АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Жарияланды: 30 тамыз, 2019 13:20

 Ардақты ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Азаттықтың алтын арқауына айналған Ата Заң – Тәуелсіздікпен теңдес киелі ұғымға айналды. 1995 жылы жалпыхалықтың референдум негізінде қабылданған Ата Заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін зор абыроймен еңсердік. Конституциялық қағидаларды берік ұстанудың негізінде заңдардың қызмет аясы кеңейіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қарқынды дамуына жол ашылды. Бүгінгі күндегі барлық жетістіктеріміз Конституцияның және соның негізінде қабылданған заңнамалардың іс-әрекетінің нәтижесі. Сондықтан қазақ елінің баянды болашағы жолында даму мен бейбітшілікке өзек болған Ата Заңды ардақтау – әрбір азаматтың парызы.

Ұлан-ғайыр жерді мекендеген халқымыздың басты байлығы – бірлік пен ынтымақ. Ал, мемлекеттің ең басты құндылығы адам және оның бостандығы болса, оның тірегі – Ата Заң. Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен,
Р.Рүстемов,
Сырдария ауданының әкімі

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 300

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты