АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛЫП, "МАЙЖАРМА" КАНАЛЫНА КӨПІР САЛЫНУДА

Жарияланды: 01 қазан, 2019 10:33

 Тереңөзек кентінің тұрғындары бірнеше жылдан бері "Майжарма" каналының А.Әлиакбаров және С.Усабаев көшелерімен түйісетін тұсына көпір салу жөнінде өтініш айтып, мәселе көтеріп жүрген болатын.

Бұл мәселе аудан әкімінің былтырғы жылғы есеп беру кездесуінде де айтыпып, аудан әкімінің баспасөз қызметі тарапынан демеушілік есебінен көпір құрылысы жүргізілетіні арнайы ақпараттандырылған еді.

Аудан әкімі Р.Рүстемовтің жұмыс кестесіне сәйкес өткен айда өткізілген Тереңөзек кентінің тұрғындарымен кездесуде де көпір мәселесі қайта көтірілді. Кездесу қорытындысында аудан басшысы "Майжарма" каналына көпір салу жұмыстарын жеделдетуді, құрылысты сапалы жүргізуді, тұрғындардың талап-тілегін ескеруді тиісті сала абсшыларына тапсырған болатын.

Міне, "Көп түкірсе – көл" демекші, демеушілер есебінен қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жұмысқа аудан көлеміндегі кәсіпкерлер де белсене атсалысуда. "Бастысы тұрғындардың талап-тілегін орындау, сауапты іске үлес қосу" дейді көпір салуға көмек көрсетіп жатқан азаматтар.

Айта кету керек, берекел іске бейім аудандағы жүйел жұмыс нәтижесінде "Майжарма" каналына салынып жатқан көпір жақын күндері пайдалануға берілмек. Бұл кенттегі көлік қатынасын реттеп, жүйелендіреді деп күтілуде. Бірлігі бекем аудандағы бұл жұмыс халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын білдіреді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 117

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты