Аудан әкімі "Құрметті азамат" атағын табыс етті

Жарияланды: 03 қаңтар, 2019 12:40

 

Тоқсан жылдық тарихы бар Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар тұлғаларға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиевамен бірге өмірі өнегеге толы жандардың шаңырағында болып, құрметті атақты табыс етті.

Аудан басшысы Ғанибек Қазантаев ең алдымен 90 жастағы еңбек ардагері Мауия Нақыбаеваның отбасында болып, ғибратты ғұмыр иесін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Еңбек ардагерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесіне тоқталып, жүріп өткен жолы көпшілікке үлгі екенін айтты. Сонымен қатар, ұзақ жылғы қажырлы еңбегіне құрмет есебінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп отырғанын жеткізді. Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы еңбек ардагері Мауия Нақыбаеваның атақты шопан болғанын айтып, «Республикаға еңбегі сіңген ауылшаруашылығы саласының қызметкері» атағын алғанын атап өтті. Өз кезегінде «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанған ақ жаулықты ана аудан басшылығына алғысын айтып, ақ батасын берді.

Аудан әкімі бастаған топ мұнан кейін еңбек ардагері Мария Бәйімбетованың үйіне бас сұқты. Ауданның құрылыс саласын дамыту бағытында адал еңбек еткен байырғы құрылысшыға да «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы ауданның құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталып, еңбек ардагерінің ізгілікті ісі өз жалғасын тауып жатқанын айтты.

– Сіздер құрылыс саласында қиын кезеңдерде еңбек еттіңіздер. Аудандағы ғимараттардың салынуына, ел игілігіне пайдалануға берілуіне үлес қостыңыздар. Қазіргі таңда Сіздердің бұл жүйелі жұмыстарыңыз өз жалғасын тауып келеді. Мәселен, жақында ғана көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 42 азамат қоныс тойын тойлады,-деген аудан басшысы қарқын алған құрылыс алдағы уақытта да бәсеңдемейтінін атап өтті.

Ашық-жарқын әңгіме барысында еңбек ардагері Мария Бәйімбетова аудандағы құрылыс жұмыстарының қарқындылығын баспасөз арқылы оқып отыратынын айтып, асар әдісімен көпір салудың Сырдария ауданында өзіндік үлгісі қалыптасқанын мақтаныш ететінін жеткізді. «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанған ананы «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева ауданның барлық қыз-келіншектерінің атынан құттықтап, зор денсаулық тіледі.

Халық арасында «Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген қанатты сөз бар. Таланттардың өлкесі саналатын аудан ақын-жазушыларға қолдау мен құрмет көрсетуде өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Мәселен, соңғы жылдары Сыр өңірінің қасиеті мен киесін өз шығармашылығына арқау еткен бірқатар ақын-жазушыларға, журналистика саласының майталмандарына «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Енді олардың қатарына шіркейлілік ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов қосылды. Ақынға «Құрметті азамат» атағын табыс еткен аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ақын Нұрмұхаммед Қанатбекұлының өлеңдерінде қазақ жігітіне тән өр рух пен қайсарлық, ақынға қажетті өмірге құштарлық пен шынайылық бар екенін айтты. Сонымен қатар, шығармашылығына сәттілік тілеп, алдағы уақытта талғам таразысы жоғары оқырман қауымға тамаша туындылар ұсынатынына сенім білдірді.

Жыл қорытындыланып, жаңа жылға қадам басар керемет тұста аудан әкімінің орынбасарлары Б.Лекеров, Е.Ахетов, Д.Байдушев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Я.Тасыров, М.Бержанов, Д.Сақтағановты және басқа да бірқатар еңбек ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің Құттықтау хатын және жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

 

Ақтөре Ибрагимұлы,

 

 

 

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 137

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты