АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды: 01 қазан, 2019 10:35

 2019 жылғы30 қыркүйек күні аудан әкімі Р.Рүстемовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде негізгі 3 мәселе қаралды.

1. Аудан жастарының шетелдік теологиялық білім беретін оқу орындарына баруларының алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижелері және оларға отандық діни оқу орындарында оқуға түсіндірме жұмыстарының барысы. Сондай-ақ жастар (мектеп оқушыларын қоса алғанда) арасында жалпы діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытта атқарып жатқан жұмыстар туралы;

2. Тереңөзек кенті және Аманкелді ауылдық округіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы;

3. Облыс және аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссиялардың алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдердің іске асырылуы туралы.

Комиссия отырысында күн тәртібіне қойылған мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 116

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты