АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды: 10 сәуір, 2018 04:13

Кеше аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралып, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров хабарлама жасап, бөлімнің 2017 жылы және 2018 жылдың І-тоқсанында атқарған жұмыстарын баяндады. Екінші мәселе "Ветеринарлық станса" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарған жұмыстарына арналып, мекеме басшысы Н.Дәулетбаевтың баяндамасы тыңдалды. Ал, үшінші мәселе бойынша аграрлық-техникалық колледж директоры Д.Қожахметов баяндама жасап, колледждің былтырғы жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына жүктеліп, нәтижесі бойынша қатаң шаралар қабылданатыны ескертілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 359

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты