АУДАН ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МАХАНБЕТ БЕРЖАНОВТЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды: 01 қазан, 2019 10:36

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен және аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікеновпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Маханбет Бержановтың шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін мерекесімен құттықтады.

Ардагерге мерекелік Құттықтау хатын және арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті.

– Біз Тәуелсіздікке ардагерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі жетістігіміздің барлығында алдыңғы буын өкілдерінің үлесі бар. Сондықтан мерекеде соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтау – біздің парызымыз. Биылғы жыл Сізге жақсылықтар мен қуаныштар алып келсін!,- деген аудан басшысы Жеңісті жақындатқан майдангерге зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.

Мереке аясында ерекше құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтқан соғыс және еңбек ардагері М.Бержанов ақ батасын берді. Атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 120

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты