АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды: 27 қыркүйек, 2019 10:27

 Пошта және телекоммуникация мекемелері тәулік бойы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сондықтан аталған мекемелердегі жұмыс сапасы, мамандардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде болу керек.

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов "Қазпошта" және "ҚазақТелеКом" акционерлік қоғамының Сырдария аудандық филиалдарының жұмысымен танысты.

"Қазпошта" АҚ Сырдария аудандық филиалында бүгінде 50 қызметкер жұмыс жасайды. Аудан бойынша 12 елді мекенде пошта мекемесі бар. Бүгінгі күнге аудандық филиал арқылы жалақы алатын 28 мекемемен келісім-шарт жасалған және 150-ден астам жеке кәсіпкерге қызметтер көрсетілуде.

Осы және басқа да мәліметтерді баяндаған аудандық пошта мекемесінің басшысы Ғ.Кенжебаев аудан әкіміне заңды тұлғаларға қызмет көрсету, сәлемделемелер жөнелту, қаржылық аударымдар жасау бөлмелеріндегі жұмыс барысын таныстырды.

Мұнан кейін аудан басшысы "ҚазақТелеКом" акционерлік қоғамының Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының Сырдария желілер техникалық учаскесінде болды.

Аталған мекеменің басшысы Е.Аймахан мекеменің телефон нүктелерін орнатумен, интернет құрумен, ID TV желілерін жүргізумен айналысатынын айтты.

Сонымен қатар, түрлі байланыс кабельдері де осы мекеме арқылы жүргізіледі. Бүгінде мекемеде барлығы 27 маман жұмыс жасауда.

Тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың жұмысымен танысу барысында аудан басшысы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету ортақ міндет екенін айтып, мекеме қызметкерлерінің жұмысына жеміс тіледі. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі іс-шараларға қатысып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе еңбек етуге шақырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 31

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты