АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

Жарияланды: 18 қаңтар, 2019 04:46

Елбасы Жарлығына сәйкес, атқарушы билік өкілдерінің есепті кездесуі Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағамбетов ауылындарын өтті.

Жиынға облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Ауылдарда өткен кездесу жиынында аудан басшысы Ғ.Қазантаев ауданның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы туралы баяндама жасады.

Аудан әкімі ерекше эономикалық жағдайға қарамастан өткен жылы аудандағы мәдениет, білім саласы ғимараттарын толық жаңартылғанын және әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілгенін атап өтті. Алда тұрған мақсат-міндеттер туралы айтып, аудандағы бекем бірліктің арқасында үстіміздегі жылы да қарқынды жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Жиында Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағамбетов ауылындарының әкімдері мен ауылдық учаскелік полиция инспекторлары жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 279

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты