е.Байкенжеевті жұмысқа алды. Қазір шеберханада өзінің ұлы Дамир де етік тігудің қыр-сырын үйренуде. Ол да әкесінің ізін жалғағысы келеді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 165

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты