АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 14 желтоқсан, 2018 06:58

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен "Сырдария – бірлігі жарасқан іргелі аудан" тақырыбындағы аудандық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында өткен шараға эссе байқауының жеңімпазы атанған оқушылар мен олардың жетекшілері, аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары, қазылар алқасының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Марапаттау салтанатында сөз алған аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

– Біз бүгін егемен еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында бас қосып отырмыз. Баршаңызды аудан әкімінің атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Өздеріңізге белгілі, аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлының қолдауымен аудан әкімінің баспасөз қызметі аудан көлеміндегі мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында "Сырдария – бірлігі жарасқан іргелі аудан" тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Аудандық эссе байқауының жеңімпаздарын анықтау мақсатында арнайы қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасының құрамында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы болды. Білікті мамандар келіп түскен 14 шығарманы оқып, талдап, тиісті ұсыныс-пікірлерін айтып, жеңімпаздарды анықтады. Міне, бүгін жеңімпаз оқушыларды және олардың жетекшілерін марапаттауға жиналып отырмыз,-деген аудан әкімінің баспасөз хатшысы жеңімпаз оқушыларға және олардың ұстаздарына аудан әкімінің атанан "Алғыс хат" және естелік сыйлықтар табыс етті.

Айта кету керек, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп оқушысы Жұмабаев Арман Алтынбекұлы аудандық эссе байқауының І орын иегері атанды. ІІ орынды №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектеп оқушысы Наурыз Ақниет Наурызқызы иеленсе, ІІІ орын №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей оқушысы Биғалиқызы Динараға берілді. Эссе байқауының жеңімпазы атанған оқушыларға Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің қазақ және орыс тілдеріне аударылған кітабы берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

#Сырелі
#Сырдарияауданы
#Эссебайқауы


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 87

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 қаңтар 2019

2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды

2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды...

17 қаңтар 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (17.01.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

17 қаңтар 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

16 қаңтар 2019

ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ...

16 қаңтар 2019

Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты