АУДАН ӘКІМІ РУСЛАН РҮСТЕМОВ ЕРКІН ФОРМАТТА АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды: 02 қазан, 2019 04:02

 «Жастар жылы» аясында жүргізілген жұмыстарды нақтылау, аудан жастарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау, жастардың бастамаларын қолдау тетіктерін кеңейту мақсатында бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Болашақ –жастардың қолында» тақырыбы аясында аудан жастарымен кездесті.

Еркін форматта өткізілген кездесуге кент және ауылдық округі әкімдері, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиал мүшелері, ауданға қарасты ауылдық округтердің белсенді жастары, жастар ұйымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен тиісті сала басшылары қатысты.

Кездесуді аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Ғани Оралов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде аудан әкімі Руслан Рүстемов 2019 жылдың «Жастар жылы» ретінде жариялануы ел жастарына көрсетілген айрықша қолдау екенін айтып, аудандағы жастар саясатының жүргізілу барысы жөнінде мағлұмат берді.

– Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында жастарға ерекше мән берді. Мәселен, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды Үкіметке тапсырды. Келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыру 20 миллиард теңгеге жеткізіледі. Сондай-ақ, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау,барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту,спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керектігін айтты. Ал бизнеспен айналысамын деген жастарымыз үшін мемлекет алдағы уақытта да қолдау көрсете береді,-деген аудан басшысы жастарды өздерінің мүддесі үшін емес қоғам мүддесі үшін қызмет етуге шақырды.

Кездесуде аудан жастары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, аудан басшысына сұрақтар қойды. Айдарлылық Ө.Есболатов ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды спортқа баулу бағытында спорттық құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетуді сұраса, аманкелділік жас Н.Абдрасилов еркін форматағы кездесу ауылдық округтерде де ұйымдастырылса деген ұсынысын жеткізді. Басқа да жастар өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікірлерін білдірді.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берген аудан басшысы Руслан Рүстемов жас буын өкілдеріне ізденісті серік етіп, әркез білімдерін жетілдіріп отыру керектігін айтты. Сондай-ақ, төртінші өнеркәсіптік револиюция кезеңіндегі дамудың жаңа белестерін бағындыру үшін жастар білімді ғана емес, білікті болуы қажеттігіне назар аударып, жаңа мамандықтар бойынша білім алудың маңыздылығын атап өтті.

– Сапалы ұлттық адами капитал – әр жастың тұлға және маман ретінде қалыптасып, жетілуіне қатысы бар барлық салалардың тиімді жұмысынан құралатын ортақ нәтиже. Сондықтан, адами капиталды жақсарту - салааралық негіздегі жүйелі жұмысты талап ететін күрделі міндет. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бір де бір жасты назардан тыс қалдырмай, нәтижелі жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік ба. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді жастар тиімді пайдаланса, өмірден өз орнын табады, ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтайды деп ойлаймын,-деді аудан әкімі.

Сонымен бірге, кездесудің қорытындысында арнайы хаттамалық тапсырмалар беріп, оның орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты. Кездесуге қатысқан жастарға ризашылығын білдірген аудан басшысы жас буын өкілдеріне өмірде сәттілік, жұмыста жеміс тіледі.

–Бүгін Өздеріңізбен ашық сырласып, пікір бөлістік деген ойдамын. Айтар ойымыз ашық, сөйлер сөзіміз нық, істеген ісіміз нәтижелі болса, бұл біз үшін тағы бір белесті бағындыру болмақ. Сіздерге әрдайым үміт артып, сенім білдіріп отырамыз. Сондықтан, Сіздер де Өздеріңізге білдірген сенімге селкеу түсірмей, үмітті ақтайды деген ойдамын,-деген аудан басшысы кездесу соңында ағымдағы жылы орын алған төтенше жағдай барысында Арыс қаласын қалпына келтіруге ерікті түрде атсалысқан бірқатар аудан жастарын "Алғыс хатпен" марапаттады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 135

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты