АУЫЛДАР ДАМИ ТҮСЕДІ

Жарияланды: 28 ақпан, 2019 04:48

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде партияның және ел азаматтарының алдына нақты мақсаттар қойды. Солардың ең бастысы – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды уақытылы, сапалы орындау. Яғни, жан-жақты дамыған, өркендеген әлеуметтік бекем мемлекетке айналу.

Елбасы әлеуметтік сала шығындарын төмендетпеу, мұқтаждарға көмектесу керектігін баса айтты. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, бюджеттік саланың, атқарушы органдардың аз табысты қызметкерлерінің жалақысын көтеру де назарда. Жаңа үйлер құрылысына қыруар қаржы бағытталып, тұрғындар оған жеңілдіктер арқылы қол жеткізе алмақ.

Міне, осы жоспарлардың іске асуына партия басты қозғаушы күшке айналуы керектігі айтылып отыр. "Нұр Отан" жастар үшін де ең маңдайалды әлеуметтік сатылау негізі бола алуы керек. Бұл жоспарлар мен тапсырма, міндеттемелер таяу болашақтан зор үміт күттіреді. Тек оған біртұтас ел болып тізе біріктіре еңбек ету қажет!


Берік Ахметов,

Тереңөзек кентінің тұрғыны

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 71

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты