AУДАН ӘКІМІ ТИІСТІ САЛА БАСШЫЛАРЫНА ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жарияланды: 01 қазан, 2019 10:28

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және электр торабы мекемесінің жұмысымен танысты.

Аудан басшысына аталған мекемелердің басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын мақсат-міндеттер жөнінде баяндады.

– Бүгінде аудандық электр торабы мекемесінде электр энергиясын есептеу бөлімі және оперативті диспетчерлер, шұғыл іс-әрекет жасау, №1, №2 тарату топтары жұмыс жасайды. Меменің негізгі міндеті – тұтынушыларға үздіксіз электр тогын жеткізу, трансформаторларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, электр эергиясын тұтыну мен есепке алу және талдау, технологиялық заңбұзушылықтарға мониторинг жасау болып табылады. Қазіргі таңда бекітілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деген электр торабы мекемесінің басшысы Әділ Темірбаев әуе желілері бойынша барлығы 17,5 шақырымды жаңарту жоспарланғанын жеткізді.

Аудан әкімі Р.Рүстемов мекеменің жұмысы маңызды әрі жауапты екенін айтып, жұмыс сапасын арттыру, тұрғындар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштерді жедел шешуге жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Мұнан кейін аудан басшысы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты. Бөлім бастығы Асхат Оразбеков төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтып, мекеменің техникалық қамтамасыз етілуі бойынша мағлұмат берді.

Жалпы 35 қызметкер еңбек ететін мекемеде 1 камаз, 1 урал, 1 Зил өртке қарсы қызмет көрсету техникалары бар. Мұнан бөлек мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімінде кәсіби біліктілігі жоғары өрт сөндірушілер еңбек етуде. Бөлім тарапынан тұрғындарға орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың себебі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау басты назарда болу керек екеніне назар аударып, өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігін көтеру үшін арнайы жоспар құрып, оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 32

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты