АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨЗГЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
Жарияланды:
12 қараша, 2019 05:51
АУДАН ӘКІМІНІҢ ӨЗГЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
Бүгін мекемелер үйінде аудан әкімі Р.Рүстемовтің қатысуымен «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елім бар» тақырыбында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген әртүрлі этнос өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында этнос өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, ауданымызда этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы шараларға тоқталып, ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, әр этностың ұлттық киімдерін тігу, Достық үйі жанынан шығармашылық жұмыстар жүргізуге арналған бөлме ашу жөніндегі ұсыныстар болды. Аудан басшысы Р.Рүстемов тиісті бөлім басшыларына айтылған мәселелерді қарап, ұсыныс енгізуді тапсырды.
Жалпы ауданымызда 17 этнос өкілі бар. Бүгінде кентте Достық үйі және этнос өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдау мақсатында этнобағыттағы «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Достық үйінде Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы, 12 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 17000-ға жуық кітап қоры бар кітапхана, медиация кабинеті, түрлі форматтағы шараларды өткізуге арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залы, үкіметтік емес ұйымдарды компьютерлермен, телефонмен, фотоаппаратпен және т.б. қажетті заттармен қамтамасыз ететін ресурстық орталық орналасқан. Жыл сайын аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы «Түрлі этнос өкілдері арасында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында аудандық бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Көргендер: 63
Пікірлер
Жаңалықтар
06 желтоқсан 2019
Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...
04 желтоқсан 2019
СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...
04 желтоқсан 2019
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...
04 желтоқсан 2019
А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІА.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...
Сауал
Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.