АУДАН ƏКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Жарияланды: 08 наурыз, 2018 04:13

Ардақты аналар!
Қадірлі қыз-келіншектер!

 

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күніменен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке. Көктем мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі – ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.

 

Аяулы аналар!
Қымбатты арулар!

 

Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Қазақстанымыз көркейе берсін!

 

Құрметпен, Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы,
Сырдария ауданының əкімі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 128

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

20 маусым 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері тура...

20 маусым 2018

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты