АУДАН ӘКІМІ «ЭКО САҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АШЫҚ САБАҒЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды: 03 қазан, 2019 04:06

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Эко сағат» акциясы аясында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей оқушыларының ашық сабағына қатысты.

Аудан басшысы ашық сабақ барысында тазалықты ту етіп, саламатты өмір салтын ұстанған оқушыларға лекция оқып, әрбір азамат қоғамның тазалығына мән беріп, қолдан келсе, өзі өмір сүріп, дем алатын ортаны ластамауы қажет екенін айтты.

– Тазалық, оның ішінде қоршаған орта тазалығы – өмір сүру мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан әрбір азамат қоғамның тазалығына мән беріп, қолдан келсе, өзі өмір сүріп, дем алатын ортаны ластамауы қажет деп есептеймін. Өйткені, халқымызда «Тазалық табалдырықтан басталады» деген тәмсіл бар. Халқымыздың ең алғашқы экологы Асан қайғы жер бетін аралап, өмір сүруге қолайлы мекен іздеген. Сонда Сыр өңіріне де табан тірегенде алты Алашқа ана да, пана да болған қасиетті өлке туралы «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,- депті. Сол секілді Сырдың бойында мың көл бар. Ал, мың көлдің қасиетін тану, қадірін білу – баршамызға ортақ іс. Сондықтан өзіміз туып-өскен ортаны, Табиғат-ананы құрметтеуіміз керек. Осы ретте, «Эко сағат» акциясы уақытылы қолға алынған игі бастама. Мен аудан оқушылары осы акцияға белсене қатысып, қоғам тазалығына өз ұүлестерін қосады деп сенемін,- деді аудан басшысы.

Ашық сабақ барысында оқушылар тазалық туралы өз ойларын ортаға салып, арнайы әзірленген бейнекөріністі тамашалады. Сонымен бірге, түрлі тапсырмаларды орындап, экологиялық мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді.

Акция шеңберінде аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбеновпен бірге №36 Ә.Тәжібаев мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге білім ордасының ауласына тал екті. Егілген талды алдағы уақытта өзі қадағалап тұратынын айтқан аудан басшысы оқушыларды қоғам тазалығына атсалуға шақырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 30

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты